Әмірхан Балқыбек. Бұл әдеби алып есімді тұңғыш рет елгезек құрбымыз Нұрқанат Нұрақыновтан естідім. Б...
Ертұрған Жұмақанұлы. Мөрленген ұрпақ
Мен туған жерден алысқа аттанған алғашқы сәтімде қатты қуанған едім. Бала кезімде, ылғи да бір ауылдан алысқа кетіуді арман ететұғынмын. Туған елге ат басын тірегенімде, отанымды сүйемін деп, туған топырақ, сені ұмыт қалдырдым.
Туған жер сенен кешірім сұраймын…
Қазір тұғырлы елімде жүріп, туған жерімнің бір шымшым топырағын аңсап зарыққанда, кеудеме запыран сағыныш тұнып, жанарымнан еріксіз қос тамшы үзіліп түседі...
Туған ел, сенен кешірім сұраймын, туған топырағымнан артық сені сүйе алмайды екенмін...
Біз, қатал сағыныштың кермек дәмін татсын деп үкім шығарып мөрленген, маңдайы тайқы ұрпақтар екенбіз ғой...
Кешір бізді, Мұрат
Ата-әжем әлі күнге күрсініп, әңгіме етіп отырады. Көрші Ермек апамыз жұма сайын марқұмдарға құран оқытқанда, бірінші Жаратушыдан, екіншісі ашаршылық жылдары жоғалған егізінен кешірім сұрап отырады дейді.
Кешір бізді Мұрат, әке-шешемді, мені кешіре гөр...
Құдай сақтасын!
«Бұл тостты сенің құрметің үшін және өмірге келген раушан гүліңнің құрметіне алып қоялық деді», – Арсен күркірей сөйлеп.
Қызың анасы сияқты болсын деген ізгі тілекті де атап өтті.
Үстел шетінде қошеметшілерге сыпайы қызмет көрсетіп, жас сәбиін құшағына алып отырған желбике жеңгей үнсіз күбір етті. «Құдай сақтасын!».
Екі түрлі тәрбие
Алаңқайдағы ақ зәулім үйдің ішінде жас ана сәбиін аялай құшақтап емірене еркелетіп әлдилеу үстінде. «Әлди-әлди, ақ бөпем, ұйықтай ғой құлыным! Әкеңді сағынып жатырсың ба? Ол да ұзамай келеді, қазір майданда жау әскерлерін қырып жүр. Жеңіске жеткен соң ақ қасымызға құстай ұшып жетеді, ұйықтай ғой құлыным». Былдырлаған бал тілді сәби күлімсіреп, рахаттана балбырап ұйқыға кетті.
Ядролық соққыдан қорғану функытының, яғни, жерасты метросында сығылықсқан қалың адам ішінде жас ана сәбиін әлдилеп отыр. «Құлыным сол, көзімнің нұры жалғызым. Әкең біз үшін, халқы үшін басқыншылар қолынан қаза тапты. Ол батыр болды, сенде оның абыройын асқақтатын ержүрек бол!» деп көзінің жасын сығып, құшағындағы баласын барлық жаманшылықтан қорғағысы келгендей қатты құшақтап құныса түседі..
Қоғам екі түрлі ұрпақ тәрбиелеп жатыр...
Соңғы күнделік
Cексеннің үшеуіне келген Джек ,өзін 40 жасында ақ өлдіге шығарған еді. Бұл оның соңғы жазған күнделігі болатұғын.
Тәнім тірі, рухым өлу үстінде. Ішімдегі бір ашкөздік мендегі бар қазынаны, қарқұрдымның айналадағы планеталарды өзіне жұта бастағаны іспетті, бойымдағы адами құндылықтарды бірінен соң бірін тартып алуда.
Әуелі ақиқатымды жоғалттым, өтірік сөз егістік атыздарындағы арам шөптердей қаулап өсті. Өзімнің өзгелер алдындағы абыройым үшін немесе өзгелердің өзімді құрметтеуі үшін. Олар қажет ететін көңілім сөйлемесе де, аузым көпіріп айтатын жалған сөздер айттым. Жүректен шығатын шын сөз, аузымнан өтірік болып құбылып шықты...
Мейрімімді жоғалттым. Жүрегім бейне суық мұз іспетті. Істеген жақсылықтарым, жанымның тебірене жасаған шынайылығы емес! Көше бойында қайыр тілеген, тізесінен төмен кесілген тұқыл аяғын көрсете көмек сұраған кембағал жанға көзімнің қырын жайғана бір салып, бар болса қалтамдағы тиын тебенімді беріп, жоқ болса оған назарымдыда салмастан. Кердеңдей басып, қасынан өте шығамын. Ешқашан оған бірауыз жылы сөз айтып, қал сұраған емеспін. Көшенің қараңғы бұрыш бұлтарыстарында ішімдік бөтелкесін құшақтап, бүрісіп жатқан адамдарды Мен ұмытқалы қашан? Олардың тағыдынан гөрі, мені үйдегі сүйкімді мысығым Мили қатты алаңдататын еді. «Қарны ашып қалмады ма, жоқ, мен жұмыста болғанда бірдеңеге ұшырап қалмады ма» деп уайым шегетінмін.
Сенімімді жоғалттым, мен екі жүздімін. Құдайдан қорыққан мен оны ешқашан сүйген емеспін. Менде дін бар, бірақ керісінше менде құдай жоқ! Неге?
Ел алдында жақындарым алдында жасамайтын жаман әдеттерді, Құдай көріп тұр-ау деген сана шырақшысының мазалауынсыз жасай беремін. Себебі, мен Құдайдан, Құдай сыйлаған ар намыс алдында ешқашан ұялған емеспін. Мендегі ұят жұрт алдындағы абыройдан айырылмас үшін жасалатын харекет іспетті.
Осы адами құндылықтарды жоғалтқан мен – өлген адаммын...
Тәнім тірі болғанмен ішкім рухым азғындаса, мен адам емеспін...
Бір өкініштісі, соңғы 43 жылда Джек әлі тірілмеді ме?!
Мәдениет порталы