Мемлекет басшысы Шолпан-Атада Мұхтар Әуезовтің бюстін ашты

ӘДЕБИЕТ
848

Президент Қырғыз еліне сапары барысында жазушы Мұхтар Әуезовтің Шолпан-Ата қаласындағы музей-үйіне барды, - деп хабарлайды Мәдениет порталы БОРТ №1 Телеграм-арнасына сілтеме жасап.Мемлекет басшысы Мұхтар Әуезовтің Шолпан-Ата қаласындағы музей-үйіне барды. 

Президент музей-үйде Мұхтар Әуезовтің бюстін ашты және құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды.

Айта кетейік, Мұхтар Әуезовтің Шолпан-Атадағы үйі 1959 жылы салынған. Қазақтың ұлы жазушысы бұл үйде 1959-1961 жылдары тұрып, жұмыс істеген, сондай-ақ өзінің «Өскен өркен» атты соңғы романын жазуды бастаған. Бірақ аяқтап үлгермеді.

1970 жылы қыркүйекте мұнда Мұхтар Әуезовтің кітапхана-музейінің ресми ашылу рәсімі өтті. Қазіргі уақытта музейде жазушының жеке заттары: үстел, орындықтар, тербелмелі кресло, үстел сағаты, киім ілгіш, кітап шкафы, кітаптар сақталған. Жазушының қызы Ләйлә Мұхтарқызының бастамасымен кітапханаға алғашқы 5000 дана кітап жиналды. Қазір кітапханадағы кітап қоры – шамамен 12000.Кітапхана-музейде семинарлар, оқу конференциялары, кездесулер өткізіліп тұрады.

 

madeniportal.kz

Жаңалықтар

Ақтауда сот әйелінің бастығының Mercedes-Benz G500 көлігін өртеп жіберген ер адамға қатысты істі қар...

Жаңалықтар

Ұлытаудағы түзеу мекемелерінің біріне көкөніс салынған сөмкелерге салынған 30-дан астам телефонды ал...