Елімізде ұялы телефондарды тіркеу ережесі өзгерді. Естеріңізде болса, осыдан екі жыл бұрын бәріміз ж...
Қазақ спортшыларының өткен аптадағы жарқын жеңісі
Қазақстандық спортшылар халықаралық жарыстарда үздіктер қатарынан табылып, жоғары марапаттарға ие болды.
Конькимен жүгіру. Квебекте (Канада) өткен төрт құрлық турнирінде Виталий Щиголев 5000 метр қашықтықта «алтын» жеңіп алды, Надежда Морозова 1500 метр қашықтықта бірінші болса, Екатерина Айдова екінші орын алды. Сондай-ақ, Дмитрий Морозов (1500 метр) және Надежда Морозова(3000 метр) күміс жүлдегер атанды.
Фристайл-акробатика. Жанбота Алдабергенова (Финляндия) Әлем Кубогы кезеңінде «қоланы» жеңіп алды.
Дзюдо. Ғалымжан Қырықбай дзюдодан Токиодағы Grand Slam сериясындағы турнирдің қола жүлдегері атанды. Турнир 11 желтоқсанға дейін жалғасады.
Семсерлесу. Ташкентте жасөспірімдер арасында семсерлесуден Әлем Кубогы аясында Қазақстан құрамасының қоржынында бір алтын және екі қола медаль жиынтығы бар. Сонымен, жарыстың бірінші күнінде Богдан Лукин тұғырдың жоғарғы сатысына көтеріліп, қылышпен семсерлесу бойынша жеке біріншіліктің алтын медалін жеңіп алды. Командалық жарыста біздің рапиристер қола жүлдеге ие болды (София Ақтаева, Алена Гноева, Надежда Шустова және Алина Искандерова). Сондай-ақ, ерлер командасы қылышпен семсерлесу бойынша командалық есепте қола медаль жеңіп алды. Жүлдегерлер Богдан Лукин, Георгий Тинников, Александр Федотов және Габидин Мұстафин.
Академиялық есу. Ересектер мен жастар арасында ескек есуден Азия чемпионаты аяқталды. Jw2 санатында дуэт – Мелани Жақыпова мен Анджела Полянина - 2000 метр қашықтықтағы алғашқы нәтижесін көрсетті. W1x санатындағы ересектер арасында Светлана Германович қола медаль жеңіп алды.
Тимур Фомичев пен Ярослав Мельников (JM2) жұбы алтын медаль иеленді, ал Медина Қоңырбаева, Варвара Белоногва, Анджела Полянина және Мелани Жақыповадан құралған төрттік JM4 санатында үшінші орын алды.
Спортшыларымыз мен олардың жаттықтырушыларын құттықтаймыз!