Сенаторлар вандализм үшін жауапкершілікті қатаңдатуды ұсынды

Жаңалықтар
407

Сенатор Андрей Лукин өзінің депутаттық сауалында еліміздегі вандализмнің жиілеп кеткені туралы мәселе көтерді. Депутат 2023 жылы бес мыңнан астам тұрғын абаттандыру ережесін бұзғаны туралы деректі жария етті. Тәртіп бұзушылар жасыл желек пен ағаштарды жойып жіберді, аялдамалар мен лифттерді бұзды, басқа да инфрақұрылымдық және көшедегі сәндік нысандарды қиратты, деп хабарлайды madeniportal.kz. 


«Бір кездері Маңғыстау облысындағы Ыбықты сай шатқалының қабырғасына есімін балға-қашаумен ойып жазған мәдениет саласы шенеунігінің әрекеті жұртшылық арасында дүмпу туғызған болатын. Сонда ол адамдарды осылай жасауға кім итермелейді? Әрине, бұзақылардың әрекеті заң бойынша қудаланады және тәртіп бұзғандарға айыппұл салынуы да, қамауға алынуы да мүмкін. Тиісті заңнамалық түзетулер өткен жылдың басында қабылданды. Дегенмен, тәжірибе көрсетіп отырғандай, қолданыстағы шаралар жеткіліксіз болып отыр», - деді сенатор.

Андрей Лукин Парламент депутаттары вандализм көріністері үшін жауапкершілікті одан әрі күшейту мәселесін пысықтап жатқанын, сондай-ақ Үкіметке онымен күресу тетіктерін ұсынғанын хабарлады.

«Вандализм үшін жауапкершілікті күшейтуді және заңнамаға тиісті өзгерістер енгізуді ұсынамын. Сонымен бірге, қазіргі уақытта вандализмге қарсы күрес негізінен құқықтық салада жазалау арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан халықаралық оң тәжірибені пайдалану мүмкіндігін қарастыру және вандализмнің алдын алуда креативті индустрия өкілдерінің қатысуын пысықтау маңызды. Олар өз өнімдері арқылы жаңа жағдайдың алдын алуға, халықтың, әсіресе жастардың мәдениетін көтеруге ықпал етеді, мұндай әрекеттердің заңсыздығын қолжетімді тәсілдермен түсіндіре алады», - деді депутат.


Жаңалықтар

Биыл 15 қазаннан бастап Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында ақылы автотұрақ қымбаттайды, деп...

Спорт

2024 жылғы 7-12 қазан аралығында Астанада грэпплингтен әлем чемпионаты өтеді. Жарысқа әлемнің 30-дан...