Қазақстандық балет жұлдыздары шуақты Грузияда

ТЕАТР
753

«Астана Опера» балет труппасының жетекші солисі Арман Уразов пен балет солисі Шұғыла Әдепхан Закария Палиашвили атындағы Тбилиси мемлекеттік опера және балет театрының сахнасында зор табыспен өнер көрсетіп, грузиндік көпшіліктің қошеметіне ие болды.

25 ақпанда қазақстандық балет жұлдыздары әлемдік хореография жауһары – Людвиг Минкустың «Дон Кихот» спектаклінде Базиль мен Китридің басты партияларын таныстырды. Сондай-ақ қойылымға грузиндік театрдың балет труппасының әртістері де қатысты. 

– Тбилиси мемлекеттік опера және балет театрының тарихи сахнасында өнер көрсету – біз үшін үлкен мәртебе әрі жауапкершілік. Біз мұнда туған театрымыз «Астана Операның» труппасын ғана емес, сонымен қатар тұтас қазақстандық балет өнерін таныстырдық. Бізді жылы қарсы алғандары үшін Тбилисидегі көрермендерге, сондай-ақ бізге кішіпейілділік пен қонақжайлылық танытқан қымбатты әріптестерімізге шынайы ризашылығымызды білдіреміз. Барселонаның жарқын атмосферасы мен кейіпкерлеріміздің ойнақы мінездерін жеткізе алдық деген үміттеміз, – деп атап өтті солистер.

Жаңалықтар

Атырауда 5-қабаттан құлаған бала жансақтау бөлімінен палатаға шығарылды, деп хабарлайды madeniportal...

Жаңалықтар

Ақтауда кәмелет жасына толмаған қыздардың соққыға жығылғаны видеоға түсіп қалған, деп хабарлайды mad...