Ширыққан тартыс, шиеленіскен қайшылық адамның жан дүниесінде бұлқынып, аласұратыны шындық. Сол шынды...
Жүкел Хамай. «Күлге айналып жанып кеткен - ғажапты!»
1480
Иə, ақындар жанады. Қай заманда да, қай дəуірде де адамзаттың оттығы - ақындар болған. Пайғамбарлар да - ақындар. Арғысын айтпайық, бергі Бруно, кешегі - Егер, мен өртенбесем, егер, сен өртенбесең, деп, / Назым Хихмет / отқа оранып өлең жазатын ақындар ше?!Иə, ақындар "өртенеді". Өрттің соңы - Қазақ Поэзиясындағы Серік Ақсұңқар. Бұдан бұрын Махамбет, Қасым, ... Өтежан Нұрғалидар болды. Айналайын, Кеңес дəуірінде Одақтың "отын ойрандап", мінезді өлеңімен танылған да осы - Серік Ақсұңқар!.. Серіктің өлеңдері: Өңім бе деп,- түсім бе, Сан қиянда сандалған,- Зар заманның запыраны ішінде, Ақсұңқар мен Һалифа да өтті-ау, жалғаннан? деп, басталды... Бәйтеректің мен-дағы бір бүртігі, Бұтақ болып өсіп, бұлтқа жетпеген. ... Ақсұңқар мен Һалифаның бір күні, Шыбын жаны бір тыншыса деп келем... "Егер, мен өртембесем..."деген Назым Хихметтің Серікке текпен туысатындығы белгілі. Ал, Қызыларай, Шайтан көл - Серіктің Абылай хан, Кенесарыдан бері қызғыштай қорып, сақтап, əр селеу, əр тасжарған, əр жусанының бүрінен өлеңін өріп жүрген арқасы. Алып - Сарыарқасы. Серік Ақсұңқар - Сарыарқаның қазіргі күнгі бірден-бір тірі, поэзия мен адами танымға адал ақыны. Ол Күлтегін, Тоныкөктерді аңсайды. Арқаға Поэзия жасап кеткен Мағжанның шырағын өшірмегесі келеді. Қиялында Күлтегенді оятып, күні-түні сырласқысы келеді. Себебі, Кенесарыдан кейін Арқаны сары шəйтін басты. Ер Кененің басы кесіліп, кең өріс - Арқа сары, қара шəйтандарлың жын ойнағына айналды... Серік сол "ойнақтардың" күлтесінен ақын болып туылып, ақын болып оянды. Жай, сылбыр ақын емес, мінезді ақын. Қарағанды Серік дүниеге келген кезде, қағылған қара шекпен, қара көмір, қара темір қорытқан орыс айдауылларының мекені еді. Сол "мекенді" Серік өр рухты өлеңдерімен оятты. Осыдан 30 жыл бұрын Қарағандыға жол түсіп, Қарқалыға дейін "ИКАРУС" автобус, "Жинули", "ИЖ" марқалы СССР көлік, мотоцикілдерімен аралап көрген едім. Сол тұста елкезек-ау дегендерден Серікті сұрастырып жүргем. Майлышаттағы бір шахтёр "вызырыв инженер": Ол, жынды, сені сабайды!", деп, жолатпаған. Кейін, 20 жылдан кейін көргем, "жынды" түгі де жоқ, жайтарақат, темекісін тұтатып, сөз тыңдап, сөзге салиқалалы жауап беретін, сөзінен ойы ауыр, арқасында елінің ауыр жүгі бар, нағыз тума ақын екенін түсінгенмін.... Серіктің “Шәйтан көл” әнін еске алыңыз! Біз ақынның " Наран эргүүлэг" - "Ғаламшар төңкерілісі" деген кітабын моңғол тіліне аударғанбыз. Сол кітаппен бірге үш қазақ ақының өлеңдері моңғол тіліне аударылды. Соларды оқыған моңғол достардың айтқаны - Анау, үшеудің бірі ғана нағыз ақын екен. Оның ақындық халып, мінезі ғажап, нағыз "жынды ақын",біз қазақтан осындай Олжас текті нағыз ақындарды күтеміз", дегенді. Соңында осы моңғол ақындар, кейбір ақын қыздары Секеңмен тілалысып, əмпей-жəмпей де болып кетті-ау, деймін. Серікті, Серіктің қылығын, Серіктің ақындығын бірер сөзбен айтып тауысу мүмкін емес. Ол ежелгі түркілерді оятып жүр! Серік АҚСҰҢҚАР МҰНАЙ ЗАМАНЫ Күнім түсіп қайдағы бір жаманға,-- Өзек жалғар талшығымды табам ба? Өмір сүрген мендей ақын бар ма екен, Мұнай деген құдай болған заманда. Көктей өтіп Көк Түріктің өр елін, Өз елімді келді-ау, нұрға бөлегім. Иномаркалардың маторларында, Бензин болып жанып кетті өлеңім... Мұнай-Тақсыр өртке қарай тақымдап, Қайдағы бір қу мен сұмда хақым ғап; Мен де жандым, (бензиннен де тез жандым),-- Лаулап! Заулап! Өршіп өрде-- Лапылдап!!! Мөлт-мөлт еткен көздің жасы жанарда,-- Жанып кетті--тамшы болып тамарда! ... Отқа оранған мендей ақын болған жоқ, Мұнай келіп құдай болған заманда. *** ЖҰМЕКЕННІҢ ЖҮРЕГІ Бөлек еді болмысы да, әуені, Кезіп жүріп бұлбұл бағын мәуелі-- Өмір деген рингте өзеуреп, Өзі менен өзі айқасты әуелі. Өзі шындап қажыр-қайрат сезімін, Төкті әлемге өз шуағын көзінің. Жеңу үшін пенделігін өзгенің, Быт-шыт қылды пенделігін өзінің! Шалқыған жоқ шарап ішіп-шатысып, Барлардағы қан базарға қатысып. Біліп алды бір пенденің ішінде, Пушкин – Дантес жататынын атысып! Шымырлаған ой мен сезім-кескінде, Сөйлеген жоқ жырдан басқа еш тілде. Тіршіліктің күйкі қамын күйіттеп, Тісін жарып көрген емес – Ешкімге! Көп пендеден қайтып әбден меселі, Қайтара алмай езге кеткен есені, - Қыл, қыбырдай соқыршекке тоғысқан, Жүрегіне шөге берді кеселі... Құлағында – Хиросима сарыны. Бара жатты демі бітіп, тарылып. Сыйғыза алмай өрт пен дертті, Жүрегі оның кетті кенет жарылып! Өмір сүріп жүріп – жүрміз шатысып, Қилы-қилы қан базарға қатысып. Ішімізде – бірін-бірі жеңе алмай, Пушкин менен Дантес жатыр атысып! Жүрміз бірде үстем боп та, тең де боп, Жүрген жоқпыз рахаттан кенде боп: Пушкин жеңген күні бір сәт – адам боп. Дантес жеңген күні – күйкі пенде боп! Жүрміз... сөйтіп әлі талай жүреді – !згілік пен Зұлымдықтың сүрені – Бәрінің де жүрегіне жүк артса, Жарылмас ед – Жұмекеннің Жүрегі!