ТАМШЫНЫҢ ЕЛЕСІТүс теңізінің шүңетіненЕкі тамшы емін-еркінҚалқып ұшты.Іле-шала көзге түртсе көр...
Адонис. Өмір мен өлімнің ойынына
3193
Күні кеше "Мәдениет порталы" араб тіліндегі 20-дан астам кітаптың авторы, "Жаңа поэзия" қозғалысының беделді өкілдерінің бірі, "Әдебиет" аталымында Нобель сыйлығына басты үміткерлер қатарында есімі жиі аталатын, тоқсан жасты тақымдаған ақын Адонистің (шын есімі - Али Ахмад Саид Эсбер) Әль-Маариге және Әбу Тәммамға жазған өлеңдерін қазақ тілінде жариялаған болатын. Ал бүгін Адонистің 1988-2014 жылдар аралығында жазған "İhtifâen bi’l-Eşyâ’ el-Vâdiha el-Gâmide" (Белгілі белгісіз нәрселердің рухына) кітабынан "Өмір мен өлімнің ойынына" атты келесі бір жырын оқырман назарына ұсынамыз. Мархаббат!
Өмір мен Өлімнің ойынына *** өлім сенің ізіңді қуып келеді із салып берердей көрінсе де саған: *** балалар өмірмен ойнайды, бабалар арқасын сүйейді оған. *** тіл – көп сөйлегеннен кейін тот басып кетеді, көз – аз елестеткені үшін. *** әжімдер – беттегі адырлар жүректегі терең шұңқырлар және. *** тән – жартысы есік жартысы есікке иілген көлеңке. *** жалғыз қанатты көбелек кәлласы секілді *** келбет - тәннің нұры сол бір нұр сөнгенде, түгі де қалмайды тәннің. *** Иә, сонда аспан да оқиды сені, оқиды үздіксіз алдымен, алайда, жер сені жазуы керек. *** анары бар сынды сені үздіксіз оқитын аспанның осы, әйтпесе неліктен сәт сайын көз алмай қарайды адамның бәрі? *** сол үшін бе екен, адамның көзінен аспанға сызылған сызықтар кейде ешбір жерге апармаған һәм апармайтын белгісіз бір жолға айналады да кетеді. *** кітапқа ұқсайды - мекенсіз, медетсіз қалқыған адам өмірін үнемі, өлімін бір сәтте оқыған кітап. *** ал өлімге қатысты һәм қатыссыз ақиқатты ойлаудың өзі - жаныңды өртейтін алау, лап беріп жанса да ұзамай сөнеді бірақ сабанның жалыны сынды. *** уай, қандай шаһар десеңші алаудың күл төстеп, билеген орны балдақ секілді көрінеді күннің шапағы мұнда. *** содан соң сол шаһарда тұратын үйдің бақшасына көктем келеді, көтеріп келген жүгін ақтарып ағаштарға, шөптерге жаңбыр астында сыйлығын үлестіре бастайды: неліктен дәл бұлай шатасып калады ақын?! Әсілі көктем кеп жапырақтарын оған береді ал ол болса сияға береді көктемнің жапырақтарын. *** біздің бар болғанымыздың өзі бір жоқтық, сол жоқтыққа ұмтылумен өтеді кіл өміріміз: көктемнің жапырақтары қайда? *** уай, құмдар-ай, жапырақтаршы қойшы, құттықтайыншы сені тек сен ғана толтыра аласың су мен сағымды бір құтыға. *** күн бізді күйдіріп барады қазір: ештеңеге күмән келтірмейтін қылып, әр құшақтағаны сайын қоштаса береді бізбен. *** сол кезде ойлайсың кенет: кейде ең сұлу майшамдар жырақты көру үшін емес, көлеңкені көру үшін жаққандарымыз деп. *** қасыңдағы жүкті әйел ештеңе болмағандай өз тәнімен сөйлесіп отыра береді. *** көзіңнің алдындағы реңктер - табиғат әліпбиі. *** қара түс - табиғаттың есінен таңып қалуы ғаламның қолдарында. *** сол сәтте ақ түсте пәтуәнің жоқ екенін, қызылда қалаудың оты жанып жатқанын көресің: тек қара түс қана өз-өзін арнайды саған. *** реңктер арасында қара түс қана ақиқат ғайыпты ең көп көрсеткен де осы қара түс. *** тұрлаусыз хор сынды бар реңктер қараның дирижерлығында *** барлық реңктер кей-кейде жалаңаш, ал кейде киіммен көрінетін болады саған, қара реңктен басқасы тек қара ғана лыпамен де лыпасыз да көрінеді бір сәтте. *** ақ – көйлегін шешеді мекеннің ал қара аққа мүмкіндік беретін емес. *** ақыл - тәрк етілген дияр ақымақтық болса көш. *** барлық заттар реңктердің артына өз-өздерін жасырып әлек ештеңе толықтай жалаңаш көрінбейді ақымақтықтың қолы ұстамайынша оны. *** ақымақтық - жас бала ақылдың бақшасында ойнайды ең сұлу ойынын *** қиялдың өткені жоқ. *** қиял деген тылсым бір жоралғы сынды тек қана шындықтың үйінде жасайтын. *** неде болса үздіксіз жазатын қиял, оқитын - шындық. *** солайша ақыл қасымызда айналып жүреді із салып барады -жүрек. *** ал енді қайда барғың келсе бара ғой, қалай бағыт алғың келсе солай қарай жүре ғой, досым, ең жырақ жерлер жүрегіңнің түбінде екенін ұмытпа бірақ
***
тек қара тастың ғана өмірі сарқылмас мұнда-
себебі өлі өмір сүреді бұл тас.
Аударған Файзулла Төлтай