Алыстағы әлдебір ноқатқа қадалған ойлы жанары мен кәрі қыздікіндей мұңлы, бәсең дауысынан ол ө...
Лев Толстойдың нақыл сөздері
Оқырмандарға 1828-1910 жылдары өмір сүрген, әлемге терең ойларымен мәшһүр болған орыс жазушысы Лев Толстойдың нақыл сөздерін ұсынамыз.
Арада махаббат оты бар неке ғана бақытқа кенелтеді.
***
Шындық, мейірімділік, қарапайымдылық жоқ жерде ұлықтық болмайды.
***
Адамдардың бір-бірін дұрыс танымауы немесе шамадан тыс тануы олардың жақындасуына кедергі болады.
***
Адамның көркі - дұрыс өмір сүруінде, өмірдің көркі - еңбекте.
***
Көп адамның істері мен ойлары ақыл арқылы табылған нәрсе емес. Көп жағдайда еліктеудің нәтижесі.
***
Тіпті сәбилермен де шыншыл бол. Оларға өтірік айту арқылы жалған сөзге тәрбиелейміз. Балаларды тәрбиелеудің жалғыз жолы - олармен шыншыл болу.
***
Өмірде ештеңе тектен-тек болмайды. Біз тағдырды қабылдамаймыз, қайта соны жасаушымыз.
***
Білімнің санынан гөрі сапасы маңыздырақ. Көп нәрсені біле тұра, ең маңызды нәрсені білмеу - білімді пайдасыз етеді.
***
Ұлы шындықтар әрқашан түсінікті және қарапайым.
***
Ең ұлы билік - өз-өзіңді билеу.
***
Тәрбиелеу - адам бойынан ұждан мен арды ояту ғана.
***
Уақыт бір орында тұрмайды. Бірақ айтылған сөз бен істелеген іс сол күйі қалады.
***
Өлім туралы ойлар өмір сүру үшін қажет. Салдары үлкен ойлар әрқашан қарапайым болып келеді.
***
Бақытты отбасылар бір-біріне ұқсас келеді. Ал әр бақытсыз шаңырақтың өзіне тән қиындықтары бар.
***
Бізді біреу сүйгенде, өзгелерден артық екенмін деген ойға келуіміз мүмкін. Шындығында, адам махаббатын өзі жақсы болып, кеудесі кең болғандықтан ғана төгеді.
***
Өз-өзіңді сыйлау мен өзімшілдік екі бөлек нәрсе.
***
Жақсылықты құпия түрде жаса, сонда біреуге көмек көрсеткендіктің тәтті дәмін сезе аласың.
***
Ғылымның мақсаты - адамға қызмет ету.
***
Жүрекпен істелген жақсылық ең алдымен өзіңе пайда.
***
Шынайы бақыт - өзгелер үшін өмір сүру.
***
Ұстаз өз ісін сүйсе, жақсы оқытушы болатыны анық.
***
Қызға еліктейтін жігіттің сүйкімсіздігі секілді, жігітке ұқсағысы келетін қыз да тартымды болмайды.
***
Көпшілікпен өмір сүре отырып, жалғыз қалған кездегі тапқан ойларыңды ұмытпа.
***
Жалғыз қалған кезде көпшілікпен араласқан кездегі ұққан нәрселерің туралы ойлан.
***
Өмір таусылмас қуанышпен өтуі тиіс. Басқа қандай қайғы келсе де, өмірді бақытты, қуанышқа толы етуге болады.