Елордада үш көлік соқтығысып, салдарынан әйел адам қаза тапты

Жаңалықтар
295
Астанада Мұхамедханов пен Омаров көшелерінің қиылысында автобус, жүк көлігі және жол талғамайтын көлік соқтығысып, ірі жол апаты болды, – деп хабарлайды madeniportal.kz.

Астана қалалық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апаты салдарынан бір әйел қаза тапты.

– Мұхамедханов-Омаров қиылысында жүк көлігі, жолаушылар автобусы және Toyota Prado көлігі соқтығысқан жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр, – деп жазды қалалық Полиция департаменті.

Жаңалықтар

Халыққа қызмет көрсету орталығында ер адамға Қазақстан азаматтығын ресейлікке ауыстырды деген себепп...

Жаңалықтар

Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров бокстан өзбек бапкері Акмал Хасановты қабылдап, Пари...