Астанада Мұхамедханов пен Омаров көшелерінің қиылысында автобус, жүк көлігі және жол талғамайтын көл...
Қазақстандық автор Open Eurasian әдебиет фестивалінде жүлдегер атанды
Лондонда өткен Open Eurasian Literature Festival & Book Forum (OEBF) әдебиет фестивалі қорытындыланды, деп хабарлайды "Мәдениет порталы".
Шарада сондай-ақ Open Eurasian-2019 сегізінші халықаралық фестивальдің жеңімпаз кітаптары таныстырылды.
Жалпы жиыны 21 туындының ішінде Қазақстаннан Дулат Исабектовтің «Brannande sol, isande vind, levande stapp» кітабы, Баянғали Әлімжановтың «A hundred years on the steppe» шығармасы және Фархад Тамендаровтың «Hunting Dogs» кітабы бар.
Фестиваль аясында көрменің көркін Севарахон Жақсымұратова, Олжас Хамидолла, Арайлым Құрманқұлова, Верониĸа Жир және Әсем Құдайбергенова секілді қазақстандық суретшілердің туындылары кіргізді.
Фестиваль қорытындысы бойынша Open Eurasian-2020 конкурсында «Аударма» номинациясы бойынша «Шахризат» есімді қазақстандық автор үшінші орын алды.