Павлодар облысында «Ertis cinema» І халықаралық кинофестивалі мәресіне жетті. Үш күнге с...
Туризм мәдениеті: Не себепті Балқаш көлінде туризм дамымай отыр? Баталов жауап берді
Не себепті Балқаш көлінде туризм дамымай отыр? Журналистің сауалына Алматы облысының әкімі Амандық Баталов жауап берді.
Бұл өңірде туризм дамиды. Қазіргі уақытта басты жобаны бітірдік. Сарқан ауданы осы аймақпен аралас жатыр. Біз туризм басқармасымен бірігіп, республикадан керекті қаражатты сұратамыз. Оның үстіне жергілікті бюжетімізді бөліп, Талдықорғаннан Лепсіге дейін 140 км жолды, ар жағында 20 км көлдің жағасына дейін жолды аяқтаймыз, -дейді ол.
Баталовтың сөзінше, қазіргі таңда жоба бекітіліп, қаражат бөлінуде.
Сонымен қатар облыс әкімі Елбасының 100 спорттық кешен салу туралы тапсырмасына орай және бұқаралық спортты дамыту мақсатында қолданысқа берілген 13 ДШО-ға қосымша тағы төрт дене шынықтыру–сауықтыру кешенінің құрылысы жүргізіліп жатқанын жеткізді.
Олжас Адай