«Уақыттың бар болуы – барлық оқиғаның бір кезде болмайтындығымен тікелей байланысты&raqu...
Йохан Хёйзинга. Homo Ludens. Мәдениеттің ойындық элементін анықтау тәжірибесі.
Алғы сөз – Кіріспе
Біздер, адамдар, Ақыл-ойды өзімізше қадірлеп ардақ тұтқан жарқын бейнелі XVIII ғасырда бізге аңғырттықпен ой-санамызға сіңіргендей, аса ақылды бола қоймаған шақта, біздің түр-сипатымызға атау беру үшін Homo sapiens-пен қатар тағы бір Homo faber-ді, адам-жаратушыны қойыпты. Біріншіге қарағанда, екінші термин біршама тәуір шыққан, өйткені faberi, жаратушылар, мән-маңыз және кейбір жануарлар болып саналады. Жаратушы үшін әділ болмақтың баршасы ойын үшін де әділ болмақ. Сонда да маған Homo ludens, ойнаушы жан жаратушы адам ретіндегі елеулі функция атқаруды білдіреді, және де ол Homo faber-мен бір қатарда тұрып өз орнын алуға тиісті.
Бұрыннан келе жатқан бір ой былай демек, әгәрки кез келген адамдық іс-қызметті біздің санамыздың соңғы шегіне жеткізіп талдайтын болсақ, онда ол ойын мағынасынан әріге ұзай қоймайды. Кімде кім осы метафизикалық қорытындыға разылық танытса, ол адамға бүл кітапты оқудың қажеті шамалы. Маған қалай болғанда да ол, әлемде бізді қоршап тұрған барлық нәрсенің ерекшелікті жәйті ретінде ойынды назардан қағыс қалдыру үшін, жеткілікті дәрежедегі негіз болып көрінбейді. Сонау кездерден бері адамдық мәдениет ойында ойын сияқты туындайды және өрістейді деген сенімге аяқты нық тіредім. Мен үшін проблема ойынның мәдениеттегі басқа да талай құбылыстар арасында қаншалықты орынға ие болатындығында емес, керісінше, мәдениеттің нақ өзі қаншалықты ойындық сипатқа ие деген тұжырымға байланысты болған еді. Мен үшін маңыздысы - бұған да осы сияқты жан-жақты баян етілген штудия - ойын ұғымы, егер осылай бейнелеп айтар болсақ, оны мәдениет ұғымына біріктіру болатын.
Ойын бүл арада - басқаша немесе бірінші кезекте биологиялық функция сияқты емес, мәдениет құбылысы ретінде қарастырылады, және культурологиялық ойлау құралдарымен зерттеліп, талданады. Оқырманның өзі-ақ, менің қаншалықты мүмкін боларлықтай дәрежеде ойынды психологиялық мән-мазмұнда егжей-тегжейлі түсіндіріп беруден бой тартатындығымды, мейлі ол қандай дәрежеде маңызды бола-ақ қойсын, байқайтын болар, әрі мен қажеттілікке орай фактілерге және әр түрлі халықтардың тұрмыс-тіршілік ақиқатына барынша бойлай түсетін тұстардың өзінде де, этнология ұғымдары мен айғақтарын барынша там-тұмдап қолданамын. «Магиялық» термині, мәселен, кітапта бар болғаны бір ғана рет - жалқы рет қана ұшырасады, «тапа» термині және осы сияқтылар мүлде де ауызға алынбайды. Егер де мен өз тұжырымдарымды тезистер түрінде жинақтайтын болсам, онда олардың бірі шамамен, былайша айтылған болар еді: «Этнология және оған туыстас ғылымдар ойын ұғымына мүлде аз орын қалдырады». Кез келген жағдайда ойынға қатысты ортақ қолданыстағы терминологияда маған бүл жеткілікті болған жоқ. Мен сын есімдегі «ойын» сөзіне ұдайы түрдегі қажеттілікті бастан кешіріп отырдым, бұл сөз жай ғана «ойынға немесе ойын үдерісіне тиесілі нәрсе» дегенді білдірер еді. Speels (ойынпаз, әзілқой) бүл жерде кәдеге аспауы мүмкін емес-тұғын, бұл сын есім мейлінше өзіндік, ерекшелікті мәнге ие. Сондықтан да мен өзіме «ludiek» («ойындық») сөзін енгізуге мұрсат етпекшімін. Шамаланып отырған сөзүлгі латында болмаса да, дыбысталуы жағынан оған жақын саналатын «ludique» француз тіліндегі психология бойынша жазылған шығармаларда ара-тұра кездесіп қалады.
Енді, мен оз жұмысымды жұртшылық талқысына ұсынған кезімде, оған жұмсалған қисапсыз күш-жігерге қарамастан, менің бойымды қорқыныш билеп алады, көптеген кісілер бүл кітапты аса нанымды болып шықпаған құжат жүзіндегі импровизация ретінде түйсініп қабылдайды. Жекелей алғанда, мәдениет проблемасын зерттеуді қолға алған әрбір адамның тағдыр-талайы осындай, өйткені оған әрбір жолы өзі үшін тәуекел-тауқыметі мол көптеген салаларға терең бойлауға тура келеді, бұларға бойлай келе ол өзін үйіндегідей жайлы сезіне алмасы анық. Дегенмен, білімнің барлық ақтаңдақтарын күнілгері толтыру мүмкіндігі мен үшін сарқылып-ақ қалғандай еді, және мен әрбір титімдей нәрсе бойынша тиісті дерек көздерін сілтемелерден іздеп тауып отырдым. Мәселе мен үшін былайша қойылды: қазір жазу керек пе немесе мүлде жазбау керек пе. Менің жүрегімде ұялаған жайлар туралы. Сөйтіп, мен жазып шықтым.
Лейден, 1938 жылдың 15 маусымы
I. Табиғат пен ойын мәні мәдениет құбылыстары ретінде
Ойын өзінің пайда болу құбылысы жағынан мәдениеттен ертерек мезгілде дамыған, өйткені, мәдениет ұғымы, оны жұрт қаншалықты жетілмеген дәрежеде анықтап-ақ қойса да, кез келген жағдайда адамзат қауымы оны осылайша қарастырады, ал жан-жануарлар өздерін ойнату үшін қажетті болып табылатын адамның пайда болуын әсте де күтпеген. Иә, адамзат өркениеті ойынның жалпы ұғымына ешбір елеулі дәрежедегі нышан-белгіні әлі енгізе қоймады деп енді сенімділікпен айтуға болатындай. Жан-жануарлар да құдды адамдар сияқты ойнайды. Ойынның күллі негізгі сипаттары жан-жануарлардың ойынында да бар. Олар бір-бірін салтанатты кескін-кейіптер мен ым-белгілердің ұқсастығын пайдаланып, бірге ойнауға шақырады. Олар қалыптасқан бағзы қағида-ережені сақтайды, мысалы, ойын барысында серіктесінің құлағын қыршып алуға болмайды. Олар сырт көзге барынша ызалы болып көрінеді. Маңыздысы сол, олар әдетте осылай ете отырып, зор ләззат пен қуаныш сезіміне бөленеді. Мұндай ойын асыр салып ойнақтағандардың көңілін көтереді - бүл жан-жануарлардың ойынының қарабайыр түрлерінің бірі ғана. Ойынның будан да жоғары сатыдағы, бұдан да дами түскен түрлері бар: аталған жарыстар мен көңіл көтеру көріністері барша көрермендерге арналған.
Бұл арада салған жерден мейлінше маңызды саналатын тармақты айрықша атай кету қажет. Ойын өзінің қарапайым түрлерінде және жан-жануарлардың өмірінде-ақ таза күйдегі физиологиялық құбылысқа немесе физиологиялық жағынан байланысты болып келетін нақты реакцияға қарағанда оған қатысты әлдебір үлкен де зор мағынаны білдірмек. Ойын - мән-мағынаның алуан қырлары бейнеленген мазмұнды функция. Ойын барысында оны «қоштап отырады», онда тіршілік қалпын жандандыруға тікелей ұмтылыс танытудан асып кететін әлдебір нәрсе бой көрсетеді және аталған әрекетке белгілі бір мағына үстейді. Қайсы бір ойын әлденені білдіреді. Егер, ойынға оз мән-маңызынан хабар беретін осы бір белсенді қағиданы рух деп атасақ, бұл әсірелегендік болып шығар еді; оны түйсік деп атасақ - ештеңе айтпағандық деген сөз. Оған біз қалай қарамайық, не болғанда да ойынның бүл «мәнімен» ойынның шын мәнісіндегі әлдебір имматериалдық элементті айқын таниды.
Психология мен физиология коп уақыттан бері жан-жануарлардың, балалар мен ересектердің байқап бақылауымен, сипаттауымен және түсіндіруімен айналысып келеді. Олар ойын табиғаты мен мән-маңызын белгілеуге және болмыс тұрғысынан алғанда ойынға лайықты орын беруге талпынуда. Кез келген ғылыми зерттеуде, кез келген ғылыми көзқараста сөзсіз және жан-жақты дәрежеде бастапқы нүкте ретінде мынадай ой назарда ұсталады, яғни, ойын өмірде маңызды орынға ие, ол өмірде қажетті, не болса да, пайдалы нәрсені, функцияны атқарады. Осы бір биологиялық ойын функциясын анықтаудың талай мәрте қолға алынған әрекеттері мейлінше елеулі дәрежеде таралады. Біреулер үшін өздері ойынның пайда болу көзін және түп-тамырын анықтап тауып, оларды өмірдегі шамадан тыс бұла күштің сыртқа шығуына мүмкіндік беретіндей болып көрінді. Ал екінші біреулердің пікірінше, тірі жан иесі, ойнай жүріп, еліктеу қасиетінің туа бітті түйсігіне бағынады. Олар ойын демалыс пен бой сергітудегі қажеттілікті қанағаттандырады деп шамалайды (ontspanning). Кейбір адамдар ойын барысынан өмірдің талап етуі ықтимал байыпты іс алдындағы өзіндік алдын ала жаттығуды танып-біледі, немесе ойынды өзін өзі еңсерудегі жаттығу ретінде қарастырады. Өзге бір кісілер үсті-үстіне туа бітті қажеттіліктен бірдеңе үйреніп қалуды немесе бірдеңе жасауды не болмаса жолбасшылыққа немесе бәсекелестікке ұмтылуды іздейді. Ең ақырында, ойынға зиянды ниеттердің кінәратсыз түрдегі өтемі ретінде, қайталанып отыратын біржақты іс-қызметтің қажетті дәрежедегі орнын толтыру құралы ретінде немесе қалау-тілектердің шынайы өмір жағдайындағы орындалмас әлдебір ойдан шығарылған нәрсені қанағаттандыруға және осылай ете отырып жеке тұлға сезімін сақтап қалу ретінде қарайтындар да табылып қалады.
