Мемлекет басшысы бүгінгі өткен жиында күш-жігерді біріктіру арқылы ғана болашақ жетістіктердің берік...
Құтлық Елтеріс қағанның кешені табылды
1324
Моңғолияның Өтүкен аймағында анықталған кешенде түрк және соғды мәтіндері бар бітіктас табылды, деп хабарлайды Madeniportal.kz. Бұл жаңалықты Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. «Ханғай жотасында, Өтүкен аймағында керемет жаңалық ашылды.Халықаралық Түркі академиясы мен Моңғолия Ғылым академиясы Археология институтының біріккен ғылыми археологиялық экспедициясы Номғон алқабында Күлтегін мен Білге қағанның әкесі, Түрік қағандығын қайта дәуірлеткен ұлы Құтлық Елтеріс қағанның кешені табылды. Салтанатты кешенде табылған бітіктаста тарихымызға бетбұрыс жасайтын түрк және соғды жазуымен мәтіндер бар! Қалған жаңалықты ертең Ұланбатырдағы Баспасөз орталығында өтетін жиында жариялаймыз!», деп жазды Дархан Қыдырәлі.