ПРЕЗИДЕНТ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫН ҚҰРУ ТУРАЛЫ ЖАРЛЫҚҚА ҚОЛ ҚОЙДЫ

Жаңалықтар
1143

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Оңтүстік Қазақстанның орталығын Түркістанға ауыстыру туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды madeniportal.kz  Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Жарлыққа қол қою рәсімі кезінде Астана және Алматымен қатар Шымкенттің тұрғындар саны 1 миллионнан адамнан асатын қазақстандық қалалар қатарына кіргенін айтты.

«Қазақстан Республикасы әкімшілік-территориялық құрылымы туралы» заңның 3-бабы 1-тармақшасына сәйкес бүгін мен қол қойып отырған Жарлық Шымкенттің республикалық мәртебесін бекітеді. Бұл әкімшілік бірлік еліміздің 17-аймағы болады. Облыс орталығы ғасырлар бойы Қазақ хандығы мен түркі әлемінің саяси және рухани өмірінің жүрегі болып келген Түркістан қаласы болады», - деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев жаңа құрылған Түркістан облысы жаңа әкімшілік міндеттерді сапалы іске асыруға қажетті мүмкіндіктердің барлығына ие екенін айтты.

Президент сонымен қатар, жаңа шешімнің тарихи маңызына да тоқталды.

«Шымкент инвестициялар, технологиялар және интеллектуалдық ресурстарды біздің елге ғана емес, тұтас Орталық Азия аймағына тартатын жаңа орталық болады. Бұған қажет барлық шарттар мен әлеует бар», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы Шымкенттің республикалық мәртебе иеленуі оның әрі қарай дамуына жағдай жасап, қалаға жаңа да айрықша мүмкіндіктер ашатынына сенімді екенін айтты.

«Бұл қадам қаланың қалыпты әлеуметтік-экономикалық жаңғыруына тұрақты серпін беріп, бүкіл аймақ тұрғындарының өмір сапасын жақсартуға жағдай жасайды», - деді Президент.

Қол қою рәсімі соңында Мемлекет басшысы Президент әкімшілігіне, Үкіметке және облыс әкімдігіне Жарлықты сапалы әрі жедел іске асыру және жергілікті мемлекеттік органдар мен ұйымдардың тұрақты әрі тиімді жұмысын қамтамасыз ету жөнінде нақты тапсырмалар берді.

Жаңалықтар

Марбург вирусы тудырған жаңа қауіпті инфекцияға байланысты Қазақстанды эпидемиологиялық жағдайды бақ...

Жаңалықтар

Алматыда 53 жастағы қала тұрғыны алаяққа алданып қалды, деп хабарлайды madeniportal.kz. ІІМ-нің мәл...