«Өздеріңіз білесіздер, Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы осыдан бір жыл б...
Нұрхалық Абдырақын. Қазақтану немесе ұлттық тамырды іздеу
Отан оттан ыстық. Ел деген ерен ұғым, сезінген жанға шексіз бақыт сыйлайтын, өлмес рух беретін, тамаша мінез қалыптастыратын шын дәрумен. Ұлтты сақтап қалу үшін кешегі қиын заманда қызыл үкімтке бастарын берген Алаш көсемдері, ұлт зиялылары не істеді, не жазды, бүгінгі зиялылар бейбіт күнде не жазып, не істеп жүр?.. Олар сондай күрделі саяси жағдайдың өзінде неге өздері оқулық жазды? Мағжан Жұмабай атамыздың жазған педагогикасы, Ахмет Байтұрсынұлы оқу кітабы, қазақ грмматикасы, араб жазуы негізінде қазақ әлфиің жасауы не үшін?!
32 жылда әлі күнге бізде бір ізді мойындалған ұлттық оқыту жүйесі балабақшада, мектеп, жоғары оқу орындарында жоқ. Балапан басына, тұрымтай тұсына, әр кім өз алдына қалаған оқулықпен сабақ жүргізеді. Оқулық ұлттық тәрбие негізі.
Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы. Білім беру ошақтарында әлі күнге бір ізді ұлттық тәрбие жүйесі қалыптаспаған, бар болсада құр науқаншылдық, баланың жүрегіне, жанына жетпейді, себеі ол бөтен елдікі, жат жұртікі. Оған мектептерде болып жатқан жағдайлар куә.
Әдеп-иба (ұятын) негіз еткен қазақтану пәнін оқытуды қолға алатын уақыт әлде қашан жетті. Аталмыш пән «нәпсісін жеңген тәрбиелі адам», «Яссауйдың хәл ілімі», «Абайдың толық адам ілімі», «қазақтың ұлттық болмысы, дүние-танымы, жанын» қамтуы керек.
Біз әуелде адам тәрбиелеп отырмыз, сосын маман, ғалым. Қоғамға пайдалы жақсы бастық, жақсы ғалым, жақсы жұмыскер, жақсы дәрігер, жақсы банкер, жақсы сақшы, жақсы сот, жақсы мұғалім, жақсы әке, жақсы ана, жақсы күзетші, жақсы арбакеш керек.
Бүгінгі күн білімді таған, экономиканы өзек етіп, ұлт мәдениетін бойына жан тамыр еткен, білім тұрпатты кәсіп орындар көптеп құрылған, жаһандану працессі жүріп жатқан кезең. Үйімізде сайрап тұрған теле жәшік, қолфон баламызды тәрбиелеп отыр... Бір үйде тұрғанымызбен бала-шағамыздың жаны қай жақта, жүрегі не деп соғып тұр? Біз тек сыртқы тәніне қарап мәз болып жүрміз, адам тек ішкі әлемімен ғана адам болмақ.
Егемендік алғаннан бері балапан басына, тұрымтай тұсына кетіп, адам тәрбиесі тоқтады. Отбасы институты ыдырауға шақ қалды. Жанбағыстың қамында шапқылау, тақ таласс, дүние жарыс, мектеп оқушыларының өзі кездесуге барсаң қанша ақша аласыз деп сұрайды?
Мектеп оқушылары сандары жалтырап, көйлектері шолтаң-шолтаң етеді, жаның ашыйды. Осындай оңбаған киімді тігіп, соны сатып отырған киім фабрикасына ішің ауырады. Мектеп көйлегі жел шайқағанда ашылып кетпесе шіркін-ай дейсің?
Жалаңашқа жақын киіммен, кетіп бара жатқан қыз-келіншек, құдды менің көз алдыма, төбесіне доллар мен евроны байлап алып, барша елге көрсетіп, бара жатқан момын байды елестетеді, оның артына әрине, ұры-қары толассыз ереді, елден оңашалана, оны тонайды емес пе? Апа-әжелеріміз қандай киім киді деп үйдегі фотосына бір қарасақ жеткілікті. Айналайын, қыз-келіншектер-ау, сұлулық деген-ол санада, мысалға, Африкадағы қара нәсілділер- өз қыздарын сұлу-деп тамсанады, біздің қазақ санасындағы-сұлулық ұятты жерін жабумен болады. Біз қазақпыз. Ұят болады деп ұрпақ тәрбиелегн елміз. Елдік иделогия осыдан басталады.