Осы түсіндірмелердің барлығында да баршасына ортақ нәрсе мынау болып табылады, яғни, олар ойын өз кезегінде пәлен деген биологиялық мақсаттылыққа қызмет етуші өзгеше бір нәрсе үшін жасалады деген пәлсападан туындайды. Олар ортаға былайша сауал тастайды: ойын неге және не үшін болып өтеді? Бүл сұрақтың ізін ала берілетін жауаптар тіпті де бірін бірі теріске шығармайды. Осы жоғарыда санамаланып көрсетілген түсіндірулердің бірінен соң бірін қабыл алуға әбден болады, солай ете отыра ұғымдардың санаға салмақ түсірер шым-шытырық иіріміне түсіп кетуге болмас. Осыдан келіп мынадай қорытынды шықпақ, яғни, барлық осы түсіндірулер кей жағдайда ғана дұрыс. Тым құрығанда олардың бірі жеткілікті болып шықса, осы бірі қалғандарын жоққа шығарған не¬месе оларды анағүрлым жоғары реттегі пәлен деген бірлікке жұтып алған болар еді. Сауал: өзіндік ойын немесе өзі үшін арналған ойын бар және ол ойнайтындардың өзі үшін нені білдірмек? - осы түсіндірулердің басым бөлігі бар болғаны қосалқы орынға ғана ие. Олардың авторлары ойынға тұспалдауларсыз, тәжірибелік ғылым құралымен, алғашқыда ойынның терең эстетикалық мазмұнына ешбір қажетті қызығушылықсыз қарайды. Әуелдегі ойынның сапасы көбіне-көп бүл жерде сыртта қалып қояды. Келтірілген түсіндірулердің бірде-бірі мына сұраққа тікелей жауап бермейді: «Жақсы, сондағы ойынның «нәрі» неде? Неліктен жас бала шаттықтан алақайлап отыр? Неліктен ойын қызығына берілген ойыншы дүниені ұмытып кетеді,
неліктен көпшілік жарыс нөпір халықтың өлермендігіне ұласады?» Ойынның қызулығын ешқандай да биологиялық талдаумен түсіндіріп беру мүмкін емес. Сонда да болса осы қызулық барысында, осы қабілеттілікте жынын шақырған бақсыдай болу екпінінде ойынның түпкі себебі, оның әу бастағы сапа-қасиетінде жатыр. Қисынды жасалған пайым бізге былайша үн қатпақ: Табиғат өз перзенттеріне шамадан тыс қуаттың барлық пайдалы жақтарын, күш кернеуінен кейінгі демалыс сәтін, өмір сынақтарына дайындықты және орындалмаған арман-тілектердің өтемін, ең болмады деген күннің өзінде таза дене жаттығулары мен реакциялар түріндегі бой сергітулерді бере алған болар еді. Жоқ, ол бізге күш-кернеуі мол, қуанышы, қалжыңы мен ермегі жетерлік Ойынды берді (grap).
Осы соңғы элемент, ойынның aardigheid (әзілқойлық, көңіл көтерушілік, ермектілік) элементі қайсы бір болмасын талдауға, қайсы бір болмасын қисындық тұрғыдан алғандағы егжей-тегжейлі түсіндіріп берушілікке қарсылық етеді. «Aardigheid» сөзінің өзі осындай мағынада көптеген мәнге ие болмақшы. «Aard» (мінез, тұрпат, тек, тур) түбірінен басталатын оның түп-төркінінде этимологияға будан әрі дендеп енетін жер қалмады деген ұғымды сөзсіз танытқандай. Біздің қазіргі заманғы тілдік сезіміміз үшін бұл ажырамастық, сірә да, дәл ағылшын тіліндегі «fun» («әзіл, көңіл көтеру, ермек») түбірі сияқты нақты бейнеленбеген шығар, ол өзінің ортақ қолданыстағы мәнінде салыстырмалы түрде алғанда бұрыннан да бар. Біздің «grap» және «aardigheid» сөздерін қоса алғандағы сөздеріміз мәні жағынан бір-біріне жақын бола тұрса да, басқа қырынан қарастырғанда немістің «Spab» («қалжың») және «With» («әзіл-оспақ, өткірлік») сөздерімен үндеседі. Өйткені, нақ осы аталған элемент ойынның мәнін анықтайды. Ойында біз әрбір адам үшін сөзсіз мойындалған абсолютті дәрежедегі бастапқы өмірлік шамамен, егер осы есімге лайық болып жатса, әлдебір жаппай тұтастықпен байланысты қарастырылатын мәселемен бетпе-бет келеміз. Біз ойынды тұтастық қалпында ұғынуға және бағалауға тиіспіз.
Ойын деп аталатын, кез келгенге және әркімге де қолжетімді болып табылатын Ақиқат, осы мезгілде және сонымен бір мезгілде жан-жануарлар әлеміне әрі адамдар әлеміне де ұласып жатады. Сол себепті ол қандай бір болсын сенімді тірек-тұғырға иек арта алмақ емес, себебі ондағы ақыл-сана негіздері оны тек адамзаттық дүниемен ғана шектеп қояды. Ойынның пайда болып өмірге енуі мәдениеттің белгілі бір дәрежесіне де, дүниетанымның белгілі бір түріне де таңылып қалып отырған жоқ. Кез келген ойлаушы жан иесі осы бір ақиқатты - ойынды өз көрінісінде шұғыл түйсіне алады, «ойнаушылық» - егер оның өзіндік тілі осы ұғымның жалпы сөздік мәнеріне ие бола қоймаған күннің өзінде, дербес түрдегі әлдебір нәрсе болып шықпақшы. Ойынды теріске шығаруға болмайды. Түгел дерліктей абстрактылы ұғым-түсініктерді жоққа шығаруға болар: құқықты, сұлулықты, ақиқатты, ізгілікті, рухты, Құдайды. Байыптылықты жоққа шығаруға болады. Ойынды -болмайды.
Оны қаласын немесе қаламасын, ойынды мойындай келе, рухты да мойындайды. Өйткені, ойын, оның мән-маңызы қандай болмасын, әлде қандай бір материалдық нәрсе емес. Қазірдің өзінде ол нақты тіршілік етудің шекараларын талқандап, күйретуде. Детерминдендірілген мәнде түйсінілетін әлемнің, күштердің бірыңғай әрекеті әлемінің көзқарасы тұрғысынан алып қарағанда, ойын өзінің толық мағынасында шын бар болып отыр «superabundans» («артық нәрсе, молшылық»). Осы жалпыға ортақ детерминділікті сылып тастайтын рухтың араласуымен ғана ойынның бар болуы мүмкін боларлық, ойлаушылық, қол жетерлік болып шығады. Ойынның болмыс-бітімі әр кезде де, оның үстіне жоғары мәнде, Кеңістіктегі біздің жағдайымыздың супралогиялық сипатын растайды. Жан-жануарлар ойнай алады, демек, олар жай механизмдерге (тетіктерге) қарағанда үлкен мәнді білдіреді деген соз. Біз ойнаймыз, және де ойнай тындығымызды білеміз, демек, біздер қарапайым тіршілік иелеріне қарағанда анағүрлым жоғары мәнге иеміз, өйткені, ойын - санадан тыс шаруа.
Кімде-кім жан-жануарлардың өміріндегі емес және балалардың өміріндегі емес, керісінше мәдениеттегі ойын функциясына назар аударатын болса, онда ол ойын ұғымын оның биология мен психологиядан тысқары жатқан бөлігінде қарастыруға құқылы. Ол ойынды мәдениеттен мәдениеттің өзінен бұрын тіршілік етуші, ең басынан бастап өзі өмір сүретін мәдениеттің сол кезеңіне дейін қоса еріп жүретін әрі оған бойлай түсетін берілген шама ретінде таниды. Ол жер-жерде ойынның іс-қызметтің белгілі бір сапасы, «үйреншікті» өмірден тәуір болып көрінетін жағдайда көрініс табатындығын байқайды. Оның аталған сапаны сандық факторларға әкеліп үйлестіруге ғылыми талдау жасаудың қаншалықты ықпал ететіндігін ойланбауына да болады. Себебі, оған өзі ойын деп атайтын өмірлік үлгіге тән болып табылатын қасиетті анықтау әлдеқайда маңызды. Ол енді ойынға жалпы эсер етуші кәдуілгі қолдау негіздерін іздемек емес, бірақ ойынды оның әр алуан нақтылы түрлерінде тікелей әлеуметтік құрылым ретінде қарастырады. Егер ол ойын белгілі бір бейнелі іс-әрекеттерге, ақиқаттың жұртқа мәлім «түрленуіне» арқа сүйейді деген тұжырым жасаса, онда ол бірінші кезекте осы бейнелердің құндылығы мен мәнін және кескін-кейіпке түрленудің өзін де түсінуге тырысады. Ол осылардың көрініс беруін ойынның өзінен бақылап-білуді және ойынды мәдени өмірдің факторы ретінде ұғынуды қалайды.
Адамзат қауымының бастапқы кездегі іс-қызметінің маңызды түрлері ойынмен араласып, астасып кетеді. Тілді алып қарайықшы, ол ең алғашқы әрі ең жоғары сатыдағы құрал, оны хабарласу, оқыту, бұйыру үшін адам дамытып, тудырған. Тілді қураушы рух әрбір жолы ойын жасай отырып материалдық деңгейден ойлау деңгейіне қонақтап отырады. Абстрактылы ұғымның әрбір көрініс-бедерінде бейне, теңеу, ал әрбір теңеуде соз ойнатулар жасырын тур. Осылайша адамзат қайта-қайта табиғат дүниесімен қатар болмыстың өз көрінісін - өзінің екінші, ойдан құралған дүниесін тудырады. Немесе мифті алып қарайық, ол да болмыстың жүзеге асуы болып табылады, бірақ жеке сөзге қарағанда, неғұрлым жетілдірілген түрде. Ерте даму сатысындағы мифтің көмегімен олар жер үстіндегілердің тіршілігін түсіндіруге, тәңірлік дүниеде адамдық іс-қызметтің әуелгі себептерін табуға тырысады. Әрбір осы әдемі назды кейіптегі миф тұлғалап білдіретін қабықшалардан алынған жасампаз рух әзіл-қалжың мен байыптылықтың межесінде ойнайды. Ал, ең ақырында, табынуды-ақ алып қарайықшы. Бұрынырақтағы қоғам әлемнің абатшылығының, дәріптеудің, құрбандық шалудың, ойында осы сөздің шын мәнісінде ұғынылушы мистерияның кепілі саналатын өзінің қадір-қасиетті іс-әрекеттерін жұмсайды.
Миф пен табынуда, алайда, мәдени өмірдің ұлы қозғаушы күштері жарыққа шығады: құқық пен тәртіп, араласу, кәсіпкерлік, кәсіпшілік пен өнер, поэзия, ғалымдық еңбек пен ғылым. Сондықтан да олар ойындық іс-әрекеттің топырағына тамыр тартып, бекиді.
Бұл шығарманың мақсаты - күллі адамзаттық sub specie ludi (көру бұрышы бойынша, ойын белгісімен) мәдениетке шолу жасаудың заңдылығы жай ғана риторикалық салыстырудан артық ештеңе де емес. Өздігінше алғанда бұл барша жұрттың аузында жүрген болатын. Бұл улы әлемдік сахна пайда болған шақта, XVII ғасырдың бас кезінде болған еді. Шекспирден басталып Кальдерон мен Расинге дейін жалғасатын есімдер кезектілігінің арқасында драма жүзжылдықтың бүкіл поэзия дәуірінде көш бастады. Әрбір ақын өз кезегінде дүниені әрбір адам өз ролін ойнайтын театрмен салыстырды. Сөйтіп, мәдени өмірдің ойындық сипатын барша жұрт сөзсіз біліп-танығандай болды. Және соған қарамастан, егер өмірдің театр сахнасы бейнеленген осы бір күнделікті салыстыруына зер салсақ, онда ол Платондық ой-мұраттарға негізделетіндігін және таза күйдегі насихаттық үрдіске құрылатындығымен мәлім бола түседі. Бұл «vanitas» («дегбірсізденулердің дегбірсіздігі») сарынындағы ескі түрлендірме, күллі жер бетіндегілердің баянсыз дүние екендігіне өкініш білдірудің ащы өксікті жалыны, одан артық ештеңе де емес екендігі болатын. Расында да, осы сентенциядағы ойын мен мәдениеттің өзара бір-біріне сіңісіп-кірігуі мойындалмады немесе мәні білдірілмеді. Ендігі жерде біздің алдымызда ойынның өзін оның шынайы мағынасында, тұтас алғандағы мәдениетің негізі мен факторы ретінде таза күйде көрінген бейнесінде ашып көрсету міндеті тұр.
