Мақпал Жүнісова «Қазақ өнерінің қайраткері» атағымен марапатталды

Жаңалықтар
1876

ҚР Халық артисі Мақпал Жүнісова мәдениет және өнер саласына сіңірген еңбегі үшін «Қазақ өнерінің қайраткері» медалімен марапатталды, деп жазады Sn.kz.

«Құрметті менің достарым, туысқандарым, жанкүйерлерім, сіздерге көп рахмет. Бәріңіз құттықтап жатырсыздар. Мінекей еліміздің мәдениет және өнер саласына сіңірген еңбегім үшін «Қазақ өнерінің қайраткері» құрметті атағымен бүгін марапатталдым», – деп қуанышымен бөлісті әнші өзінің желідегі парақшасында.


Мақпал Жүнісова 22 жасында Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, ал 31 жасында ҚР Халық артисі атанды. Әнші 1981 жылы Днепропетровск қаласында өткен бүкілодақтық байқаудың бас жүлдесін жеңіп алып, КСРО-дағы ең үздік әйел әншілердің ондығына кірді. Оның даусы – драмалық сопрано.

author

Мақпал Жүнісова

ӘНШІ

Жаңалықтар

Мемлекет басшысының халыққа Жолдауы елімізде алдағы атқарылатын істер мен қабылданатын құжаттар...

Жаңалықтар

Ол мұндай жарыстар халықты ауызбіршілікке шақыратынын атап өтті, деп хабарлайды Caravan.kz. мед...