«ТтТ» « Театр – Творчество – Талант» халықаралық фестиваль байқауы мәресіне жетті

ТЕАТР
1682

Елордада «Балалар жылына» орай ұйымдастырылған «ТтТ» Театр – Творчество – Талант» балалар мен жеткіншектердің бесінші халықаралық фестиваль конкурсы өз мәресіне жетті. Бұл туралы baq.kz агенттігі хабарлады.

4-7 сәуір аралығында өткен сайыста көрерменге 18 театр қойылымы көрсетілді. Конкурсқа әр өңірден келген 300-ге жуық адам қатысып, кәсіби және әуесқой командалар бақ сынады. Фестиваль Қазақстан Республикасы Президентінің «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының қолдауымен өтті.

Т.ЖҮРГЕНОВ АТЫНДАҒЫ Қазақ ұлттық өнер унивеситеті колледжінің оқытушысы, бас ұйымдастырушы Думан Әкім: 

«Балалардың таланты мен фантазиясында шек жоқ. Сол себепті конкурстың нақты бір тақырыбы қойылмады. Біз 8 - 10 жастағы, 11 - 13 жас, 14 - 16 жас, 17 - 19 жас және  20 -23 жас аралығындағы өнепаздарды санаттарға бөліп,  әрбірін жеке қарастырдық. Әр санаттың өз жеңіпаздары болды, - деді.

   

Жарыс қортындысы бойынша:

«Жас әртістің үздік рөлі» дипломын Теміртау қаласының «Арлекин» балалар студиясының екі бірдей актері Гавриленко Глеб пен Маркосян Тигран иеленді. Дәл осындай орынды Алматы қаласының «На крыльях творчества» театр студиясының қатысушысы Жүсіп Батырхан алды. 

Сондай-ақ Виктория Самсонова  «Махаббат парадокстары» спектакліндегі Кубышкина рөлін сомдағаны үшін «Жас әртістің үздік рөлі» дипломымен марапатталды. «Үздік актерлік жұмыс» М.Макдонахтың «Жастық адам» рөлі үшін Арапбек Олжас жеңімпаз атанды.  «Үздік актерлік ұжым» номинациясын Теміртау қаласының «О - крошка» театр студиясы ҚГКП «Ғ.Жұбанова атындағы балалар өнер мектебі» жеңіп алды.

Фото: дереккөз

Жаңалықтар

Биыл 15 қазаннан бастап Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында ақылы автотұрақ қымбаттайды, деп...

Спорт

2024 жылғы 7-12 қазан аралығында Астанада грэпплингтен әлем чемпионаты өтеді. Жарысқа әлемнің 30-дан...