Ойын біздің сана-сезімімізде көрініс беруші байыпты жайларға қарсы турады. Осы бір қарсы тұрудың пайда болу көздерін ойын ұғымының пайда болуының өзі сияқты әзірге анықтау да мүмкін емес. Егер салиқалы түрде үңіліп қарайтын болсақ, онда ойын мен байыптылықтың қарама-қарсы тұруы біз үшін аяқталған әрі берік жәйт сияқты болып көрінуден қалады. Біз былайша айта алмақпыз: ойын байыпсыз нәрсенің өзі. Бірақ будан бөлек, бұл қағида ойынның оңды сапалары жайлы ештеңе айтпайды, оны оп-оңай теріске шығаруға болады. Біз «ойын дегеніміз байыпсыз нәрсе» дегеннің орнына «ойын байыпсыз» деп айта бастасақ, аталған қарама-қарсы тұру сияқты күшін жояды, өйткені ойын шын мәнісінде байыпты болуы мүмкін. Оған қоса біз сол заматта тең дәрежеде байыпсыз, алайда, ойынмен ешбір үйлеспейтін айдарға ілігетін өмірдің сан алуан іргелі шамаларымен бетпе-бет келеміз. Күлкі де белгілі бір мәнде байыптылыққа қарсы тұрады, дей тұрғанмен де оны мен ойын арасында қандай да бір қажетті байланыс жоқ. Балалар, футболшылар, шахматшылар күлкіге зәредей де иек артпастан, барынша байыптылықпен ойнайды. Есте ұстарлық жәйт: таза күйдегі күлкінің шығуы адамға айрықша тән құбылыс, сонымен бірге ойынның мазмұнды функциясы оның жан-жануарлармен ортақ болып табылатын сипатына айналады. Аристотельдің animal ridens (күлетін жан-жануар) теңеуі адамды Homo sapiens- ке қарағанда, анағүрлым өткір сипаттағы жан-жануарларға қарама-қарсы дәрежеде бейнелейді.
Күлкі үшін әділ болмақ нәрсе комикалық жағдай үшін де әділ болып көрінбек. Комикалық жағдай сол сияқты «байыпсыз нәрсе» болып ұғынылады, ол белгілі бір дәрежеде күлкімен байланысты, ол күлкі туғызады. Бірақ, оның ойынмен өзара байланысы - қайталама қасиеттің қатынасы. Өздігінен алғанда ойын комикалық емес - ойнаушылар үшін де, көрермендер үшін де. Жан-жануарлардың төлдері мен кішкентай балалар ойнап жүрген шақта кей кездері комикалық эсер береді, ал ересек иттер бір-бірін қуалап жүргенде олардың қимылдарын комикалық деп айту қиынға соғады. Біз комикалық клухты немесе комедияны оның өздігінен болатын ойындық іс-әрекетіне бола атамаймыз, керісінше, мазмұнына байланысты атаймыз. Майрампаздың комикалық әрі күлкілі ым-ишаратын сөздің жұмсақ рәуішінде ғана ойын деп айтуға болар.
Комикалық жағдай ақымақтықпен тығыз байланысты. Ойын, дегенмен, әсте де ақымақтық емес. Ол «даналық-ақымақтық» деп аталатын қарама-қайшылықтың шегінен тыс жерде бой көрсетеді. Дей тұрғанмен ақымақтық ұғымы да тіршіліктегі ахуалдардың күллі сан түрлілігін мәнерлеп беру үшін бізге қызмет етіп қалуы бек мүмкін. Кеш дамыған ортағасырлық кезеңдегі сөз қолданысындағы жұп «folie et sens» («ессіздік және ақыл-ой») ойын мен байыпты заттағы жеткілікті дәрежеде көрініс беруші біздің антиномиямызды толықтай ауыстырып жіберді.
Ойын, күлкі, ермек, әзіл, комикалық жағдай мен ақымақтық тән болып келетін мағыналардың шамамен өзара байланысты тобынан алған барлық терминдер бір-бірімен өзара жақындаса түседі және бұл ұғымдардың одан әрі ажырамастығын біздер бұрынырақта да ойын деп қабылдауға мәжбүр болған едік. Олардың ratio (саналы бастау, қағида) ұғымы біздің рухани өзектілігіміздің ерекше терең түкпірінде жатыр.
Біздер ойын түрін тіршіліктің басқа туыстас түрлерінен шектеуге тырысқан сайын, солғұрлым оның алысқа жетелейтін дербестігі де айқын бола түспек. Біз өзіміздің ойын оқшаулануымыздан әрі қарай зор дәрежедегі шамалық қарама-қайшылықтар өрісінен алыс кете аламыз. Егер ойын даналық пен ақымақтықтың дизъюнкциясынан тыс жатса, онда ол діл осылай ақиқат пен өтіріктің айырмасын ешбір білместен өтеді. Қорытындысында ол ізгілік пен зұлымдықтың қарама-қайшылығының шеңберінен тыс жерде болмақшы. Ойында, ол рух қызметінің өнімі бола тұрса да, ешбір моральдық функция - рақымшылық та, күнә да көрініс бермейді.
Егер таяу арада ойынды тікелей ақиқатпен де, ізгілікпен де байланыстыруға болмайтын болса, ол эстетикалық салада орын теуіп қалар, бәлкім? Бұл арада біздің ой таразымыз ауытқи түспекші. Оның қасиеті осы қалыптағы имманетті емес ойынға тамаша жарасып кету болмақ, дегенмен ол әдеміліктің болуы ықтимал барлық элементтерімен байланысқа түсуге бейім тұрады. Әуел бастан-ақ ойынның қарабайыр түрлеріне қуаныш пен көріктілік тән болып келеді. Адам денесінің қимыл-қозғалысының әдемілігі ойын барысында өзінің жоғары мәнін иеленеді. Неғұрлым жоғары дамыған түрлерінде ойын ырғақ пен үйлесімге суарылып, эстетикалық қабілеттің игілікті сый-тартулары адамға лайықты саналған. Ойын мен сұлулықты жалғап тұрған желілер бір-бірімен тығыз әрі сан алуан.
Біз болашаққа ойын барысында болатын тірі жан иесінің атқаратын қызметімен (функциясымен) істес болу жағдайын қарастырамыз, ол тепе-тең әрі мейлінше аз дәрежеде тек биологиялық, тек қисындық немесе тек этикалық тұрғыдан детерминдендірілген болуы ықтимал. Ойынды түсіну таңқаларлық кейіпте ойымыздың барлық басқа да түрлерінен аулақта қалып қоймақ, осылардың ішінде бола отырып біз рухани өмірдің және қоғам өмірінің құрылымын кейіптей алуға қабілеттіміз. Сондықтан да біздер қазіргі уақытта ойынның басты белгілерін анықтау жолымен өз мақсат-міндетімізді күнілгері шектеуге тиіспіз.
Бұл жерде дөп келетін жәйт, біздің тақырыбымыз, ойын мен мәдениеттің өзара байланысы ойынның қалыптасқан бірыңғай түрлеріне дейін баршаны шолып өтуден бойды аулақ салуға септігін тигізбек. Біз өзімізді негізінен әлеуметтік сипаттағы ойындармен шектей алмақпыз. Егер құп келісіп жатса, оларды ойынның жоғары түрлері деп атауға болады. Бұл түрлерді кішкене сәбилер мен торт аяқты төлдердің қарабайыр ойындарына қарағанда суреттеу оңайырақ, себебі олардың құрылымы анағұрлым күрделі әрі сан тарау, олардың ерекшелікті белгілері неғұрлым әр түрлі және кәдуілгі болып келеді, оның үстіне қарапайым ойынның өзектелігін айқындау барысында біз салған жерден-ақ іргелі саналатын ойын сапасына килігеміз, өйткені ол, біздің ойымызша, талдауға көнбейтін бөгде нәрсе құрамынан сыртқа шығарылған зат емес. Әңгімеміздің арқауы күрес пен жүгіріп жарысу, көріністер мен тамашалаулар, билер мен әуез, маскарад пен турнир болады. Біз санамалап өтетін белгілердің арасында кейбірінің ойынға ешбір қатысы да жоқ, басқалары көп жағдайда - әлеуметтік ойынға қатысты.
Қайсы бір Ойын дегеніміз ең алдымен еркін іс-қызмет мағынасын білдірмек. Ойын бұйрық бойынша алғанда ендігі кезде ойынға жатпақ емес. Ең болмаған жағдайда ол әлдебір байланыстырылған еліктеу, ойынның жаңғыруы болуы мүмкін. Енді еркін сипаттың арқасында ойын табиғи үдерістің шеңберінен шығып кетеді. Ол оған қосыла келе жиынтықтала түседі, әшекей, бас киім секілді оның жоғарғы жағына жайғасады. Әлбетте, еркіндікті сөздің кең мағынасында түсінген абзал, бұл арада детерминизм проблемасы әсте қозғалмайды. Былай деп айта кетуге болар еді: жан-жануарлардың төлдері мен адамның бал асы үшін мұндай еркіндік жоқ; олар ойнай алмайды, өйткені оларға түйсік осылай бұйырады және сондықтан да ойын олардың денелік әрі селективтік қабілеттерінің дамуына қызмет етеді. Бірақ, «түйсік» терминін енгізе отырып, біз әлдененің артына жасырынып, күні бұрын шамаланып отырған ойынның пайдалылығын алға тарта отырып, petitio principii қағидасының орнығуына жол береміз. Сәби мен жан-жануарлар ойын қызығына батады, себебі, олар ойыннан ләззат алады, олардың еркіндігінің мәні де осыған келіп саяды.
Не болғанда да, ересек әрі кембағал адам үшін ойын айналып өтпестей функция саналады. Ойын әлдебір басы артық зат. Ондағы қажеттілік ойынға құмарлық оянған сәтте өзекті бола түседі. Қай кезде болсын ойын кейінге қалдырылуы немесе болмай қалуы мүмкін. Ойын тән мұқтаждығымен, буған қоса моральдық міндеттілікпен ұйғарылмайды. Ойын тапсырмаға жатпайды. Ол «бос уақытта» болып өтеді. Алғашында, ойын мәдениеттің функциясына айналу шегіне орай, қайталама түрде болып отыратын, міндеттілік ұғымдары, тапсырмалар, міндеттіліктер ойынға таңылып отырады.
Сөйтіп, ойынның басты белгілері көзге анық шалынады: ол еркін, ол еркіндік деген сөз. Екінші мәселе тікелей осымен байланысты.
