Валерий Меладзенің концертіне жалған билеттер сатқан азамат ұсталды

Қоғам
264

Ресейлік әнші Валерий Меладзенің концертіне алаяқтық жолмен жалған билеттер сатқан Алматы тұрғыны ұсталды деп хабарлайды,- madeniportal.kz.

Фото: polisia.kz 

Алматылық тыңдармандар  жалған билеттерді хабарландыру сайтынан жариялаған жарнамасына сеніп, сатып алып отырған.

Тергеу барысында күдікті бұған дейін Қазақстанға гастрольдік сапармен келген 50 Cent, Akon сынды шетелдік әртістердің концертіне де жалған билет сатқанын мойындады.  

Шындығында, күдіктіде ешқандай билет болмаған. Ол билет сататыны туралы хабарландыру жасап, адамдардан билеттің толық ақшасын алып алған. Кейін телефонын өшіріп,қоңырауларға жауап бермеген. Күдікті концерттен кейін де бірнеше билет сатқан”, –деді Алматы қаласы ПД Киберпол басшысы Игорь Пудовкин.

Жаңалықтар

Рота командирі оқу-жаттығу кезінде оқ жарақатын алған, деп хабарлайды Alash.KZ Ulysmedia.kz мат...

Жаңалықтар

Бұған дейін Астанада өнер көрсеткен қырғыз көкпаршыларының жетекшісі Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік...