Елордалық жастар Астана мен Алматы қалаларында 500-ден астам әртүрлі жастағы тұрғыннан Елтаңбаның 6...
Түркістанда «Береке, бірліктің символы – Тайқазан» көрмесі ашылды
«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің ұйымдастыруымен еліміздің тарихында өзіндік орны бар Тайқазанның Түркістан қаласына қайта оралған күніне орай «Береке, бірліктің символы - Тайқазан» көрмесі ашылды.
Кесенеге келушілерді көрме жәдігерлері арасындағы ағаштан жасалған алып Тайқазан ерекше қызықтырды. Тайқазан көшірмесінің авторлары - Шымкент қаласындағы №90 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-гимназиясының ұстаздары Қыдырғали Агибаев, Пердехан Тансихов және Болат Серікбеков.
Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде ұйымдастырылған көрме экспозициясына Тайқазанның құйылған орны мен 1935 жылы Ленинград (Санкт-Петербург) қаласындағы Иран шеберлерінің III Халықаралық конференциясына алып кеткен және қайта оралған сәттерінен суреттер, жәдігердің қайта оралуына байланысты тарихи құжаттар, кітаптар, музей, қала әкімшіліктерінің Үкіметке, Жоғарғы кеңеске, Халық депутаттарына жазған хаттары мен жеделхаттарының көшірмелері, қолөнер шеберлері Қалмырза Тасов, Насыр Хамрақұлов, Жанболат Байдаулетов, Қыдырәлі Әжібаев, Абай Рысбаев жасаған Тайқазан көшірмелері және әр жылдары сыйға тартылған музей қорында сақталған жәдігерлер қойылды. Карантин талаптарына сәйкес көрмеге келушілердің сақтық шаралары сақталған.
Көрме бір ай бойы Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне келушілердің назарына ұсынылады.