Қарағанды облысында әлеуметтік жобалар жалғасуда

Жаңалықтар
1213

Қарағанды өңірінде атқарылып жатқан бірқатар жобалар турасында облыс әкімінің орынбасары Абзал Нұркенұлы өзінің Facebook парақшасында бөлісті, деп хабарлайды "Мәдениет порталы".

- Биыл ақпан айынан бастап 1-2 сынып, ал қыркүйектен 1-4 сынып оқушыларын (91 мыңнан астам балаларымызды) толықтай тегін тамақпен қамтамасыз етуге қол жеткіздік.

- Биыл әлеуметтік осал топтағы оқушыларға көмек көрсететін жаппай оқу қорының үлесін 2%-ға арттырып, 3,9%-ға жеткізе алдық (2,5 млрд теңгеден астам).

- 160-тан астам білім ошақтарына күрделі және ағымдағы жөндеу жүргізілді.

- Қарағанды мен Жезқазғанда екі ірі мектеп қолданысқа берілді, тағы төрт мектептің (Киікті, Теректі, Жаңаарқа мен Қарағандыда) құрылысы биыл аяқталуы жоспарлануда.

- Қарағандыда жаңа балалар шығармашылығы орталығы есігін ашты. 

- 30 мыңнан астам жаңа компьютерлік жабдықтар алынып, қашықтықтан оқыту мүмкіндіктері кеңейтілді.

- 100 жас кәсіпкерге миллион теңгеден жүз грант табыстау тәжірибесі жалғасуда.

- NEET санатындағы жастар бойынша арнайы жол картасы қабылданды, бірқатар әлеуметтік жобалар іске асты. Нәтижесінде екінші тоқсанның қорытындысы бойынша бұл санаттары жастардың үлесі 3 пайызға төмендеді (12,1%-дан 9,1%-ға).

- Мәдениет саласының қызметкерлеріне биыл 30 пәтер табысталды, алдағы жылдары бұл көрсеткіш арта түспек. Жиырмадан астам пәтер білім саласына тапсырылды. Облыс әкімінің тапсырмасына сай бұл жоба жалғасын табады.

- "Сарыарқаның жаңа есімдері" атты облыстық байқау өткізу тәжірибесін бастадық, бұл талантты тұрғындарымызды анықтап, қолдау көрсетуге мүмкіндік ашады.

- Ұлттық өнерімізді кең насихаттауға бағытталған "Сарыарқаның көшпелі мәдениеті" облыстық фестивалі әр өңірде жүргізіле бастады.

- Жезқазғанда "Степлаг" ашық мұражайын жасау жұмыстары да аяқталуға жақын.

‐ Шет ауданындағы Талдыда қола дәуірге жататын жәдігерлер ашық аспан асты музейіне топтастырылды.

- Жезқазған маңындағы Болған ана кесенесінен табылған құнды жәдерлер реставрациядан өтіп қалпына келтірілді.

- Қарқаралыда Абай тоқтаған үйге де реставрация жұмыстары аяқталуда. 

- Жалпы биыл 15 тарихи-мәдени нысан бойынша реставрациялық жұмыстар жүргізілуде.

- Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай ақындар мен суретшілер арасында "Сөз бен сурет" байқауының нәтижесінде өңіріміздің бай тарихы мен әсем табиғатын келбеттейтін керемет ерекше туынды пайда болды (тұсаукесері алда).

- Ұлы тарихымызды ұлықтайтын тағы бір жоба - Ұлытау жерінде Жошы хан кешенінің құрылысы аяқталды.

- Ақын жазушылардың ұсынысымен Қарағандыда "Қасым үиін" жақын арада ашу көзделуде, қазір жөндеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.

- Биыл қолға алынған тың жобалардың бірі - ірі сауда үйлерінде Қазақ тілі орталықтарын ашу, облыстық ҚХА өкілдері мен бірқатар сауда орталықтарының қолдауы бар, ұйымдастырушылық жұмыстар жүргізілуде.

- Ел жанашырларына ерекше серпін берген жаңалықтың бастысы – Октябрь ауданына Әлихан Бөкейхан есімін беру. Биыл Ұлттық санақ өткен соң бұл үлкен істі шегелейтін боламыз.

- Ұлттық спорт түрлерін жаңғырту  бойынша жүйелі жұмыстар қолға алынды, облыстық қауымдастық құрылып, жоспарлар кескінделді.  Бұның бір көрінісі биыл көкпаршыларымыздың республикалық чемпионатта екінші орынға ие болуы.

- Атбегілер мен атсүйер қауым көптен күткен ипподромға Қарағанды қаласынан жер бөлініп, жобалау жұмыстарын пысықтаудамыз. Биыл жазда облыстық Ұлттық спорт қауымдастығының ұйымдастыруымен алғашқы бәйге де өтіп үлгерді.

- Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында облыста тиісті жол картасы әзірленіп, бұқаралық спорт дамуына қолдау анағұрлым ұлғайды, биыл бұл бағыттағы қаржыландыру көлемі екі еседен артып, 4 млрд. асты. 

- Балалардың спорт үйірмелеріне қатысуына жан басына шаққанда қаржыландыру бойынша бір миллиардтан астам қаражат көзделіп отыр. 

- Қазіргі уақытта облыста 13 түрлі спорт кешендерінің құрылысы жүргізілуде (мемлекеттік және жеке қаржыландыру көздерінен). Биыл олардың алтауын (Шахтинск, Ботақара, Қарсақпай, Жаңаарқа, Нұра) іске қосу көзделуде. 

Айта берсе жасалған шаруа баршылық, дей тұрғанмен тұралап қалған, күрделі де жүйелі проблемалар да жетерлік. Осы істің барлығын бүгінгі күнге дейін қоғам өкілдерімен, елжанды азаматтармен ақылдаса, бірге шешудеміз, солай жалғаса да береді. Олай болса, барлығымызға іске сәт!

madeniportal.kz

Жаңалықтар

Атырауда 5-қабаттан құлаған бала жансақтау бөлімінен палатаға шығарылды, деп хабарлайды madeniportal...

Жаңалықтар

Ақтауда кәмелет жасына толмаған қыздардың соққыға жығылғаны видеоға түсіп қалған, деп хабарлайды mad...