Халықтың сүйікті әншісі, белгілі композитор Гауһар Әлімбекованы білмейтін қазақ кемде-кем... Гауһард...
А.Балаева ұжымын БАҚ қызметкерлерінің күнімен құттықтады
Бүгін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі А.Балаева бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне арналған Министрлікте өткен салтанатты іс-шараға қатысты, деп хабарлайды "Мәдениет порталы" ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне сілтеме жасап.
"Ақпарат саласында тек шығармашылық, талантты ғана емес, қоғам алдындағы жауапкершілікті шынайы түсінетін адамдардың жұмысы да маңызды. Себебі біздің министрліктің басты миссиясы — қоғамды жан-жақты дамыту", — деді А.Балаева.
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат және Ақпаратқа қол жеткізу саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган болып табылатыны белгілі. "Хабар", "Qazaqstan", "ҚазИнформ", "Қазақ газеттері", "Egemen Qazaqstan", "Казахстанская правда" сияқты ірі медиа мекемелер Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдары болып табылады.
Іс-шара барысында Министрліктің өзінде мамандығы бойынша 10-нан аса журналист, оның ішінде салаға жетекшілік ететін вице-министр, Ақпарат, Жастар және отбасы істері комитеттерінің және басқа да құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлері жұмыс істейтіні атап өтілді.
Сондай-ақ, Министрдің штаттан тыс кеңесшілері Игорь Хен, Максим Рожин, Рашид Сүлейменов кәсіби журналистер болып табылады.
Салтанатты түрде А.Балаева министрліктің қызметкерлеріне: БАҚ-пен өзара іс-қимыл департаментінің бас сарапшысы Жалғас Шыныбековке, БАҚ саласындағы мемлекеттік саясат департаментінің бас сарапшысы Анар Мұқатаеваға және Ақпарат комитетінің бас сарапшылары Ләззат Ақбұзауова мен Мадина Қабдулмажитоваға; Заң департаментінің бас сарапшысы Жекен Нұрбибіге құрмет грамоталарын табыстады.