Қызылжарда Мағжан Жұмабаевқа ескерткіш орнатылды

ӘДЕБИЕТ
1767

Қызылжарда Алаштың аяулы ақыны Мағжанға еңселі ескерткіш орнатылды.

Ескерткіштің ашылу рәсіміне Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов, Қазақстан жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет, Мағжан Жұмабаевтың туысы Лейла Жаңабаева, «Мағжан көктемі» IV республикалық фестивалінің бірінші орын иегері Аяхбай Дінмұхамед қатысты.

«Менің анам Мағжанның немере жиені, ол үнемі атамыздың қазақ мәдениетінде мәңгілік із қалдырған ұлы адам екендігін айтып отыратын. Анам 2011 жылы Колымдағы экспедицияға қатысып, Мағжанның өлімін растайтын деректерді іздеді. Атыраудағы 93 жастағы ақсақал Колымда онымен бірге болғанын және 1951 жылы Мағжанның тірі болғанын растап отыр. Ол лагерьлердегі журналдарды тапты. Онда Жұмабаев тегімен, бірақ басқа есіммен жазылған бір адам тіркелген екен. ФҚҚ архивтерінде ондай болуы әбден мүмкін екендігін айтты», – деді Ләйлә Жаңабаева.

Ол Жұмабаевты ұмытпай ескерткіштің ашылуына қатысып отырған облыс басшылығы мен тұрғындарға алғыс білдірді. Ескерткіштің авторы танымал қазақстандық мүсінші Едіге Рахмадиев. Ескерткіште креслода отырған Мағжан Жұмабаевтың қола мүсіні бейнеленген. Мағжан Жұмабаев Бекенұлы – Мағжан (Әбілмағжан) Бекенұлы 1893 жылы 25 маусымда Солтүстік Қазақстан облысы, қазіргі Мағжан Жұмабай ауданы, Сасықкөл жағасында дүниеге келген. Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің жарық жұлдызы. Айта кетейік, биыл ақынның туғанына 125 жыл толып отыр.


madeniportal.kz

author

Мағжан Жұмабаев

КОМПОЗИТОР

Жаңалықтар

Шерзат Полаттың туыстарының құқығын қорғайтын адвокат Карина Көшербаева қанды оқиға болған түні дүке...

Жаңалықтар

Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев Талғардағы Нұрымовтар әулетінің басындағы ауыр жағдайды Ішкі істер...