Алтын адам және мәңгілік өмірге сену

РУХАНИЯТ
1376

Ежелгі «Мысырдың өлілер кітабы», Диуан әдебиетінің өкілі Абдалдың сөзімен айтсақ «тордағы құс» бостандыққа шыққаннан кейін де өмірдің басқа арнада жалғаса беретініне толықтай куәлік етеді. Мұны алыс Шығыстық өркениетте «Самсара шеңбері» деп атады. Қалай десек те, өлімнен кейінгі өмірдің бар екеніне сенген адам баласы «тордан құс» ұшып шыққаннан кейін оған әнеу бір өмірде «керек болады» деген барлық затын өзімен бірге жерлеген. Сол арқылы уақыттың шеңберінен шыққан материя мәңгіліктен тұрақ тауып отырған. Дәл сондай уақыттың шеңберінен шығып, мәңгіліктен тұрақ тапқан һәм кіл Орта Азия өркениетінің өшпес мұрасына айналған, біз үшін тарихи факт, сіз үшін көркем экспонанттардың бірі – 1969 жылы Есіктен табылған, «қазақстандық Тутанхамон» «Алтын адам». 

Алтын адамның табылуы этногенезінде ұлттық кодтың өшіп яки көмескілеп бара жатқан ұлт үшін үлкен серпіліс болды. Бұл біздің бейсанамызға және генетикалық ақылымызға үлкен ақпарат ретінде орналасты. Қабырғалары үлкен қағилардың ішінде көз ашқан халық үшін өмірге деген жаңаша көзқарас, әлем үшін үлкен экстазға айналды. 

Кіл әлемнің назарын аудартқан қазақстандық Тутанхамон талай тылсым мен құпияның бетін ашты. Физикалық тұрғыда айтатын болсақ, біздің ата-бабаларымыз сол кездің өзінде көркем дүниелер жасағанын бір ғана Алтын адам дәлелдеп берді. Ал метафизикалық тұрғыдан айтатын болсақ, біздің ата-бабаларымыздың өмірден кейінгі өмірге деген құрметінің қаншалықты деңгейде жоғары болғандығын айшықтайды. 

Шолу мақаламызда көтеріліп отырған мәселе, қазақ жерінде табылған адамның еркек я әлде әйел екенін де емес, яки оның позитивті тұрғыда ата-бабаларымыздың қолөнері жайында да айтылмақ емес, «тордан құс» шыққан уақытта мүрдені алтынмен аптап көмгендегі философиялық концептте болып отыр. 

Өлімнің философиялық концептісіне келетін болсақ, жалпыадамзаттық стеоретиптерде әрбір индивидтің мәңгілік өмірді іздеуі, әбілхаят суын ішуді армандауы, бірақ соңында қайда барса да алдынан шығатыны «Қорқыттың көрі» болуы үлкен тығыраққа тіреді. Ал котолизмнің құлауынан кейін, ортаға шыққан гуманизм мен антропоцентристік парадигмалар негізінде адам баласы кіл әлемнің абсолютті нүктесі, қоршаған ортаға ие болушы ретінде қарастырады. Бұл әрине, бір күнде пайда бола салған философиялық бағыт емес, ғасырлар бойы адамзат баласының этногенез бен филогенезінде синтезделген концептінің жемісі. Ол жеміс –мәңгілік өмірге қол жеткізу. Яғни, қорғашан ортаға иелік етуші адам гуманизмге дейін де айналасындағы кіл әрекеттер мен архелерді жаулап алып, өмірді, өлімді, тағдырды өз иелігіне бағындыруды аңсаған деген субъективті ой айта аламыз. Соның нәтижесінде жануардан бастап, кіл жаратылысты иегере бастаған адамзат тек өлімді басқара алмайтынын ұқты. Бірақ адам болмысы үнемі жаулап алушы, басып алушы, иелік етуші формасында болғаннан кейін, өліммен де «мәмілеге» келе білді. Яғни, «өмір –күрес» дегенімен де, бейсанада «мәңгілік өмірдің –мәміле» екенін нақты ұға білді. Дәлірек айтсақ, мәңгілік өмірге қол жеткізе алмаған адамзат өмірден кейінгі өмірдің бар екеніе сенуден басқа амалы қалмады. Себебі адам жеңілуді ұнатпайды, бейне бір жел секілді. Солайша, өлім келесі бір өмірге өтетін үлкен қақпа, көпір рөлінде қабылданды. Сол көпір немесе қақпадан өткен адам келесі бір өмірге жол алады. Ол тағы да қақпаға келеді, тағы да жаңа өмірге жол алады. Бұлайша соңсыз жалғаса береді. Демек адам санасы белгілі бір дәрежеде өліммен мәмілеге келу арқылы «мәңгілік өмірге» яки «тағы бір мүмкіндікке» қол жеткізе білді. Міне, осылайша «мәңгілік өмірге» яки «тағы бір мүмкіндікке» қол жеткізе білген адам осы өмірден аттанарда ол жаққа өзімен бірге қолданыстағы барлық дүние-мүлкін бірге алып кетуі заңды еді. Әрине, қазіргі түсінікпен бұл жақта қанша дәулетті болсаң да, о дүниеге құр қол аттанасың деуге әбден құқығымыз бар. Бірақ ежелгі адам үшін бұл олай емес еді. Бұл біздің көз алдымызға студент баласының оқуға аттанарда, жаңа бір өмірге қадам басар шағында барын жиып, сөмкесіне салып, «ол жақта тарықпай өмір сүр, қажетті заттарыныңның бәрін салып қойдым. Жолың болсын» деген анамыздың әрекетін елестетеді. Бәлкім, расында «Алтын адамды» жерлер уақытта анасы мен әкесі «барлық қажет заттарын қойып, ол жақта тарықпай өмір сүр» дегісі келді ме екен, кім білсін?! Қалай десек те, «Алтын адамның» табылуы һәм ондағы жәдігерлердің сол «алтын адамға» тиесілі болғандығы біздің ежелгі ата-бабаларымыздың өліммен «мәмілеге» келе білгендігін көрсетеді.

Жомарт Жылкелдіұлы 

Жаңалықтар

Биыл 15 қазаннан бастап Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында ақылы автотұрақ қымбаттайды, деп...

Спорт

2024 жылғы 7-12 қазан аралығында Астанада грэпплингтен әлем чемпионаты өтеді. Жарысқа әлемнің 30-дан...