Атырау облысында су тасқынына байланысты жағдай күрделі екенін облыс әкімі Серік Шәпкенов мәлім етті...
Дәурен Абаев Алматыдағы бірқатар спорт нысандарының жұмысымен танысты
Дәурен Абаев Алматыдағы бірқатар спорт нысандарының жұмысымен танысты, деп хабарлайды "Мәдениет порталы" ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Министр «Спортшылардың допингке қарсы зертханасы» РМҚК, «К.Ахметов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» РММ және «Спорттық медицина және оңалту орталығы» РМҚК және «Республикалық спорт колледжі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына барды.
Мекемелердің ұжымымен кездесу барысында министр Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың спортты дамыту және насихаттау, халық арасында спорттық инфрақұрылымның қолжетімділігін арттыру бағытында ауқымды міндет қойғанын атап өтті.
«Биылғы жыл бұқаралық спортты дамыту тұрғысынан қарағанда жағымды жаңалықтардан басталмағанын мойындауымыз керек. Бұл жерде спорт секцияларын жан басына қаржыландыру механизмі туралы айтқым келеді. Соңғы жағдайларға байланысты бірден бірнеше фактор әсер етіп, барлық өңірлерде олар жұмысын тоқтатты. Қазір кімнің кінәлі екенін анықтап отыратын уақыт емес. Ол әкімдік пе, министрлік пе, жеткізушілер ме немесе қазынашылық па, маңызды емес. Бұдан ең бірінші балалар зардап шегіп отыр, сондықтан біз бұл мәселені мүмкіндігінше тез шешуіміз керек. Алайда жұмысты жеделдету бізді сұр схемамен күресте, әсіресе «өлі жандармен» жұмыс істейтіндер қаражат алуға тырысқан кезде де жауапкершіліктен босатпайды. Қазір, өкінішке қарай, қаржыландыру ережелерінде осындай олқылықтар көп, біз оны жақын арада жоюға тырысамыз. Қоғамнан осының барлығын қалпына келтіруге сәл ғана уақыт беруін сұраймын», - деді Дәурен Абаев.
Сондай-ақ Дәурен Абаев Үкіметтің спортты дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарына енгізілген бірқатар тәсілдер мен іс- шараларды мақұлдағанын айтты:
«Бірінші кезекте бұл спорт секцияларының санын арттыру, спорт нұсқаушыларын көбейту, әуесқой клубтар желісін кеңейту, спорт ғимараттарын салу, спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу және спортшылар мен жаттықтырушыларды өмір бойы айсайынғы қамтамасыз етуді ұлғайту, спортшылардың штаттық санын тұрақты түрде арттыру жөніндегі іс -шаралар».
Министр, бүгінде мемлекет спорттық медицинаны дамытуға және допингке қарсы қатаң саясат жүргізуге, оның ішінде халықаралық институттар мен зертханалармен ынтымақтастыққа ерекше көңіл бөлетінін атап айтты.