Элиталық топпен байланысы жоқ, бірде-бір жанжалға қатыспаған Премьер-министр кім

Жаңалықтар
306

фото: Ақорда

Бүгін Олжас Бектенов Премьер-министр лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды madeniportal.kz BAQ.KZ ақпарат агенттігне сілтеме жасап.

Жаңа Премьер-министр жайлы не білеміз? Оның еңбек жолымен қоса жеке қабілеті қандай?

1. Олжас Бектенов осы жауапты лауазымды абыройлы атқару үшін барлық қажетті құзыреттерге ие: ол Президент әкімшілігіндегі, өңірлерде де әртүрлі лауазымды қызметтерде жемісті еңбек етті. Сонымен қатар Олжас Бектенов сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігін басқарып, осы қызметте өзін лайықты тәжірибесін көрсете білді. Жан-жақты тәжірибесі бар Бектеновтың кандидатурасы қазіргі уақытта өзекті.

2. Мемлекет басшысы атап өткендей, Олжас Бектенов –ұйымдастырушылық қасиеттері мен қабілеттері жоғары, өте білімді азамат. Президенттің Бектеновтың жеке қасиеттерін жоғары бағалауы жаңа премьер-министрдің «Әділетті Қазақстан» тұжырымдамасын толық көлемде іске асыра алатынын және тиісті шараларды қамтамасыз ете алатындығының дәлелі.

3. Президент Үкімет алдына жаңа міндеттер қояды, атап айтқанда батыл шешімдер қабылдау, реформалар жүргізу. Дәл осы мақсатта премьер-министр лауазымына Олжас Бектенов тағайындалды, оның тәжірибесі, еңбек жолы және жеке қасиеттері қойылған талаптарға толық жауап береді.

4. Қазіргі динамикалық өзгерістер жағдайында министрлер кабинетін мемлекеттік басқару жүйесінің барлық аспектілерін білетін адам басқаруы керек. Олжас Бектенов осы санаттағы білікті мамандардың бірі. Оның әкімшілік лауазымдардағы, құқық қорғау саласындағы және өңірлердегі бай тәжірибесі елдің дамуына жаңа серпін бере алады.

5. Премьер-министр ретінде Олжас Бектенов бірден министрлер кабинеті жұмысының негізгі басымдықтарын белгіледі. Осылайша, ол Үкімет жұмысы заңның үстемдігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларға шоғырланатынын мәлімдеді. Бектеновтың құзыреті қойылған міндеттерді шешу үшін жеткілікті;

6. Олжас Бектенов бұған дейін бірнеше рет экономикалық мәселелерді шешумен бетпе-бет келген. Премьер-министр ретінде ол Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында экономиканы дамытуға баса мән беретінін атады. Ол сөз сөзінде жаңа экономикалық серпін беру, шын мәнінде жедел және шешуші шаралар қабылдау қажеттігін атап өтті.

7. Президент әкімшілігінің басшысы лауазымы стратегиялық жоспарлаумен байланысты және әртүрлі лауазымдарда белсенді жұмыс тәжірибесін талап етеді. Олжас Бектенов осы жауапты лауазымда өзінің құзыреттілігін дәлелдей алды, өзін ауқымды мемлекеттік науқандарды жоспарлау кезінде стратег, сондай-ақ, реформатор ретінде көрсете алды. Оның тікелей қатысуымен Президент әкімшілігінің құрылымы оңтайландырылды. Бұл ретте, үкіметтің жұмысы жылдам және икемді болады деп күтеміз. Президент Әкімшілігінде жинақталған тәжірибені жаңа премьер-министр оңтайлы пайдаланады.

8. Бектеновтың қызметі «Еңбек адамы» тұжырымдамасына толық сәйкес келеді: өз ісінің кәсіби маманы, «еңбек адамы» бола отырып, Олжас Бектенов бірде-бір «саяси топпен» байланысы жоқ, мансаптық биіктерге дербес қол жеткізе алды. Ол жаңа лауазымда өз дағдыларын қолдана алады және Үкімет қызметінде, сондай-ақ «Әділетті Қазақстан» қағидаттарын іске асыруда толық заңдылықты қамтамасыз етеді деп күтілуде.

9. 2017-2018 жылдары Олжас Бектенов Ақмола облысы әкімінің орынбасары лауазымында экономикалық бағытқа жетекшілік етті. Мемлекет басшысы былтырғы Жолдауда экономикалық блокты дамытуға ерекше назар аударғанын ескерсек, экономикада және өңірлерде тікелей тәжірибесі бар адамды тағайындау қисынды болып табылады. Президенттің жаңа экономикалық саясатын іске асыру үшін жаңа көзқарас қажет.

10. Экономикалық реформалар жүргізу кезеңінде елімізге Олжас Бектенов сияқты мықты ұйымдастырушы және шаруашылық жүргізуші қажет. Республикалық және өңірлік ауқымдағы түрлі лауазымдарда жұмыс істеген көп жылдық тәжірибесінің арқасында Бектенов өзін Антикор басшысы ретінде де, ПӘ басшысы ретінде де тиімді менеджер және білікті ұйымдастырушы ретінде көрсете алды. Сондықтан Олжас Бектенов іс жүзінде Мемлекет басшысының міндеттерін орындай отырып, нақты іс-әрекеттерге көше алады.

11. Олжас Бектеновтің бірде-бір элиталық топпен байланысы жоқ. Ол басынан бастап қатардағы маманнан ҚР ПӘ басшысына дейінгі қызметтік жолды жүріп өтті. Сондай-ақ, Олжас Бектенов қызмет атқарған жылдары бірде-бір жанжалға қатыспағанын және тәртіптік жаза алмағанын атап өту керек.

12. Олжас Бектеновтың осы жоғары лауазымға тағайындалуы елден заңсыз әкетілген капиталды қайтару мәселесін ілгерілетуге мүмкіндік береді. 2022 жылы Антикор басшысы лауазымын атқарған кезінде Бектенов Қазақстанға 500 млрд теңгеден астам капиталды қайтаруға қол жеткізді, бұл республика үшін бұрын-соңды болмаған көрсеткіш. Министрлер кабинетінің басшысы лауазымында бұл жұмыс сөзсіз жалғасады және жандана түседі.

13. Олжас Бектенов өзін сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрескер ретінде танытты. Оның абырой-беделі таза әрі биік. Премьер-министр лауазымындағы мұндай адам барлық салаларда тәртіп орнатып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайта алады.

14. Олжас Бектенов заңдылықты қамтамасыз ету бойынша шешуші және тиімді шаралар қабылдай алады: оның құқық қорғау органдарындағы жұмыс тәжірибесі, сондай-ақ құқықтық білімі заң мен тәртіп қағидаттарының толық сақталуының кепілі болып табылады.

Спорт

2024 жылғы 7-12 қазан аралығында Астанада грэпплингтен әлем чемпионаты өтеді. Жарысқа әлемнің 30-дан...

Сұхбат

Instagram мен TikTok-та мұғалімдер мен оқушылар жайлы қызықты видеоларымен таныла бастаған ер мұғалі...