Ойын дегеніміз «үйреншікті» тіршілік емес және осы сияқты өмір де емес. Ол өзіндік бағытқа ие уақытша іс-қызмет өрісіне осы өмірден шығып, ену мағынасын білдіреді. Тіпті кішкене сәбидің өзі «бейне бір» шындығында ойнап жүргенін, осының бәрі де «жорта» ойын екенін біледі. Бұл түсініктің бала жанында берік орнығып қалғаны сонша, менің ойымша, маған әкем айтып берген мына әңгімеден анық байқауға болады. Ол үйге келіп кірсе, пойыз ойнап отырған торт жасар ұлын көреді: бала қойылған үстелдердің алдыңғы қатарының бірінде отыр. Әкесі баласына мейірленіп қояды, бірақ баласы әкесіне былайша тіл қатады: «Әке, локомотивті сүюге болмайды, әйтпесе вагондар оны нағыз локомотив емес деп ойлап қалады». Осы сөздердегі «шындығындағыдай» делінетін мәнімен салыстыра қарағанда толымсыздықтың, «ақымақтықтың» ой-санасы «жорта» бүркемеленіп түр. Біз, дей тұрсақ та, көріністің «құдды бір» абсолютті түрде мұның «ойын үшін» ғана зор байыптылықпен, тіпті мақтанышқа ұласқан өзін-өзі ұмыту арқылы болып өткендігін байқап-білдік; осылай бола тура біліктілік «бейне бір» белгілі уақытқа толығымен ада болмақ. Барлық замандардағы кез кел¬ген ойын ойнаушыны тұтас баурап алуға қабілетті еді. «Ойын - байыптылық» қарама-қайшылығы әр уақытта да тұрақты болып қалмайды. Ойынның толымсыздығының байыптылықпен арадағы толымдылық шекарасының бар екендігін білеміз. Ойын байыпты жайға айналады, ал байыптылық -ойынға айналмақшы. Ойын тамаша әрі қасиетті мағына биігіне дейін көтеріліп, өз артына байыптылық сипатын қалдырады. Бүл қиын мәселелер ойын мен ізгі істің өзара қарым-қатынасына жақынырақ үңіле қарау тиіс болған сәтімізде күн тәртібіне қойылады.
Әзірге әңгіме біз ойын деп атайтын іс-қызметтің түріне тән болып табылатын үстірт белгілерді анықтау жайлы болып отыр. Барлық зерттеушілер ойынның қызықсыз сипатын атап көрсетеді. «Үйреншікті» өмірге айналмаған ол мұқтаждықтар мен құмарлықтарды тікелей қанағаттандыру үдерісі шеңберінен тыс жатыр. Ол бұл үдерісті үзіп тастайды. Ол оның ішіне уақытша іс-қимыл ретінде сыналап енеді, бұл іс-қимыл өз ішінде болып өтеді және іс-қимыл жасалуымен бірге ілесе келетін ләззат үшін ғана іске асырылады. Қай жағдайда да, ең алғашқы жақын келу барысында өздігінше алғандағы ойын бізге осылайша көрінеді: күнделікті өмірдің интермеццосы, демалыс кезінде және демалыс үшін айналысуға болатын іс. Бірақ қайта жандандырылатын сан түрліліктің бүл сапасында ол қоса тіркелу, қосымша болу құбылысына, жалпы айтқанда өмірдің бір бөлігіне айналады. Ол өмірді безендіреді, ол оны толықтырады және осының салдарынан қажетті болып табылады. Ол жеке адамға биологиялық функция ретінде қажет, және ол қоғамға онда тұжырылған магына, оз мәніне орай, өзінің айқын құндылығына орай, ол қатынаста болатын рухани және әлеуметтік байланыстарға орай - қысқасы, мәдени функция ретінде қажет. Ойын коммуникацияның (uitdrukking) және жатақхананың ой-мұраттарын қанағаттандырады. Оның салада иеленер орны тамақ табудың, жұптасудың және өзін өзі сақтаудың таза биологиялық үдерісіне қарағанда анағүрлым асқақ дәрежеде тур. Осы пікір алғаш қарағанда жан-жануарлар дүниесінде некелік кезеңде ойын зор мәнге ие болады деген жәйтпен қайшыласып қалады. Бірақ та адами ойындарға тең саналатын ән айту, би билеу, құстарды неке жағдайымен безендіру сияқты көріністерді таза биологиялық өрістен тыс жерлерде кейіптеу мәнсіз тірлік болып саналған ба еді? Қалай болғанда да, адами ойын бірдеңені білдіреді немесе бірдеңені әйгілейді, мереке мен табыну саласында, киелі дүние саласында өзіне орын таппақшы.
Ойын қажет, ол мәдениетке қызмет етеді деген жәйттің өзі қарама-қайшы болып шығады, одан да өзі мәдениетке айналады деудің өзі артық, - бүл оның қызықшылық танытпауына қайшы келе ме? Жоқ, өйткені олардың қызмет етуші мақсаттарының өзі тікелей материалдық мүдде өрісінен немесе қажеттіліктерді жеке қанағаттандыру өрісінен тыс жатыр. Ізгі іс ретінде ойын тұтас топтың игілігіне, бірақ өзге түрде және өзге құралдармен, өмірлік қажеттіліктерді тікелей қанағаттандыруға бағытталу жағдайына қарағанда, қызмет жасауы мүмкін.
Ойын «үйреншікті» өмірден іс-қимылдың болып өту орнымен және ұзақтығымен бірте-бірте оқшаулана түседі. Оқшауланушылық құбылысы ойынның үшінші ерекшелікті белгісін құрайды. Ол белгілі дәрежедегі кеңістік пен уақыт аясында «ойын қызығына беріліп кетеді». Оның ағымы мен мағынасының түп себебі оның өзінде жатыр.
Бұл арада тағы да бір жаңаша әрі оң негіздегі ойын белгісі біздің алдымызда бой көрсетеді. Ойын басталып, белгілі бір мезгілде аяқталады. Ол ойналып бітті. Әзірге ол жүріп жатқан кезде, онда қозғалыс, төте және түсінікті, өрлеу мен құлдырау, алма-кезектесу, байлану мен шешілу салтанат қурады. Оның уақытша шектеулілік жағдайымен басқа көзге ұрып тұратын қасиеті тікелей байланысты. Ойын бірдей-ақ мәдени үлгі ретінде тіркеледі. Бұдан бұрын бір рет ойнала отырып, ол жадыда әлдебір рухани жаратылыс немесе құндылық ретінде қалып қояды, әрі қарай дәстүр сықылды кез келген уақытта қайталануы мүмкін, мейлі баланың ермегі, трик-трак партиясы, барын салып жүру сияқты шапшаң түрде, болмаса ұзақ үзілістен кейін бола-ақ қойсын. Ол тұтас алғанда, ойынды ғана емес, сонымен бірге оның ішкі құрылымын да сипаттайды. Қайталау, қайырма, кезектесу элементтері барлық дамыған ойындық үлгілердің әрбір жолында кездесіп отырады.
Уақытша шектеуден де тамаша бір нәрсе ойынның кеңістікте шектелуі болып саналады. Кез келген ойын өзінің ойындық кеңістігінің ішінде өтеді, бүл кеңістік мейлі материалдық немесе тек идеалдық болсын, күнілгері, қасақана немесе өзімен өзі тұспалдана отырып, белгіленеді. Осыған ұқсас ойын мен ізгі істің арасындағы қайсы бір айырмашылықтың үстірт болмайтындығы сияқты, басқаша айтқанда, ізгі іс те ойынның өзі сияқты үлгілерде жасалады және дәріптелген орын ойындық кеңістіктен үстірт ерекшеленбейді. Цирк аренасы, ойын столы, сиқырлы шеңбер, храм, сахна, кино жасаушының экраны, сот орны -осылардың барлығы да үлгісі мен атқаратын функциясы бойынша ойындық кеңістіктің мән-маңызы, яғни иесіздендірген жер, оқшауланған, қоршалған, дәріптелген аумақтар, оларға ерекше, өзіндік ережелердің күші жүреді. Бұл оз ішінде тұйықталып қалған іс-әрекеттерді орындау үшін жасалған кәдуілгі нәрсенің ішіндегі уақытша әлемдер іспетті.
Ойындық кеңістіктің ішінде өзіндік, сөзсіз (volsterk) сипат салтанат құрады. Және де біз өзіміз үшін жаңа, бұдан да гөрі ойынның оңды саналатын сипатын ашқандай боламыз: ол тәртіпті тудырады, ол дегеніміз - тәртіп деген сөз. Жетілмеген әлемде және шым-шытырық өмірде ол уақытша, шектеулі кемелдікті қалыптастырады. Ойын белгілейтін тәртіп мызғымас сипатқа ие. Одан сәл ғана ауытқу ойынның берекесін қашырады, оны өзіндік сипатынан айырады және құнсыздандырады. Осы бір тәртіптің ұғымымен болатын жанды байланыста, ешқандай да күмәнсыз, ойын неліктен жол-жөнекей жоғары аталып өтілді деген мағынаның себебі жатыр, тегі, ол осыншалықты эстетикалық жайдың елеулі аумағында орын тепкендей. Ойын, біз айтқандай, әдемі болуға бейім турады. Осы бір эстетикалық жәйт, ықтимал дәрежеде жасампаздыққа ұмтылуға бара-бар болып шығады, мұның өзі ойынды оның барлық түрлерінде және өзіндік кескін-келбетінде жандандырып жібереді. Осылар біз әдеміліктің көрінісі деп белгілейтін терминдер: ынталылық, тепе-теңдік, теңдестіру, алма-кезек тесу, қарама-қарсы мәнділік, нұсқалылық, түйіндеу мен шешу. Ойын байластырады және ағытады. Ол таң - тамаша еткендей, өзінен көз алдырмай қояды. Ол екі ізгілікті қасиеттер дари отырып жүзеге асқан, бұл қасиеттерді адам қоршаған әлемнің заттарынан байқап-білуге қабілетті әрі өзі бейнелеп бере алады: ырғақ пен үйлесім.
Ойынға қатысты орынды болып саналатын біліктіліктердің арасынан біз ынталылықты атадық. Ынталылық элементі ойында айрықша әрі маңызды орын алады. Ынталылық сенімсіздікті, табансыздықты, әлдебір ұрымталдықты немесе мүмкіндікті білдірмек. Онда бәсеңдікке, босаңсуға ұмтылыс бар. Әлде қандай бір заттың «орайы келу» үшін көп күш-жігер қажет. Бұл элемент емшектегі сәбидің, жіп орамын қуалап жүрген мысықтың кішкене баласының, доппен ойнап жүрген кішкентай қыздың қолмен қармап ұстау қозғалыстарында көрініс береді. Ол жекелеген ойындар - бас қатыру, мозаика, пасьянс, нысана ату барысында басымдықпен айқындалады, - және оның мәні ойын неғұрлым жарыстық сипатты иеленген сайын өсіп отырады. Нақ осы ынталылық элементі өздігінше і ісілік пен зұлымдық өрісінен тыс жатқан ойындық іс-қызметке мейлінше айқындалған этикалық мазмұн береді. I Іс болғанда да ойынның ынталылығы ойыншының дене күшін, шыдамдылығы мен бірбеткейлігін, тапқырлығын, батылдығы мен өжеттігін, төзімін, сонымен қатар ойнаушының рухани күш-жігерін де байқап көреді, егер ол, ұтып шығуға құмары арта түссе, ойын белгілейтін рұқсат етілген шеңберде өзін ұстауға тиіс. Ойынға тән қасиеттер - тәртіп пен ынталылық біздерді ойындық ережелерді зерделеуге әкеледі.
Әрбір ойынның оз ережелері бар. Олар оз ішінде ойынмен шектелген уақытша құбылыстың күшіне ие болады. Ойын ережелері сөзсіз міндетті болып табылады және күмән тудырмайды. Поль-Валери бірде жолшыбай мынаны байқапты (және бұл мүлде алысқа меңзейтін ой): ойын ережелеріне қатысты алғанда шүбәланушылық мүмкін болмайтын шаруа. Қалай болғанда да оларды анықтайтын негіз бұл арада мызғымас болып танылады. Ереженің бұзылуы сол-ақ екен, ойынның күллі міндеттері бірден күйреп түседі. Ойын енді ойын болудан қалады. Спорт төрешісінің ысқырығы баурап алу сезімін быт-шыт қылады және уақытша жағдайда «үйреншікті дүниені» оз орнына келтіреді.
