Пар ат жеккен пәуескедегі жолаушылардың Семейден шыққанына бүгін екінші күн. Пәуескеде үш адам. Бір...
Файзулла Төлтай. «Мағжан Жұмабаевтан кейін»
2782
ı Қараңғы, дауылды түн cap далада, Патшалық құрған өлім айналада. Шыраққа қолымдағы от тұтаттым, Үмітпен біразырақ деп: «Жана ма?» Тұрса да қара бұлттар көктен төніп, Соқса да жел жынданып, өршеленіп, Мың шүкір, әлсіз қолда әлсіз шырақ Жылтырап жанған боп тұр, қалмай сөніп. Бұйырса, шырақ сөнбес, ұзақ жанар, Жарығы болмаса да жан таң қалар. Сәулелі аспанда алтын, күміс нұрлы Айбынды Күн мен Айға дәл парапар. Менсінбес жөпшеңдіні көп маңғаздар, Тең таппай, кекеп, мұқар сансыз паңдар. Қайрылып қарамасын - «қап!» демеймін, Табылар шыраққа көз салар жандар. ІІ Қараңғылық қоюланып келеді, Пеш ішінде шоқ ақырын сөнеді. Қызық көріп жанымдағы жас бала Сөнген шоқты үреді де, күледі. Шоқ үстінен кішкене ұшқын ұшты да, Біразырақ шоқ қызара түсті де, Дереу сөніп, тезірек күлге айналды, Астындағы ыстық күлді құшты да. Пеш ішінде шоқ ақырын сөнеді, Сөнген шоқты үріп бала күледі. Ой басты ма? Әлде көзім талды ма, Мөлт-мөлт етіп көзіме жас келеді. ІІІ Сап-сары бел, Еседі жел, Еседі. Еседі жел, Көшеді ел, Көшеді. Дала бұйық, Бала тұйық – Екі үнсіз. Дала – жұмбақ, Бала – жұмбақ Шешусіз. Сап-сары бел, Еседі жел, Жел есед. Дала – жұмбақ, Бала – жұмбақ, Кім шешед? ІV Бүктетіліп жатқан бел Сүтке тойған марқадай. Бұйра қою қарағай Белге біткен шалқалай. Су жеп қойған жұмыр тас Түйір-түйір малтадай. Арнада өзен қылықты Қылмаңдаған қалқадай. Тайызға біткен құба тал Мойындағы алқадай. Жер еркесі жер мынау, Шер қалар ма тарқамай? V Жиіленді қара орман Қарағай, қайың аралас. Мәңгі мылқау кәрі орман Көктегі күнмен шамалас. Аппақ кебін бүркеніп, Мылқау орман түс көред. Жел аза боп, өртеніп, «Әпсүн» оқып үшкіред. Мәңгі мылқау кәрі орман, Былқ етпейді, түс көред. Жел мінезді ессіз жан – Маған түрлі ой келед. Ұйқтасам мен орман боп Тәтті-тәтті түс көріп, Бетімнен тұрса жел жүріп, «Әпсүн» оқып үшкіріп. VІ Жарық сәуле, Айды, Күнді көрмеймін, Жарты өлік, толық өмір сүрмеймін. Қуанышты, азат жүрген халықтың He істегенін, не дегенін білмеймін. Қор болды ғой қалың қайрат, есіл күш, Абақтыда қолдан келер қандай іс? Ұйқы тілеп, көзді зорға жұмамын, Амал қанша, жұбанышым жалғыз түс. VІІ Қажыдым енді, күш бітті, Көңілсіз, салқын, күн бұлтты, Жел бұйығып тербелед, Әлдекімнің өлгенін, Оны қалай көмгенін Әңгіме ғып күңіренед. Жел, күңіренбе, жасың тый, Өлім күйі – тәтті күй, Балқиды жаным бұл күйге. Мені де, өлім, әлдиле, Әлдиле, өлім, әлдиле! . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . Түркия, Денизли. 05.08.2023