Қазақстандықтардың жеке дерегін сатпақ болған хакер сотталды

Қылмыс
320

Ақпараттандыру және байланыс саласында құқықбұзушылықтың жолы кесілді, деп хабарлайды madeniportal.kz.

«Қылмыстық кодекстің 147-бабы 3, 4-бөліктері, 205-бабы 2-бөлігі және 208-бабы 2-бөлігі 1-тармағымен қарастырылған қылмыстық құқық бұзушылықты жасауда кінәлі деп танылған Қазақстан азаматына қатысты Ақтау қаласы сотының үкімі заңды күшіне енді», деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.

Сотталған елдің ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының маңызды нысандары болатын мемлекеттік ақпарат жүйелеріне заңсыз қол жеткізуді жүзеге асырғаны тергеумен анықталды.
Фигуранттың ақшалай сыйақыға одан әрі үшінші адамдарға беру үшін ҚР азаматтарының жеке деректерін заңсыз алу фактісі толық дәлелденді.

Ол 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Қоғам

Әлеуметтік желіде танымал Мерей Әбілова тұңғышын дүниеге әкелді, деп хабарлады madeniportal.kz. Бұл...

Жаңалықтар

Атанадан Алматыға келісім шарт бойынша ауысқан сарбаз өзін-өзі өлтірген, деп хабарлады madeniportal....