Ережелерге бағынбайтын немесе оларды айналып өтетін ойнаушы адам ойынды бұзушы деген сөз. «Ғаіг» ұғымы ойындық іспен тығыз түрде байланыстырылған: «адал, тәртіппен» ойнау керек. Ойынды бұзушы мүлде де ойын барысында мүттәйымданатын, қулық істейтін жанға ұқсамайды. Мүттайым, айла жасаушы бар болғаны ойнап жүрген тур танытады. Ол тек қана жұрт көзінше ойынның сиқырлы ауқымын мойындайды. Ойнаушылар қауымы ойынды бұзушыға қарағанда оның күнәсін оңай кешіреді, өйткені осы аталған соңғысы күллі ойындық құбылысты қиратады, құртады. Ойын ережелерін мойындамастан ол, осы арқылы басқа серіктестермен бірге белгілі бір уақытқа тұйықталып қалған осы ойындық құбылыстың салыстырмалылығы мен нәзіктігін жалаңаштап тастайды. Ол ойыннан елес-қиялды, inlusio-ны дәлме-дәл «ойлаушылықты» мағынаға ұластыратын сөзді алып қояды. Сол себепті де ол жойылуға тиіс, өйткені, ойындық қауымдастықтың өзіне де қауіп төндіреді. Ойынды бұзушының, «ойынға кедергі жасаушының» дене бітімі ер балалардың ойынында бәрінен де айқын көрінеді. Жас жеткіншектер қауымын неліктен «ойынға кедергі жасаушылар» ойынға қарсы болып отыр - тәуекел етуге қорқа ма, немесе оған олай етуге бол май ма, ол жағы қызықтырмайды. Дәлірегі, балалар ешқандай да «болмайды» түсінігін мойындамайды және мұны «қорқақтық» деп атайды. Құлақ асу мен ар-ұят проблемасы олар үшін қатысы жоқтай, әдеттегідей, жаза алдындағы қорқыныштан да бетер көрінеді. «Ойынға кедергі жасаушылар» олардың сиқырлы әлемін тас-талқан етеді, сол себепті ол қорқақ және оны қуып жібереді. Биік байыптылық әлемінде муттәйымдарға, алаяқтарға және екі жүздірерге ойынды бұзғандарға: сенімін жоғалтқандарға, күпірлерге, неофиттерге, ұждан тұтқындарына қарағанда аз несібе бұйырған.
Расында да, осы айтылған ұждан тұтқындары, асықпастан-ақ жаңаша өзіндік ережелері бар жаңа қауымды қурайды. Нақ осы outlaw (елден аласталушы), құпия клубтың мүшесі, күпір адам - олардың барлығы да әдеттен тыс бір топқа біріктірілуге орайластырылған және сонымен бір мезгілде әр уақытта дерлік күшті айқындалған ойындық сипатты иеленеді.
Ойындық қауымдастық тіпті ойын ойналып болған күннің өзінде де өзін өзі сақтауға, тоқтатып қоюға ортақ бейімділік танытады. Тастар ойыны мен бридж ойынына белгіленген әрбір партия клубтың құрылуына алып келеді. Олардың әлдебір айрықша жағдайда болуына, әлдебір маңызды нәрсені бірге істеуге, бірге бола отырып басқалардан бөлектенуге ықпал ететін сезім ойыны бойынша біріктіретін жәйттер өмірдің жалпыға ортақ пішін-қалыптары шеңберінен шығып кетеді,- бұл сезім өзінің сиқырлы күшін ойындық мезгілдің шегінен де әріге сақтап қалады. Басқа қалпақтың жарасқанындай клуб та ойынға сай келмек. Этнологияны фратриялар, жас ерекшеліктерінің топтары немесе еркектердің одақтары деп атайтын жағдайлардың бәріне де таза ойындық қауымдастықтың жапсырмасын көп ойланбай-ақ жапсыра салатын болсақ, онда бұл тым жеңіл ойлы нәрсе болып шығар еді. Дей тұрғанмен де, біздің ойындық сападан ұзақ мерзімді қауымдастықты, топтарды, бірлестіктерді, ең алдымен көне мәдениеттерден олардың жоғары дәрежедегі берік, салтанатты һәм мүлде ізгілікті мақсаттар мен және бағдарламаларымен қоса түгелдей алып тастау әрекеттерінің қаншалықты күрделі екендігіне көз жеткізуімізге тура келеді.
Ойынның айрықшалығы мен оқшаулығы ойын өзін қаумалап отыруды ұнататын құпиялылық мәніндегі барынша тән болып келетін мәнерде бейнеленеді. Тіпті кішкентай балалардың өздері ойнайтын ойындарының еліктірмелілігін арттыра түсіп, олардан «құпия» құбылысты тудырады. Бұл ойын - біздер үшін, басқалар үшін емес. Осы аталған өзгелер ойынымыздан тысқары жерлерде не істейді, ол жағы бізді уақытша түрде қызықтырмайды. Ойын өрісінің ішінде ғаламның заңдары мен әдет-ғүрыптары күнделікті өмірде пәлендей күшке не емес. Біз тіршілік етеміз және «басқаша» істейміз. Осы бір уақытша болса да «үйреншікті» өмірді озгерту бізге бала кездегі әсерлер бойынша жанымызға тым жақын. Ол алғашқы қауымдық құрылыс дәуірінде тіршілік еткен халықтардың тереңге тамыр тартқан ойындарындағы ғибадаттан (культ) да соншалықты айқын көрінбек. Жасөспірімдерді жауынгерлер қатарына қабылдап жатқан кезде өткізілетін инициацияның үлкен мерекесі кезінде кәдімгі заңдардың іс-әрекетінен және ережелерінен қабылданатындардың өздері ғана босап қоймайды. Барлық тайпаларда алауыздықтар сап тыйылады, қанды кек қайтару әрекеттері кейінге қалдырылады. Қоғамның күнделікті тіршілігінің осындай уақытша тыныс алу сәтінде болатын үлкен дәрежедегі және ізгілікті ойындар кезеңіндегі сан түрлі айғақтар мәдениеттің анағұрлым дамыған сатыларында да ұшырасып қалады. Буған сабан тойлар мен карнавалдық әдет-ғүрыптарға қатысты барлық жайларды жатқызуға болады. Жеке өмірінің дөрекі қасиеттерімен, ірі сословиелік артықшылықтармен әрі аса қатал емес полициясымен қоса қарастырылатын отандық тарих сол сияқты «студенттік құйтырқылықтар» ретінде мәлім болған жас адамдардың сабантойлық еркіндігін де жадында сақтап қалған. Британдық университеттерде бұл еркіндіктер «ragging» («жанжал») деп аталып кеткен формальды түрдегі өрістей түсуін әсте тоқтатар емес, ол сөздікте «an extensive display of noisy disorderly conduct, carried on in defiance of authority and discipline» («билік орындары мен тәртіп атаулыға менменси қарап, текетіреске шақырған айқай-шулы, ұстамсыз мінез-құлықтың кең түрде бой көрсетуі») ретінде суреттеледі.
Ойынның өзге болмысы мен құпиясы бірге алғанда қайта киіндіру мәнерінде көрнекті мағынада бейнеленеді. Бұл арада ойынның «әдеттен тыс» мәнінің тамамдалуы шегіне жетпек. Қайта киіне және маска кие отырып, адам басқа тіршілік иесін «ойнайды». Оның өзі осы айтылып отырған «басқа тіршілік иесі». Баланың қорқып қалуы, буырқанған мақтаныш сезімі, ізгілікті салт-жора және мистикалық түрлену барлық құбылыстарға ажырағысыз түрде ілесіп отырады, осының өзі маска мен қайта киіну болып шықпақшы.
Осы бақылауларды көзқарас тұрғысынан жинақтап қарағанда, біздер енді ойынды еркін атқарылатын іс қызмет деп айта аламыз, ол «шындық емес» әрі күнделікті өмірден тыс жерде атқарылатын іс ретінде түйсінілмек, алайда ол ойыншыны тұтас баурап ала алады, бұл жерде ол ешбір тікелей материалдық мүддені көздемейді, пайда іздемейді, - қасақана шектелген уақыт пен кеңістіктің ішінде жүзеге асатын еркін іс-қызмет жүйелі тәртіппен, белгіленген ережелер бойынша жүріп өтеді және өздерін құпиямен қалқалауды не болмаса өздерінің өзге дүниеден күллі ықтимал дәрежедегі ниетін бүркеуді дұрыс көретін қоғамдық топтарды өмірге шақырады.
Соз етіліп отырған оның жоғары сатыда дамыған түрлеріндегі ойын функциясы басым көпшілік жағдайларда олар көрініс табатын екі елеулі тұрғыдан оңай шығарылады. Ойын дегеніміз әлде бір нәрсе үшін жүргізілетін күрес немесе әлде бір нәрсенің жаңғырығы. Осы екі функция да осылайша қиындықсыз бірікті, яғни ойын әлдене үшін күрес жүргізуді «білдіреді» не болмаса кімде кім жақсырақ танылады деген сияқты жарыс болып табылады.
«Таныту» сөзі өзінің шығу төркіні бойынша «көз алдына бірдеңені қою» мәнін білдірмекші. Бұл табиғаттың өзі берген қандай да бір болсын кәдімгі бар нәрсені қарапайым түрде көрсету болуы мүмкін. Тауыс пен күркетауық ұрғашыларына өзінің бай түстерге малынған қауырсындарын көрсетеді, бірақ осы көрсету барысында әлде бір әдеттен тыс, мақтаныш тудырарлықтай айрықша затты паш етудің өзі айқындалып тұрғандай. Егер құс бұл арада белгілі бір қалыппен басатын ырғақты жеке қимыл жасайтын болса, онда бүл жағдаят кәдімгі ақиқат шеңберінен шығып кетуді, анағұрлым жоғары деген тәртіпке осы ақиқаттың ауысып жасалуын бейнелемекші. Біз осылай болғанда жан-жануарлардың өздері нені сезінетіндігін білмейміз. Сәби өміріндегі осы тектес ұғым-түсініктер ең ерте мезгілдердің өзінде сан алуандыққа толы болмақ. Сәби әлде бір құбылысты өзіне «елестетеді», әлде бір неғұрлым эдемі немесе асқақ нәрсені немесе оның кәдімгі өміріне қарағанда анағүрлым қауіптірек нәрсені танытады. Сәби өзін ханзада, немесе әке, немесе зұлым жалмауыз кемпір, немесе жолбарыс сияқты танып-біледі. Бұл жерде ол оны өз ойымен мүлдем туыстырып жіберетін осындай мақтаныш сезімін бастан кешеді, дей тұрғанмен де бүл арада «үйреншікті» ақиқат нәрсе санадан толық ада болмаса да ол шын мәнінде ханзада және т.б. Оның ұғым-түсінігі «бейне бір» іске асырылу, жалған орындалу, «санаға елестетудің» жемісі, яғни оның бейнесі немесе кейіптегі көрінісі деген соз.
