Ей, қар бүркеген Қарақорым, сенен неге қара көңілім үріксін!? Сен онсыз да жұмбақ едің, одан сайын...
Дәуренбек Бекназаров. Құбылыс
5353
Осыған дейін ақындар арасында «Папирус» айдарын жүргізгеніміз ел назарында. «Тәуелсіздік:Сөз бен Сурет» жобасы аясында сол тағылымды дүниені қайта қолға алмақпыз. Осы жолы әрине суретшілер арасында.«Мәдениет порталы» аталмыш айдарды жүргізе отырып, қазақ суретшілерінің шығармасын қалың жұртшылық арасына кеңінен насихаттауды мақсат етіп отыр. "Папирус" айдарында әр аптаның сәрсенбісінде бір кескіндеме шеберінің жазғаны жарияланып, аптаның қалған күндері сол жарияланған суретке жасалған анализдер мен пікірлер оқырман назарына ұсынылатын болады. Суретшілер арасында алғашқылардың бірі боп шығармасын ұсынатын – Дәуренбек Бекназаров.