2018 жылы 15 қарашада сағат 19.00-де «Астана» концерт залында Қазақстанның еңбек сіңірге...
Мәдениет саласының 1,5 мың нысанында құрылыс жұмыстары жүреді - Үкімет
Жыл сайын 500 ғалым әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында тағылымдамалармен қамтамасыз етілетін болады. Бұл туралы Мәжілісте «Nur Otan» партиясының сайлау алдындағы міндеттемелерін іске асыруға арналған талқылау кезінде Премьер-Министр Асқар Мамин мәлім етті, деп хабарлайды "Мәдениет порталы" ҚазАқпарат тілшісіне сілтеме жасап.
Оның айтуынша, Жол картасының екінші бағытындағы (Зияткер, саламатты және ыждағатты ұлт) мақсаттарды шешу үшін 69 іс-шара қамтылған.
«Мәдениет пен ғылымды қолдау, сондай-ақ елдің зияткерлік әлеуетін дамыту жұмыстары жалғасады. Жыл сайын қазақстандық 500 ғалым әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында тағылымдамалармен қамтамасыз етілетін болады», - деді А. Мамин.
Оның сөзіне қарағанда, 2025 жылға қарай мәдениет саласының 1500 нысаны салынады және жөндеуден өтеді. Жыл сайын 300 нысан құрылыспен және жаңғырту жұмыстарымен қамтылады.