Енді балалар ойынынан көне мәдениеттердің табынушылығындағы ізгі ұғымдарға көше отырып, біз бүл арадағы балалар ойынымен салыстырудан рухани элементтен де зор нәрсені табамыз, ол мейлінше дәл анықтауға тез икемделеді. Ізгілікті түсінік жалған жүзеге асуға қарағанда, символикалық нақтылы түрде көрсетуге қарағанда, әлде бір үлкен нәрсе деген соз, ол мистикалық жүзеге асу де¬ген соз. Осы елес-жаңғырықта әлде бір көрінбес немесе білдірілуі мүмкін болмас зат өзекті, ізгі түрді қабылдайды. Ғибадаттың қатысушылары осы іс-әрекет айтып болмас игілікті белсендіре түседі, және де заттардың айтып болмас жоғары мәндегі реті бүл арада олардың кәдімгі өмірін дәріптейді. Оның үстіне ұғым арқылы болатын бұл жүзеге асу алдағы кезде де барлық қырларынан ойынның үстірт (формальды) белгілерін сақтап отырады. Ол ойналады, спектакль сияқты ақиқат түрде оқшауланған ойындық кеңістіктің ішінде қойылады, яғни еркіндік пен қуанышта мейрам сияқты аталып өтіледі. Оның аты үшін ғана өзіндік, уақытша әрекет етуші әлем қоршалып қояды. Бірақ ойынның аяқталуымен бірге оның іс-қимылы тоқтамайды, керісінше кәдуілгі дүниеге өз шуағын төгіп нұрландырады, қауіпсіздікті, тәртіпті, осы мейрамды тойлап жатқан топтың берекесін кіргізеді, әзірге осы бір ойынның ізгілікті кезеңі жаңадан басталмай тұрғанда.
Мұндай мысалдарды жан-жақтан Жер бетінен табуға болады. Көне қытайлық ілім бойынша би мен әуез әлемді өз қалпында ұстау және табиғатты адамдардың игілігі үшін бағындыру мақсатын көздейді. Күнтізбелік мерекелер кезінде өткізілетін, жылдың ауысып отыру маусымына арналған жарыстарға жыл бойы келіп отыратын табысқа байланысты болмақ. Егер жиын өтпесе, онда астық та болмайды.
Ізгі іс дегеніміз dromenon, яғни «болып өтеді» деген соз. Не нәрсе көрініс берсе, сол drama, іс-қимыл, мейлі ол сахналық немесе жарыс түрінде жүзеге аса ма, ол жағына қарамайды. Іс-қимыл әлдебір ғарыштық оқиғаны, және оның репрезентациясы ретіндегі ғана емес, сонымен бірге бара-бар ұқсастығы ретінде де бейнелейді. Ол ғарыштық оқиғаны қайталайды, баяндайды. Ғибадат (культ) іс қимылда бейнелі түрде жүзеге асырылған эсер міндетін атқарады. Оның функциясы қарапайым түрдегі емес еліктеу болып табылады - ол іс-әрекеттің бір бөлігін тыңнан жасауға немесе оның бір бөлігі болуға тиіс. Бұл helping the action out (оның аяқталуы үшін болып жатқан жайға қолғабыс беру).
Мәдениет тарихатын психология осы құбылыстардың іске асуы арқылы бейнеленетін рухани үдерісті қалайша ұғына біледі дейтін мәселе қызықтырмақ емес. Психология ең алдымен осы ұғымдарды арандатып азғырып отырған қажеттілікті identification compensatrice (тепе-теңдіктің орнын толтырушы) немесе «белгілі бір мақсатқа бағытталған осы іс-қимылды орындаудың мүмкін еместігіне орай жүргізілетін репрезентативтік іс-әрекеттің» есебіне жөнелтеді. Мәдениет жайлы ғылым үшін халықтардың сана-сезімінде бейнелі жүзеге асуды нақтылы не нәрсе білдірмек дегенді түсініп алу өте маңызды, бұл аталған нәрсені олар жоғары сатыда қалыптастырады әрі қолдап отырады (hooghouden).
Бұл арада біздер дін туралы білім негіздеріне, ғибадаттың, салт-жоралары мен қапия діни ұғымның мән-маңызы проблемасына осы тұрғыдан қараймыз. Бүкіл көне үнділік құрбан шалулардың ведийлік дәстүрі ой-мұратқа арқа сүйейді, ғибадаттық іс-қимыл, егер ол салт-жорада көрініс тапқан болса, мейлі ол құрбандық шалу, жарыс немесе ойын көрсету болып келсін, құдайларды мүмкіндігінше ғарыштық оқиғаның орын алуына ырқымнан тыс көндіреді. Ежелгі дүниемен салыстырып қарағанда бүл өзара байланыстарды Дж. Э. Харрисон ханым өзінің «Themis. A Study of the Social Origins of Greek Religion» («Фемида. Грек дінінің қоғамдық бастауларын зерттеу») Криттегі куреттердің жауынгерлік биінен бастап зерттей келе, сәтті аша білген. Осы арада бұл тақырыпқа байланысты тарихи-діни мәселелерге бойлап енбей-ақ, көне ғибадаттық іс-әрекеттің ойындық сипатына жақынырақ үңілеміз.
Ғибадат, осылайша алғанда, жүзеге асудың бірден-бір орнын басатын бейнелердегі көрініс беру, драмалық ойын, іске асырылу болып шықпақ. Жыл мезгілдерінің ауысып келуімен қайта жалғасып отыратын ізгілікті мейрамдар кезінде қоғам ізгілікті іс-қимылдардағы табиғат тіршілігінде болып өтетін маңызды үлкен оқиғаларды атап өтіп жатады. Адамдар шоқжұлдыздардың жануы мен сөнуін, жемістер мен дәнді астықтардың өсуі мен пісіп-жетілуін, адам мен жан-жануардың өмірі мен тіршілік етуін бейнелей отырып, жыл мезгілдерінің ауысып келуін білдіреді. Лeo Фробениустың бейнелеп айтуы бойынша, адамзаттың бұл реттілікті қалай түйсінетіндігін білдіру үшін табиғаттағы заттардың ретін айнытпай салады. Фробениустың пікірінше, есте жоқ ерте замандарда адам¬зат ой-санасы әуелі өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің құбылыстарын меңгерген, содан соң барып қана уақыт пен кеңістіктің реттілік ұғымын, айлар мен жыл мезгілдерінің кезектесуін, Күннің айналып қозғалатындығын білген. Осы ойын барысында, және ойын арқылы ол барлық меңгерілген оқиғаларды жаңадан іске асырып, сол арқылы әлемдік тәртіптің сақталуына жәрдем етеді. Содан соң ол ізгілікті ойындағы болмыстың бүкіл тәртібін айнытпай салады. Ойынның мәні мен мағынасы тек осында ғана болып отырған жоқ. Ғибадаттық ойынның түрлерінде қоғамның өзінің тәртібі, қарапайым үлгідегі мемлекеттік нобайлардың алғашқы көріністері де дүниеге келді. Патша - бұл күн, патшалық деген күннің айнала қозғалуының жүзеге асуы, патша өмір бойы «күнді» ойнайды және түптің түбінде күннің тағдырын бастан кешеді, оның өз халқы салт-жоралық үлгідегі шараны атқарып оны өмірден өткізеді.
Басқаларға салт-жоралық үлгіде бүл түсіндіруді және оған қоса берілетін тұжырымды қаншалықты дәрежеде белгіленгендігін шешу мәселесін қалдырайық. Осы арада біздерді табиғатты қарадүрсін қалыпта қабылдап-түйсіну жағдайларының кейіптілікке айналуын қалай бағалауға болатындығы мәселесі қызықтырады. Ғарыштық құбылыстардың танылып болмаған бастау алатын және осы құбылыстардың бейнеленуінің ойындық үлгісіне келіп құйылатын үдеріс қалай өтіп жатады?
Фробениус мейлінше басты дәйек ретінде туабітті түйсік сапасындағы әлде бір «ойынға ықылас танытуды» («Spieltrieb») енгізуді жеткілікті болар деп шамалайтын тым жеңіл ойлы түсіндірмені әділ түрде қабылдамай тастайды. «Die Instinkte sind eine Erfindung der Hilflosigkeit gegenuber dem Sinn der Wirklichkeit» («Түйсіктер - бұл ақиқаттың мәні алдындағы дәрменсіздіктің ашылған жаңалығы»). Осыншалықты табанды әрі зор негізге ие бола отырып, ол өткен дәуірдің қайсы бір мәдениетті иемденуге деген уәждерін іздеп табуға қарсы тұрады, оны қызықтыратын жәйт: «қандай мақсатпен», «не үшін», «қай себеппен» дегендей, - оны мәдениет тудырушы қоғамға әлдеқашан-ақ қосып қойған еді. Осы көзқарасты, пайданың ескірген бүл түсіндірмесін ол «schlimmste Kausalitatstyrannei» («себептіліктің мейлінше жаман ниетті зорлық-зомбылығы») деп атайды. Табиғат пен тіршіліктің әзірге белгілі бола қоймаған танымы өзі көне дүние адамының бойында «Ergriffenheit» («баураушылық, еліктірушілік») ретінде бой көрсетеді. «Das Gestalten steigt im Volke wie im Kinde, wie in jedem schopferischen Menschen aus der Ergriffenheit» («Образдарда болып өтетін жүзеге асу көрінісі сәби мен әрбір шығармашылық жағынан дарынды адамның жанында болатыны сияқты, еліктеушілік эсерінен халықтың жанында да пайда болады»). Адам жанын «Offenbarung des Schicksals» («тағдыр сырының ашылуы»). «... Die Wirklichkeit des naturlichen Rhythmus іп Werden und Vergehen (hat) ihren inneren Sinn gepackt und dies (hat) zur zwangslaufigen und reflexmabigen Handlung gefuhrt» («...Қалыптасу мен қозғалыс барысында табиғи ырғақтың ақиқаттылығы [адамдағы] ішкі сезімді баурап алды және бұл қажетті әрі рефлекторлық іс-әрекетке алып келді»). Фробениустың пікірінше, бұл арада қайта құрылудың қажетті рухани үдерісі орын алған тәрізді. lirgriffenheit - бұл сөз іс жүзінде мағынасы жағынан жақын келетін нидерландтық «bewogenheid» («толқыныс»), «getrofenheid» («егіліп-елжіреушілік»), «ontroering» («іші жібушілік») сөздерінен әлдеқайда үлкен мағына үстейді, табиғат сезімі рефлекторлық дәрежеде поэтикалық тұжырымдамаға, көркем түрге еніп қоюлана түседі. Әсілі, эстетикалық немесе мистикалық, не болған жағдайда да, алогиялық реттіліктен, ғарыштық ұғыну-түйсіну жағдайынан ізгілікті ғибадаттық ойынға жетелейтін жол бұрынғы бар кездегідей осыншалықты тұманды күйде қала береді.
