Елордада «Ата заң аясында» атты мерекелік концерт өтті

Жаңалықтар
1502

«Конституция күні» мерекесіне орай 2021 жылдың 27 тамызында сағат елорда төрінде Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің мемлекеттік академиялық филармониясы Қазақ оркестрінің «Ата заң аясында» атты концерті өтті. Оркестрдің көркемдік жетекшісі және Бас дирижері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері, профессор - Айтқали Жайымов.

Кештің мақсаты еліміз үшін аса маңызды Конституцияның, мемлекеттік құрылыстың құқықтық негізін қалыптастырушы құжат екенін насихаттау. Ата заң 1995 жылдың 30 тамызы күні бүкілхалықтық референдумда қабылданды. Заңымыз ол біздің қорғанымыз, байтақ, дарқан еліміздің өткені мен болашағын байланыстырушы болып табылады. Сондықтан келер ұрпаққа осы құндылықтарымызды дәріптеу мақсатында концертте Қазақ оркестрі және «Шалқыма» халық би ансамблі, Халықаралық конкурстардың лауреаттары - Алтынбек Әбілда, Арман Жайым, Сәкен Бекжанов, Бауыржан Нұрмұхамедов, Әйгерім Аманжолова, Республикалық конкурстардың лауреаттары Әйгерім Нартүйе, Перизат Тұрарова, Талғат Аллаберинов өнер көрсетіп, тыңдарманның ыстық ықыласына бөленді.

Зайырлы Қазақстанның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, оның құқығы мен бостандығы болып табылатын егеменді еліміздің «Ата заң аясында» атты мерекелік кеші құтты болсын дейміз.

madeniportal.kz

Жаңалықтар

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 2024 жылдың 8, 9 және 10 қазанына арналған ауа райы болжамын жариялад...

Жаңалықтар

Қостанай облысы Рудный қаласында құтқарушылар тереңдігі бес метрлік бункерді тазалауға түсіп, қайта...