Еуразиялық әйелдер форумы. Гендерлік ағарту орталығын құру ұсынылды

Жаңалықтар
1333

Санкт-Петербургте III Еуразиялық әйелдер форумы жұмысын бастады. 110 елден келген делегаттар қатысатын ауқымды іс-шара төрт жылда бір рет өткізіледі, деп хабарлайды "Мәдениет порталы".

Диалог алаңдарында әйелдердің саясат пен бизнестегі көшбасшылығы, жаңа технологиялар мен инновацияларды дамыту, экология, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт, еріктілер қозғалысы және басқа да салалардағы мәселелері талқыланады.

Форумның маңызды іс – шараларының ішінде - "Әйелдер жиырмасының" көшпелі отырысы, өнеркәсіптік даму бойынша БҰҰ сессиясы, Дүниежүзілік банк, БРИКС елдерінің Іскер әйелдер альянсы бар. Форум жұмысына қазақстандық делегация қатысуда.

Форумның ашылуы - пленарлық отырысында Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің қатысуымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы Лаззат Рамазанова сөз сөйледі. Ол халықаралық іс-шараға қатысушыларды әйелдердің өмір сүру сапасын арттыруға және құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған елімізде жүргізіліп жатқан реформалармен таныстырды.

Бүгінде әлем елдері жаһандық және өңірлік сын-тегеуріндерден туындаған жалпы проблемалар мен кедергілерге тап болуда. Оларды еңсеруге Еуразиялық гендерлік ағарту орталығын құру ықпал ететін болады, ол үшін біз әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту саласында озық тәжірибемен алмасу үшін Алматыда құрылатын Орталық Азия өңірлік білім орталығының алаңын ұсынуға дайынбыз. Орталықтың негізінде біз еларалық гендерлік зерттеулер институтын құруды ұсынамыз. Оның миссиясы жаңа экономикалық, әлеуметтік, экологиялық сын-тегеуріндер мен тәуекелдердің гендерлік даму деңгейіне әсерін барынша азайту бойынша ұлттық үкіметтерге арналған ұсынымдарды болжау, бағалау және әзірлеу болып табылады, - деп ұсынды Лаззат Рамазанова.

Ауғанстандағы жағдайға алаңдаушылықты ескере отырып, бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде әйелдердің күш-жігерін біріктіру ұсынылды.

Форум аясында БҰҰ-әйелдер ұйымдастырған "Әйелдер кәсіпкерлігі ақылды экономиканың негізі ретінде: тұрақты және тең шешім" панельдік сессиясында сөз сөйлеген Лаззат Рамазанова әйелдердің мемлекеттердің экономикалық өсуіндегі басты рөлін атап өтті.

Пандемиядан туындаған жаһандық дағдарысқа қарамастан, мемлекет қабылдаған кешенді шаралардың арқасында қазақстандық әйелдердің экономикалық белсенділігінің өсуі байқалады. Еліміздің әрбір өңірінде әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жөніндегі ресурстық орталықтар құрылуда. Мемлекеттік бағдарламалар арқылы әйелдердің жұмыспен қамтылуына көмек көрсетіледі, - деп атап өтті Лаззат Рамазанова.

Парламент Сенатының депутаты, Ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Ләззат Сүлеймен Мемлекет басшысы бастамашылық еткен парламенттік реформалар, "Бейбітшілік пен сенім дипломатиясын дамытудағы әйелдер миссиясы" парламентаралық диалогында жергілікті өкілді органдардағы әйелдердің өкілдігі туралы сөз сөйледі.

Форум барысында БҰҰ-Әйелдер Еуропа және Орталық Азия бойынша Өңірлік кеңсесінің басшысы А.Эль-Ясирмен екіжақты кездесу өткізіліп, онда әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту жөніндегі іс-қимыл жоспарын әзірлеу және іске асырудағы ынтымақтастықтың стратегиялық мәселелері талқыланды.

madeniportal.kz

Жаңалықтар

Атырауда 5-қабаттан құлаған бала жансақтау бөлімінен палатаға шығарылды, деп хабарлайды madeniportal...

Жаңалықтар

Ақтауда кәмелет жасына толмаған қыздардың соққыға жығылғаны видеоға түсіп қалған, деп хабарлайды mad...