Осы бір өзіміз жоқтаушы ірі дәрежедегі ғалымды зерттеуге бұл ізгілікті материалдағы ойын ретінде түсінілетін жағын неғұрлым дәл анықтау жетіспейді. Фробениус ғибадаттық салт-жораларға қатысты «ойнау» сөзін әлденеше мәрте қолданады, алайда, бұл арада «ойнау» сөзі нені білдіреді деген сұраққа жауапты біз одан таба алмаймыз. Оның ой-тұжырымына ол өзін соншалықты аулақ ұстаған әрі ойындық сапамен онша үйлесе қоймаған нысаналықтың бәз-баяғы идеясы ұялап қалған жоқ па деген сұрақ туындайды. Кез келген жағдайда, бұл Фробениуста көрсетілгендей, ойынның көмегі арқылы ғарыштық оқиғалар бейнеленеді, көрінеді, қоса жүреді, жүзеге асып отырады. Дегенмен, квазирационалды сәттің өзі санаға қайта-қайта тыншу бермейді. Ойын, бұл дегеніміз жүзеге асу, ол оның көздерінде тіршілік етуге деген құқықты әлде бір өзгеше заттың көрінісі бойынша, нақты айтқанда белгілі «ғарыштық толқынысты» («bewogenheid») білдіру арқылы паш етеді. Мұның түр-бейнелерде айнытпай салынатындығының бар болу жағдайы, жан-жақты алып қарағанда, оның көздерінде бейнеленген алғашқы кезектегі маңыздылықты танытпайды. Теориялық тұрғыдан ол басқаша мәнерде де болуы ықтимал. Біздің көзқарасымыз бойынша, керісінше, маңызды нәрсе нақ ойынның жүзеге асуы болып табылады. Бұл ойын, өзінің мәні жағынан, өзінің абсолютті тең дәрежедегі балалар ойынының немесе тіпті жан-жануарлар ойынының негізінде жатқан анағұрлым жоғары түр-үлгідегі әлдебір өзгеше нәрсе болып отыр. Балалар мен жан-жануарлар ойынының түп-төркінін «Ғарыштың баурап алушылығынан» немесе өзіне көрініс үлгісін іздейтін әлемдік тәртіптен қарастыруға болар ма, әсте. Қалай болғанда да, мұндай түсініктің пәлендей мағынасы бар болмас. Балалар ойыны өзінің таза күйінде де qua talis (осындай болып отырғанындай) ойын сапасын иеленеді.
Біздер Фробениус жасағандағыдан бөлек, үдерістің «өмір мен табиғаттың баурап алу» сатысынан ізгілікті ойындағы осы сезімнің көрінісіне ауысуды - әйтеуір бір шынайы зерттелмеген жайға түсінік беру үшін емес, сонымен қатар істің мән-жайын жетік дәрежеде ашу үшін сәл өзгеше терминдерде суреттеу мүмкін болып қалар деп шамалаймыз. Көне заман қоғамы сәбидің ойнағаны, жан-жануарлардың ойнағаны секілді ойнайды. Әуел бастан бұл ойында әр кезде ойынғы тән болып саналатын элементтер: тәртіп, ынталылық, қозғалыс қарқыны, сән салтанаттылық, мақтаныш молынан қамтылады. Қоғамдық дамудың анағүрлым кешірек дамыған сатысында ғана бұл ойынмен көрініс байланысқа түседі, ол әлденені бейнелейді, нақты айтқанда өмір жайлы көріністі жайып салады. Бұрынырақта сөзсіз ойын болып көрінген құбылыс, енді келіп поэтикалық түр-үлгіні иеленеді. Дербес сапа болып табылатын оның (ойынның) ішкі үлгілері мен ішкі функциялары, өзінің Ғарышқа ынтығу шылығын адамның түйсіне білу жағдайлары ең алғашқы, ең жоғарғы, ең ізгілікті мән-мағынасын таппақшы. Ойынның ішкі жағына ізгілікті іс-әрекеттің аз-мұз болса мән-маңызы сәулеленіп ене бастайды. Ғибадат осылайша ойынға сіңіріліп-сіңіседі. Алайда ойын өзімен-өзін алғанда алғашқы, бастапқы, әуелгі іс жүзіне асу құбылысы болып қала береді.
Біздер мұнда психологияның танымдық құралдарының көмегімен және немесе өзіміздің танымымыздың көмегімен енудің өзі екіталай болатын өрістерде айналмақпыз. Осы жерде туындайтын мәселелер біздің санамыздың ең терең түкпірлерін қаузайды. Ғибадат - ең жоғарғы әрі ең қастерлі, ең елеулі іс. Десек те, ол сол бір мезгілде ойын болып қала ала ма? Атам заманнан бері кез келген ойын, мейлі ол сәбидің немесе ересек адамның ойыны бола-ақ қойсын, елеулі сипатта болып өтуі мүмкін екендігі зәредей де күмән тудырған емес. Дей тұрғанмен ол бұрынғысынша ойындық сапамен байланысты болып отыратын ізгілікті толқыныспен, сонымен қоса жүретін сакраментальды әрекетпен өрістейтін сипатымен бірге тым алыс ұзап кете алмақ па? Біздер «ойын - байыптылық» қарама-қарсы мәнділігін пәлендей үзілді-кесілді жәйт ретінде қарастыруға бой үйретіп кеткенбіз. Бірақ, жан-жақты қарастырғанда, ол осы бір ұғым-түсініктерді тіпті де түбіне дейін сарқып тауыса алмайды.
Мына бір көп сатылы жүргізілген бақылауға бір сәт назар аударудың өзі жетіп жатыр. Сәби мүлде байсалды кейіппен ойнап отыр, толық түрде айтсақ - ізгі байыптылық ауанында ойнауда. Бірақ та ол ойнап отыр, және де өзінің ойнап отырғанын біледі. Спортшы арта түскен бар ынтасымен және қияли адамның қайтпас жігерімен ойнайды. Бірақ та ол ойнап отыр, және де өзінің ойнап отырғанын біледі. Актер оз ойынына ынтасымен беріледі. Оның үстіне ол ойнап отыр және ойнап отырғандығын түйсініп тур. Скрипкашы ізгі мақтанышты бастан кешеді, ол тұтас дүниені және әдеттегі дүниеден жоғары нәрсені сезінеді, сонда да болса бұл ойын болып қалады. Ойындық сипат кей кездері ең асқақ істерді даралап тұрады. Біздің ой жүгіртулеріміздің желісін ғибадаттық жосықтарды атқаруға дейін апаруға және абыз кісі құрбан шалу салт-жорасын іске асыра отырып, оз ойынын ойнайды деп айғақтауға бола ма? Кімде-кім мұны Құдайға құлшылық ету деп таныса, онда мұны барлық қалғандар үшін де осылай болмақ деп санайды. Мұндай жағдайда салт-жора, сиқыршылық, діни ойын-сауық, жұмбақтық пен құпия діни ұғым түсініктері барлығы жинала келгенде ойын қимылының аймағына түскен болар еді. Бұл арада сақ болу қажет және ойын ұғымының аясын тым асыра ернеулетіп жіберу жөн емес. Ойынның мәнін шектен тыс жылжытып жіберіп, біз сөз ауызша ойынмен айналысып кеткен болар едік. Бірақ, меніңше, ізгі іс-қимылды ойын ретінде дәрежелеген кезде, тым шетке шығып кетпейтін сияқтымыз. Түр-үлгі тұрғысынан алып қарағанда, ізгі іс-әрекет кез келген қатынастағы ойын, және, шын мәнінде, оның өзі де осылай, егер ол оз қатысушыларын кәдімгі дүниеден тамаша басқа дүниеге ауыстырып жатса. Платон үшін ойындағы және ізгілікті істегі бұл тепе-теңдік сөзсіз шындық болып шығар еді. Ол, ешбір селт етпестен, ойын санатына тіпті ізгілікті нысандарды да жатқызды. «Мен елеулі істерде байыпты болу, ал елеулі еместерде - қажеті жоқ деп қуаттаймын. Құдірет өз табиғаты бойынша барлық мүмкін дерлік шат-шадыман қамқорлыққа лайық, ал адам, біз бұрынырақта айтып кеткендей, - бұл Құдайдың ойлап тапқан қандай да бір ойыншығы, және де өз маңызы бойынша бұл анағүрлым тәуір міндетке айналды. Осылай болуы керек те еді; әрбір ер адам мен әрбір әйел қазір қалыптасқан жайларға қарама-қайшы келіп тұрса да, оз өмірлерін тамаша ойындар ойнап өткізе берсін».
Қай жағдайда да, делінеді одан әрі, олар соғысты байыпты нәрсе деп санайды, «бірақ, соғыс - бұл ойын емес және тәрбие де емес», ал біз оны байыпты нәрсе деп санаймыз. Бейбіт өмірді әркім тәуір сүруге тиіс. Не нәрсе тәуір болып есептелмек? «Өмірді белгілі бір ойындар ойнай отырып, құрбандықтар шала отырып, ән айта және би билей отыра өткізіп, құдайларды өзіне қарату және ұрыстарда жеңе отырып, жауларды күйрету үшін осылай ету керек».
Осы аталған платондық ойынды және сакральдықты теңдестіруде ізгі нәрсе ойын деп аталатынмен төмендетілмейді, бірақ ойынның өзі асқақ дәрежеге көтеріледі, өйткені бұл ұғым рухтың ең жоғарғы салаларына дейінгі мән мен мағынаны иеленбек. Біз әңгімеміздің басында ойын қандай да бір болсын мәдениетке дейін де және кейін де болып келді деп айтып кеттік. Белгілі бір мағынада ол әрбір мәдениеттен жоғары турады немесе, қалай болғанда да, оған таңылып қалмаған. Адам байыпты өмір деңгейінен төмен дәрежеде, өзіне ләззат алу мен ермек үшін сәбиге ұқсап ойын ойнайды. Ол бұл деңгейден де жоғары ойнай алады, әдемілікпен және қасиетті нәрсемен қоса да ойнай алады.
Жоғарыда айтылған жайды ескере келе, мәдениеттің ойынмен өзара ішкі байланысын дәлірек анықтауға болады. Ойындық және салт-жоралы түр-үлгілердің кең тараған бір тұрпаттығы осылай бола отыра неғұрлым айқын перспективада көрінеді, және күн тәртібіне кез келген сакральды әрекет ойын өрісіне қандай шамада келіп түседі деген мәселе қойылмақ.
Ойынның формальды белгілерінің арасында алғашқы кезектегі орынға кеңістіктегі ойындық іс-қызметтің «үйреншікті» өмірден күшпен тартылып алынуы шығады. Әлдебір тұйықталған кеңістік, мейлі ол материалдық не болмаса ойша болсын, күнделікті түрдегі жан-жақтан қоршаған әлемнен оқшауланады, шектеліп отырады. Осы ішкі кеңістіктің өз ішіндегі ойын өтіп жататын жерде, соның ішінде ғана оның ережелері күшіне енеді. Дәріптелген орынның, ғибадатхананың бөлектеніп даралануы да сакральды іс-әрекеттің ең алғашқы белгісі. Ғибадаттағы, сиқыр мен құқықтық практиканы қоса алғандағы, ғибадаттағы оқшауланудың, ерекшеленудің бұл талабы тек қана кеңістіктік және мезгілдік сипаттағы мағынаға ие болып қана қоймайды. Арнау мен дәріптеудің түгел дерліктей түрлері орындаушылар мен дәріптелушілер үшін арналған айрықшалық пен оқшауланушылықтың жасанды ахуалдарының пайда болуын қарастырады. Пәлен деген орден мен бауырластыққа қабылдау туралы, құпия одақ туралы, ант немесе діни серт туралы әңгіме болып отырған барлық жерде осы немесе өзгеше түрде ойынға міндетті түрде осы айтылып отырған шектеу килікпек, осы шектеудің ішінде аталған факті мен салт-жора іс-әрекет жасайды. Сиқыршы әзәзіл, бал ашушы, абыз құрбан шалар алдында өзін сиқырлы шеңбермен қоршап қою жағдайынан бастайды. Құпиялылық пен құпия діни ұғым ғибадатхананың бар болуын көздейді.
