Тоқаев Назарбаевқа ҚХА-ның құрметті төрағасы болуды ұсынды

Жаңалықтар
1048

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстан халқы Ассамблеясының құрметті төрағасы болуды ұсынды, деп хабарлайды "Мәдениет порталы" тілшісі.

Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевқа Ассамблея өкілдерінің ҚХА-ның құрметті төрағасы болу туралы ортақ ұсынысын жеткізді.

"Қазақстан халқы мен мемлекеттің алдындағы тарихи еңбегіңізді ескерсек, бұл мәртебе сізге тиесілі. Ассамблеяның барлық мүшесі осы ұсынысты қолдайтынына сенімдімін", - деді Тоқаев ҚХА сессиясы барысында.

Назарбаев ұсынысты қабыл алды.

"Жаңа міндеттерді қабылдай отырып, мен Ассамблеямен бірге жұмыс істеуді жалғастырамын. ҚХА мемлекет басшысының барлық бастамасын қолдайды, бәріміз бірге алға жылжимыз", - деді ол.

Еске сала кетейік, бүгін Елбасы, ҚХА төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Ассамблеяны басқару құқығын президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа тапсыратынын мәлімдеген болатын.

madeniportal.kz

author

Нұрсұлтан Назарбаев

ҚАЙРАТКЕР

Қылмыс

Ішкі істер министрлігі барша ата-аналарға үндеу жасады, – деп хабарлады madeniportal.kz....

Қоғам

Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы Тереңөзек ауылындағы «Томирис ханшайым» болып киінге...