Әйтсе, ата, әке, бала сынды осы ғасырда жасап отырған үш ұрпақтың мойнындағы ұлы міндет өз тамырын іздеу, өзін-өзі тану, ҚАЗАҚТАНУ болмақ. Ұлттың тамыры қайда? Өкінішке орай, қазақтар «yutube,watsapp, facebook,instagram» т.б ғаламтордың ішінен іздеп өзімізге сырт көзбен қарап жүрміз.
Қазақ даласында кесенесі аспандап тұрған әулие-абыздарға үрке қарайтын, дәстүрлі түркі иманнан алыстап, ілімге суарылған, иман рухына сіңген тақуалық жолдан қорқып, Будист пен Хирстан сопыларына өз атамызды ұқсатамыз.
Қазақстан болашағы екі нәрсеге байланысты.
Бірінші бабаларымыз алдындағы қарызымызды, парызымызды толық өтеп жүрміз бе?
Екінші Қазақстан болашағы жас ұрпақпен тікелей байланысты. Оларға біз не тәрбие беріп, қандай өнеге көрсетудеміз? Адал мен арам, обал мен сауап, жақсы мен жаман, ұят пен ар, ізігілік пен пасықтық т.тт., үйретудеміз бе?
Отаршыл саясат дегеніне жетіп қазақты діннен, ділден, тілден айырды, ұлытымызды бар мен жоқтың, өлі мен тірінің арасына жеткізді, солай ата-баба рухынан үзілдік. Алайда әр жерде төбе болып жатқан Қожа Ахмет Яассауи, Арыстан баб, Байдібек би, Үкаш ата, Түкті шаш әже, Домалақ ана, Пір Бекет, Машһұржүсіп Көпейұлы, Құнанбай қажы, Абай, Шәкәрім қажы т.тт көптеген үлкен тұлғалар қазақтың бар екенін жер асытынан тірілерге айқайлап тұр. Иа, біз жастарға аталарының шын бейнесін жеткізіп айта алдық па?..
Елдікті негізгі төрт топ ұстап тұрады, патша, ғалым, бай, тақуа.
Әр топтың өз орны бар алайда тақулар өте маңызды, олар ел-жер үшін күн-түн дұға жасайды, ұрпақ тәрбиелейді. «Бір жапырақ та Алланың қалауымен жерге түседі» деп сенген қазақ үшін бұл топтың орны бөлек. Қазақ «төртеу түгел болса төбедегі келеді» деді.
Әл-Фараби бабамыз «Қайырымды қала» еңбегінде: Адамдар бір-біріне әсер етеді. Өмір сүретін орта жанға жайлы болғанда, ақылды орта, ақылды адам, ақылды ұрпақ, ақылды тұрғын, ақылды қала қалыптасады, сонда ғана бақытты өмір басталады дейді. Мемлекеттің рухын- адамгершілік, қайырымдылық, әділеттілік, шынайылық, тұрақтылық, ізгілік көтереді. Рухани құндылықтар ғана бір елді сақтай алады. Қоғамның беріктігі, тұрақтылығы, күштілігі имандылықтан келеді. Сонда ғана қайырымды да ақылды қала құруға болатынын айтады ойшыл.
Жастар білімді, иманды, рухы биік болса ұлт болашағы жарқын болады.
Ертеңгі ұрпаққа дұрыс тәрбиеден басқа ештеңе қалдыра алмаймыз. Иман тұнған отбасында ұрпақ азбайды, ұрыс-керіс болмайды. Бір ұлттың, елдің мәңгілік болуы да, құрдымға кетуі де бүгінгі ұрпаққа беріліп жатқан тәрбие мен білімге тікелей байланысты.
Коллажды жасаған Амангелді Қияс, «Егемен Қазақстан»
Мәдениет порталы