Құлпытастың көз жасы

КІТАПТАР
2936

Өмірлік шындықты көркемдік биік талғам тұрғысынан ашық та айқын көрсетуді жалпы суреткер атаулыға ортақ шығармашылық мақсат деп қарайтын болсақ, бұл кітаптағы жазушының əрбір көркем шығармасындағы ой-қуаты мен сөз тасқыны кім-кімді де бей-жай қалдырмасы анық. Заман мен қоғам жəне адам аралығындағы тіршіліктің үш болмыс кеңістігіндегі кереғарлықтар мен өзара ықпалдастықтар, теріс көзқарастар мен дағдылы ой пікірлер шарпылысы, пенделік тағдырдың тамшы уы, өкініші мен қуанышы, ізгілік атаулының жасампаз жеңісі көркемдік тұрғыдан айшық тапқан. Өткен өмірдің мəртебелі мінберінен қарайтын ізгілік мұраттардың бүгінгі күндегі мүшкіл халі, дəстүрлі ғадеттердің жанашыл үрдістермен үнемі ымыраға келе бермейтіндігі, адам мінезінің алуан қырлылығы, оның қия құздары, шынырау тереңдігі суреткер жазушы тарапынан жан-жақты екшеліп, тартымды əрі нанымды қарастырылған. Жазушының əңгімелері қарапайым өмір тіршіліктің өзегінен нəр алып, күрделі философиялық ой түюге бейім келеді. Тілі көркем де бай, ойы орамды.

author

Жабал Ерғалиев

ЖАЗУШЫ

Жаңалықтар

Марбург вирусы тудырған жаңа қауіпті инфекцияға байланысты Қазақстанды эпидемиологиялық жағдайды бақ...

Жаңалықтар

Алматыда 53 жастағы қала тұрғыны алаяққа алданып қалды, деп хабарлайды madeniportal.kz. ІІМ-нің мәл...