«Өздеріңіз білесіздер, заңдарымызға сәйкес мен Тұңғыш Президент - Елбасы (Ұлт көшбасшысы) мәрт...
Премьер-министр «Жайлы мектеп» жобасын сынға алды
Үкімет отырысында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру барысы қаралды. Жиында Премьер-министр «Жайлы мектеп» жобасын іске асыруда шикіліктер барын айтты, деп хабарлайды madeniportal.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Премьер-министр ұлттық жобаны іске асыруда белгілі бір шикіліктер барын айтты. Атап айтқанда, Мемлекет басшысы учаскелерді бөлу және жобалық құжаттаманы әзірлеу қарқынын сынға алды. Осыған байланысты барлық проблеманы қысқа мерзімде жою тапсырылды.
«Құрылыс материалдарын, жабдықтар мен жиһаздарды сатып алу ісіне барынша отандық өндірушілерді тарту қажет. Жалпы Мемлекет басшысының жаңа форматтағы мектептер салу туралы тапсырмасын орындау үшін бар күшімізді жұмылдыруымыз керек», деді ол.
Айта кетейік Ұлттық жобаны іске асыруға республикалық бюджеттен 2,3 трлн теңге бөлу көзделген. 2023 жыл – 500 млрд теңге, 2024 жыл – 976,3 млрд теңге, 2025 жыл – 909,4 млрд теңге.
Оған қоса Үкімет басшысы салынып жатқан мектептерді алдын ала педагог кадрлармен қамтамасыз ету керек екенін айтты.
«Біз Ұлттық жобаны іске асыру барысын маусым айында қайта қараймыз. Егер жұмыс тәсілі өзгермесе, жауапты тұлғаларға қатаң шаралар қолданылады», деп түйіндеді Олжас Бектенов.