Енді Қазақстандықтар Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмыс істей алады

Жаңалықтар
277

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің  кеңейтілген Алқа отырысында ведомство басшысы Светлана Жақыпова айтты, деп хабарлайды janabastau.kz.

kriadera.kz

Министрдің айтуынша, осы күндері басқа елдерде жұмыс істейтін Қазақстан азаматтарының еңбек және әлеуметтік құқықтарын қамтамасыз етуге қатысты 8 жаңа үкіметаралық келісімге қол қою жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

Қазақстанды Оңтүстік Кореяның жұмысқа орналасуға рұқсат беру жүйесіне енгізу бойынша тиісті шаралар қабылданды, – деді Светлана Жақыпова.

Сондай-ақ министр Қазақстан азаматтарының шетелде заңды еңбек қызметін ұйымдастыру үшін жеке жұмыспен қамту агенттіктерімен өзара іс-қимылды қамтамасыз етуді де жоспарлап отырғандықтарын айтты.


Жаңалықтар

Орталық референдум комиссиясы сағат 14.00-дегі жағдай бойынша учаскелерге келіп, дауыс берген қазақс...

Жаңалықтар

Мәжілістің бұрынғы депутаты, кейін оппозициялық саясаткер болған Төлен Тоқтасынов қайтыс болды, деп...