Ақерке Асан. Қазіргі қазақ поэзиясы туралы ойлар

ӘДЕБИЕТ
1856

Кейінгі жылдары поэзия оқуға құштарлығымыз әбден сөне бастап еді. Көңіліміз прозаға көше бергені де содан шығар. Осыған қарай маэстро Джим Джармуштың «Патерсон» фильмі мәңгілік сағынышымды қайта еске салғандай болды. Джармуш поэзияның тілін киноға керемет аударған екен: еcімдердің қайталануы, бас кейіпкерге егіз персонаждардың кездесе беруі, шынайы күндерден алыстатын ақ-қара өрнектер, қайталанып отыратын қимылдар  – осының бәрі картинаға үнсіз ұйқас әкелген аса көркем дүниелер. 



Патерсон – қойын дәптеріне күнде өлең жазып жүретін ақын һәм автобус жүргізушісі. АҚШ Нью-Джерси штатындағы Патерсон қаласының әйгілі тумасы Уильям Карлос Уильямс – америкалық модернист ақынның поэтикасы осы фильмнің идеясына арқау болған іспеттес. Киноның тағы бір салмақты тұсы – америкалық ақын Ron Padgett шығармалары оқылады. Кей өлеңдерді Рон ақын осы киноға арнайы жазған деген дерек бар:

«В детстве

Ты узнаёшь,

Что существует три измерения:

Высота, ширина и глубина,

Как у коробки из-под обуви.

А потом тебе говорят –

Есть еще и четвертое, –

Время.

Некоторые даже считают,

Что бывает и пятое, шестое, седьмое…»

(Патерсон фильмінің орысша тәржімасынан алынған)

Қазақ поэзиясы төлтумалық қасиетімен бірге жан-жақтан өзге елдердің де поэзиясымен түрленген һәм түрленіп келеді. Бізге ең үлкен әсерін көрсеткен, әрине, орыс поэзиясының Күміс ғасыры еді – әлі де өз күшін жоймай келетін байланыстардың бірі де осы Күміс ғасыр шығармалары екенін байқаймыз. Шығыс поэзиясының поэтикасы да стихиялық түрде дәйім өзін көрсетіп келеді. Бүгінде қарап отырсам, осы «Патерсон» фильмінен кейін ойымызға оралатын Америка поэзиясы жас ақындарымызға біраз дүние беретін сияқты деген пікір туындады. Себебі Уильямс сынды модернизмге қаймықпай аяқ басатын жол әлі де кеңеймегенін айтпасқа болмайды:

«By the road to the contagious hospital

under the surge of the blue

mottled clouds driven from the

northeast — a cold wind. Beyond, the

waste of broad, muddy fields

brown with dried weeds, standing and fallen

patches of standing water

the scattering of tall trees

All along the road the reddish

purplish, forked, upstanding, twiggy

stuff of bushes and small trees

with dead, brown leaves under them

leafless vines —

Lifeless in appearance, sluggish

dazed spring approaches —

They enter the new world naked,

cold, uncertain of all

save that they enter. All about them

the cold, familiar wind —

Now the grass, tomorrow

the stiff curl of wildcarrot leaf

One by one objects are defined —

It quickens: clarity, outline of leaf

But now the stark dignity of

entrance — Still, the profound change

has come upon them: rooted, they

grip down and begin to awaken" 

(Уильям Карлос Уильямс)

У.Уитмен, Э.Дикенсон, Г.Стайн, У.Стивенс, Р.Фрост, Л.Хьюз, Р. Лоуелл, А.Гинзберг, С.Платт, Л. Хеджинян, Боб Дилан, К. Голдсмит сынды америкалық ақындар қазіргі таңда қазақша тәржімаға сұранып тұрған сияқты. Аударма мәселесі жалпы өшігіп тұрған заманда ізденіске еңбектенген артық болмас.

Қазірге қазақ поэзиясында дәл қазір осы жолда алдыңғы шепте келе жатқан ақын Файзулла Төлтайдың шығармаларын атауға болады:

«Мен ылғи түсімде Жүсіпті құдыққа лақтырып жатып шошып оянам,

содан соң, таңға дейін төсегімнің бір бұрышында дірілдеп отыратыным бар –

көзімнің алдынан көлбеңдеп Жүсіптің бейнесі кетпейді,

менен аяушылық тілеген Жүсіптің бейнесі;

түсімде де сол бейнеге қараған сайын сыздап қоя береді кеудем –

әуелі тобыр-тобыр жын көшкен далада Жүсіпті жетектеген күйі қираған құдыққа тап болам,

тозақ есігінің кілтін табанымның астына алып;

ол маған сол жерде оның кейпіндегі рухы пұтқа айналған өзім екенімді айтады,

мен сонда өзімді құдайдан барынша алыс ұстауым үшін құдыққа лақтырып жіберем:

қанша жыл өткенімен ештеңе өзгерер емес;

өмірге жіпсіз байлаған жадымның төрінде осы бір ескі түс –

кейде тіпті кеуделерінде теңіз қайнаған бауырларын да қасымнан көрем,

бәріміз оған сәжде етудің орнына, оны құдыққа тастағымыз келеді,

мен тұрсам олар да тұрады,

мен жүрсем олар да жүреді,

қираған құдыққа құлап бара жатқан сәтте бәріміздің жүзімізге көз алмай қарайды Жүсіп;

оны да менен айнымайтын сынды:

олар да – мен, Жүсіп те – мен, мен де – мен,

содан соң, сол менен менді бөле алмай дал болам;

барлығы менің ішімде деймін яки мен барлығының ішіндемін,

барлығы барлығының ішінде:

бұл жолы сол жалғыз мен – менен бөлініп – ақыры сен болып оянды:

құдды бір құдықтың қойнында оянған сынды:

енді сен де мендей төсегіңнің бір бұрышында дірілдеп отырсың –

көзіңнің алдынан көлбеңдеп кетпейді бейнем,

сол бейнеге қараған сайын ешқашан таңы атпаған кеудең сыздап қоя береді,

әліге дейін өз Жүсібіңді ішіне қамап ұстаған кеудең…» (Ф.Т.)

Әдебиеттанушы

Шоу-бизнес

Айқын Төлепберген Youtube платформасындағы Зamandas подкастына берген сұхбатында Қанат Бейсекеевтің...

Ауа райы

Синоптиктер Қазақстандағы 2024 жылғы 8 желтоқсанға арналған синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа ра...