Нұрсұлтан Назарбаевты 80 жылдық мерейтойымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, Ұлттық қауіп...
М. Әуезов театры «МОНОДРАМА» байқауын жариялады
2383
М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры «МОНОДРАМА» байқауын жариялайды 1. Байқаудың мақсаты мен міндеттері: - қазақстандық авторларды қолдау; - театр репертуарын жаңа туындылармен толықтыру; - жаңа көркемдік кеңістіктердің игерілуіне жол ашып, драматургияда жаңа есімдердің пайда болуына және олардың кәсіби өсуіне мүмкіндік тудыру. 2. Байқауды өткізу мерзімі: - пьесалар 2020 жылдың 1 қыркүйегінен 2021 жылдың 1 наурызына дейін қабылданады; - байқау нәтижесі 2021 жылдың 27 наурыз – Халықаралық театр күніне орай жарияланады. 3. Байқаудың өткізілу тәртібі: Байқау келесі номинациялар бойынша өткізіледі: - үздік тарихи монодрама; - үздік заманауи монодрама; - үздік инсценировкалық монодрама. * * * - байқауға республика азаматтары және шетелдегі қандастарымыз қатыса алады; - байқауға қазіргі театр талабына сай жазылған, бұрын қойылмаған, жарияланбаған, өзге байқауларға қатыспаған жаңа монодрамалар, моноинсценировкалар (автор туралы мәліметтермен және автор суретімен қоса) жолдануы шарт; - авторлар бірнеше номинацияға қатыса алады, номинацияда көрсетілген әрбір жанрға бір шығарма ғана ұсынылады; - байқауға ұсынылатын пьесалар компьютерлік 20 беттен аспауы тиіс (шрифт Times NewRoman-14); - монодрама, моноинсценировкалар teatr_auezov@bk.ru электронды поштасына МОНОДРАМА БАЙҚАУЫНА деген тақырыппен жолдануы шарт; - байқауға түскен шығармаларды кәсіби мамандардан тұратын Сарапшылар кеңесі сараптайды. 4. Байқау қорытындылары бойынша: - үздік деп танылған бір монопьеса не моноинсценировка театр репертуарына алынып, сахналанады; - көркемдік тұрғыдан сараптан өткен бірнеше туынды көрермендер назарына телеспектакль түрінде ұсынылады; - сонымен қатар сәтті деп танылған кей монопьесаларды режиссерлік, актерлік лабораторияларда оқу, сондай-ақ жеке жұмыстар түрінде қою ұйымдастырылады.
Ескерту: Театрдың пьесаны сахналау (түсірілім жасау) барысында редакциялау, өзгеріске ұшырату (автор келісімімен) құқығы бар.
Анықтама үшін: 8 (7273) 78-54-00 Қабылдау бөлмесі