Сембіғали Смағұлов. Шешімі табылған композициялық шығарма

ӘДЕБИЕТ
3547

Осыған дейін ақындар арасында «Папирус» айдарын жүргізгеніміз ел назарында. «Тәуелсіздік:Сөз бен Сурет» жобасы аясында сол тағылымды дүниені қайта қолға алмақпыз. Осы жолы әрине суретшілер арасында.«Мәдениет порталы» аталмыш айдарды жүргізе отырып, қазақ суретшілерінің шығармасын қалың жұртшылық арасына кеңінен насихаттауды мақсат етіп отыр. "Папирус" айдарында әр аптаның сәрсенбісінде бір кескіндеме шеберінің жазғаны жарияланып, аптаның қалған күндері сол жарияланған суретке жасалған анализдер мен пікірлер оқырман назарына ұсынылатын болады. Назарларыңызға «Папирус» айдарында кеше шығармасы жарияланған Дәуренбек Бекназаровтың картиналарына деген танымал суретші, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Сембіғали Смағұловтың пікірін ұсынамыз.

Бейнелеу өнеріндегі шешімі табылған композициялық шығарма көзі қарақты адамға бірден тірі организмге ұқсап тұрады. Поэзиядағы сияқты тіркестер, шалыстар, ритмдік-ритмдік емес ұйқастар, немесе жекпе-жек спорт ойынындағыдай: соққы – тойтарыс сияқты әдіс, айла меңгерілгендігін оқып, шеберлігіне сүйсініп рухани ләззат аласың. Қайталанбас саусақ бедері сияқты әр адамның әдіс -айласы да алуан -алуан. Кереметі де сонда жатыр. Композиция дегеніміз композициялық элементтерді белгілі кеңістікте тек қана жай орналастыра салу емес, сол элементтерді үйлесімді қарым қатынасқа түсіре алғанда ғана жоғарыда айтылған бір тұтас тірі организмге айналып, көркем шығарма деген лауазымға ие болады. Тура осы айтылған түсінікті әркім өз дария сезімімен игеріп, сара жолын ашады. Әдебиетте қаратпа сөйлем деген ұғым бар, ұқсас ұғымдар бейнелеу өнерінде де «контраст, акцент» сияқты түсінікпен астың тұздығы сияқты қолданылып, меңгеріледі. Осы айтып отырған ойымды аспаннан алмай, дарынды жас суретші Дәурен Бекназаровтың туындыларына қарап отырып, әр қимылын барлап (барлай алғаныма қуанып; музыкада құлақ, тыңдау даярлығы қажет болса, бұл жерде көздің көре білу қабілеті әбден қажет), әлде болса тығылып жатқан қабілетіне тамсанып, риза болғанымды айтамын. Бұл еңбектер Дәуреннің қысқа уақыттағы ішкі сезім жетегінде еркін жазылған кезеңдік табыстары. Бұл өте маңызды тәжірибе. Осы қаблетін дамытқан суретші кез келген форматтарды еркін игеретін, суырып салма фантазиялы әмбебап күйде жүретін, шектелмеген биік өнер иесі болады. Себебі мен Дәуреннің академиялық бағыттағы тамаша мүмкіншіліктерімен де таныспын. Дәурен еңбектерінде ойын көзге ұрған танадай жәйіп салмай, көрерменнің ынтығын қытықтап тақырыбын құпиялағысы келіп тұрады. Олда бір мәнер. Олда бір сыр. Ол да бір сара жолдың басы шығар...

madeniportal.kz

author

Сембіғали Смағұлов

СУРЕТШІ

Қоғам

Павлодар облысының полицейлері ел азаматтарына алаяқтықтың жаңа түрі пайда болғанын мәлімдеді, деп х...

Жаңалықтар

Шымкентте 10 оқушы спрейден уланып қалған, деп хабарлады madeniportal.kz Ұлысмедиаға сілтеме жасап....