Осы бір оқшауланудың қасиетті мақсат немесе таза күйдегі ойын үшін ғана атқарылатын үстірт қалыптағы функциясы сол бәз баяғы функция күйінде қала бермек. Ипподром, теннис корты, «классика» ойнау үшін балалар ойынына арналған алаңқай, шахмат тақтасы функциональды түрде храм мен сиқыршылық шеңберден аса ерекшеленбейді. Барлық жер бойынша дәріптеу салт-жораларының таңқаларлықтай гомогендігі мұндай әдет-ғүрыптардың адами рухтағы өте ерте замандарда қалыптасқан және іргелі саналған қасиеттерінен тамыр тартып жатқандығын айғақтайды. Мәдени түр-үлгілердің осы жалпыға ортақ ұқсастығы таза күйдегі қисындық себептерге жетелеп, ғибадатхананы сырттан келетін зиянды эсерлерге шектеу қою қажеттілікті түсіндіреді, өйткені ол өзінің қасиеттілігіне орай қауіп-қатерге айрықша ұшыраған әрі өзі де қауіптен құр алақан емес. Осылай етіле отырып, аталған мәдени үдерістің бастамасы ақылға қонымды негіздер мен пайдалы мақсаттар қосымша болып көрсетіледі, яғни оған қарсы Фробениус ескерткен пайда келтіретін түсіндіру ұғымы беріледі. Сөйте тұра, қай кездегідей, дінді ойлап тапқан дін қызметкерлері туралы трюизмге бой ұрмай тұрса да, бірақ ақылмен шешкен уәжді жорамалдарда аталған қарсылық бәрібір сақталып қалады. Егер де, керісінше, шындықты ойын мен салт-жораның маңызды әрі бастапқы тепе-теңдігі ретінде қарастырсақ және шын мәнісінде ғибадатхананы ойындық кеңістік ретінде мойындасақ, онда адастыруға әкеп соқтырған: «Не үшін, неге?» сұрағы - мүлде де туындамақ емес.
Егер ізгілікті іс, жан-жақты алып қарағанда, үстірт алып қарағанда ойыннан айырмашылығы шамалы болса, онда ғибадат пен ойын арасындағы ұқсастық одан әрі таза күйдегі формальды сәт болып шықпай ма. Дін тарихы мен этнология ойын түрінде болып жататын сакральді әрекеттер қаншалықты дәрежеде іске асады деген сауалға ешбір назар қоймайтындығы сол сияқты ойындық мінез-құлықпен және олардың қатысушыларының көңіл күйімен ерекшеленетіндігімен байланысты болып, таң қалдырмай қоймайды. Қаншалықты менің көзім жетіп отырғанындай, Фробениус те бұл сұрақты өзіне қойып көрген жоқ болатын. Маған келетін болсақ, онда мен ең сан алуан түрдегі қайнар көздерді жинақтайтын кейбір сын-ескертпелермен шектелген болар едім.
Қоғам бастан кешетін және рухтың жай-күйі және ғибадаттық салт-жоралар, алғашқы кезекте жоғары әрі ізгілікті байыптылығымен дараланады; бұл факт өзінен өзі түсінікті. Сонда да болса тағы бір рет қайталап шығайық: осы және ішкі себептермен пайда болған ойындық мінез-құлық та терең мәнде байсалдылық танытуы ықтимал. Ойнаушы адам ойынға жан-тәнімен беріліп кетуі мүмкін. «Бүл тек қана ойын» санасы бұл арада екінші қатарға аулақ ығыстырылып шығарылады. Ойынмен ажырағысыз байланыста болып келетін қуаныш сезімі ынталылыққа ғана ауысып қоймайды, сонымен бірге сезімдік өрлеуге де ұласады. Ойындық өрістің екі басында қуану сезімі (uitgelatenheid) мен бойды шаттық билеген күй турады. Осы сөздердің екеуі де әлде бір ақырғы жай-күйді білдіретіндігі кездейсоқ жәйт емес. Бәлкім, ойындық көңіл күй ауаны әрқашанда көтеріңкі болады деп айту керек шығар. Бірақ бұл біздерді психологияның бойды аулақ салуға тиісті мәселелеріне қарай жетелемек.
Ойындық көңіл күй өз табиғаты бойынша орнықсыз. Кез келген сәтте «үйреншікті» тіршілік өз құқықтарын алға тартуы ықтимал, мәселен, сырттан болатын қандай да бір болсын түрткінің, ойын ережелерінің бұзылуының не болмаса ойындық сананың айналуының әсерінен, ойнаушылардың өкініш білдіруі не болмаса айығуы салдарынан болатын жәйттер.
Ізгі мейрамдардың ахуалының да сақталуы (houding) қандай күйде? «Мейрам» сөзі айтылып тұрғанындай өзін өзі паш етеді: ізгі әрекет тойланады, яғни, басқаша айтқанда, ол мерекенің шеңберіне келіп түседі. Өз ғибадатханаларына салтанатты түрде жиналушы халық қуаныш сезімін бірлесе отырып білдіру үшін жиналады. Дәріптеу, құрбандық шалу, ізгілікті билер, сакральді жарыстар, көріністер, құпия жайлар мен құпия діни ұғым -булардың барлығы да мереке құшағына енеді. Тіпті қанды салт-жоралар, бағышталушылардың бастан кешетін аса қатал сынақтары, қорқыныш тудыратын маскалар, күллі оқиғалар мереке ретінде ойналады. «Үйреншікті» өмір тоқтап қалған. Ас ішу, той тойлау, көңілділік пен тентектік мейрамның басынан аяғына дейін ұласады. Грек мерекелерін немесе африкалық мерекелерді еске түсірсек, бәрібір орталық ғибадатхананың төңірегіндегі мерекелік көңіл күй мен ізгілікті толқыныс арасында нақты шекара белгілеудің реті келе қояр ма екен.
Сонымен бір мезгілде дерлік осы кітаптың шығуына орай венгрлік ғалым Карой Кереньи мейрамның мән маңызы жайлы шығарманы жариялады, бүл шығарма біздің пәнімізге мейлінше жақын келеді. Кереньи де біз бұл арада ойын ұғымы ретінде қарастырған нәрсеге ұқсас бастапқы дербестіктің сипатын мерекеге балайды. «Unter den seelischen Realitaten,- дейді ол, - ist die Festlichkeit ein Ding fur sich, das mit nichts anderem in der Welt zu verwechseln ist» («Жан ақиқаттарының арасында мерекелік жарық дүниеде өзін ешбір нәрсемен шатастырып алуға болмайтын жәйт»). Сонымен, ойын туралы біз жан-жақты қарастырғанымыздай, Кереньи мереке құбылысы мәдениет тарихының назарынан тыс қалған деп шамалайды. «Das Phanomen des Festlichen scheint den Ethnologen vollig entgangen zu sein» («Әсілі, этнологтар мейрам құбылысын мүлде көзден таса етіп алған сияқты»). Мейрам ақиқатына соқпай өту «gleitet man... in der Wissenschaft so hinweg, als ob sie gar nicht existiertre» («ғылымда негізі тайғанақ көзқарастар жиі кездеседі... бейне бір ол мүлде болмағандай»). Дәл осылай, ойынға соқпай кеткен сияқты, жақын болу керек сияқты. Енді мейрам мен ойын арасындағы заттар табиғаты бойынша ең тығыз қарым-қатынастар орнайды. «Үйреншікті» өмірден шығып қалу, көбіне-көп, міндетті бола тұрмаса да, іс-қызметтің қуанышты мәнері (мейрам да байыпты болуы мүмкін), кеңістікті және уақытша шектеу, қатаң сипаттағы айқындық пен шынайы еркіндіктің сабақтастығы -ойын мен мерекенің маңызды жалпы сипаттары осындай. Екі ұғым-түсінік те би барысында анағүрлым жандана түседі. Мексиканың оңтүстік жағалауындағы қора тайпасының үндістері өздерінің ізгілікті мейрамдарын жас маис собықтары және собықты көктегі тәңірдің «ойынымен» қуыру деп атайды.
Кереньидің мейрам туралы ой-мұраттары мәдениет түсінігі ретінде осы кітаптың арқауы саналатын негізді нығайтады және аясын кеңейтеді. Ізгілікті мейрамның ауаны мен ойынның ауаны арасындағы бір ғана белгілеумен тығыз жанасу әлі де болса айтылған жоқ. Ішкі сезімнің өрлеуінің формальды белгілері мен жағдайынан бөлек, шынайы ойынмен тағы да бір елеулі сипат ажырағысыз байланысқан: сана - мейлі ол артқа қатарға ысырылып тасталса да - осының бәрі де «бейне бір», «шындығында» болып, іске асып жатқанның санасы. Қаншалықты мұндай сана өзін өзі ұмытып орындалатын іс-қимылмен ілесе бермек деген мәселе сұрақ болып қала береді.
Егер біз көне мәдениеттердің сакральді әрекеттеріне оз назарымызды кідіртетін болсақ, онда сол арқылы осы актілер орындалатын байыптылықпен салыстыра қарағанда кейбір байламдар жасау онша қиындық тудырмайды. Маған ынтымақтас көрінетін этнологтардың ой-пікірі бойынша жабайыларда болып өтетін зор діни мерекелердің қатысушылар мен көрермендері бастан кешетін рухтың жай-күйі толық мақтаныш сезімі мен елес-қиялдың жай-күйі емес. Онда осының барлығы да «шындығында» демінетін кейінгі ой қылаң береді. Рухтың осындай жай-күйінің жанды мысалын А.Э. Иенсен «Beschneidung und Ui-ilezeremonien bei Naturvolkern» («Алғашқы қауымдық құрылыс дәуіріндегі халықтарда кездесетін сүндетке отырғызу және ересектер қатарына қабылдау») деп аталатын кітабында келтіреді. Жан-жақты қарастыра келгенде, мейрамға қатысушы ер кісілер салтанат кезінде жанында қалықтап жүрген көзге көрінбес және шарықтау шегінде барып қана көрініс бермек әруақтардың алдында ешбір селт етпейді. Және де бүл таңғажайып жәйт емес: өйткені, күллі мейрамның режиссурасын жүзеге асырған осы аталған ер кісілер: олар маскаларды өздері дайындаған, олар қазір маскаларды киіп алған, олар маскаларды мейрамнан кейін де жасырып қояды, өйткені әдет-ғүрып заңы солай. Олар дуылдаса шу көтеріп, әруақтардың келіп қалғандығы жөнінде барша жұртты хабардар етеді, сөйтіп, оның іздерін құмға сызып салады, олар сыбызғы тартып, әлдеқашан марқұм болып кеткен ертедегі ата-бабаларының дауыстарын салады, және зырылдауықтарын бұлғайды. Қысқаша айтқанда деп түйіндейді Иенсен, олардың мінез-құлқы Синтерклаасты айнытпай қайталайтын ата-аналардың мінез-құлқынан ештеңемен де ерекшеленбейді. Еркектер әйелдерді бөгде кісілерден аулақ қоршалып қойылған қасиетті тоғайда не болып жатқандығы туралы жоқты әңгіме қылумен алдандырып әлек. Бағышталатындардың өздерінің мінез-құлқы есерлене желігушілік, ессіздік, жан түршігушілік, бала мінезді шадырлық және әсемпаз жастық арасында ауытқып тұрады. Әйелдер болып жатқан оқиғаларға көзсіз сеніп қалуға онша ырық бермейді. Олар кім қай масканың артынан қарап тұрғандығын тап басып біледі. Дегенмен, бұлар түрі қорқыныш тудыратын маска өздеріне жақындап келе жатқанда шыңғырып, жан-жаққа тым-тырақай қашады. Бұл қорқыныш көрінісі, деп жазады Иенсен, бір жағынан мүлде стихиялы әрі жасандылықсыз, бір жағынан бар болғаны дәстүрлі міндеттілік болып бой көрсетеді. Осылай ету бұйырылған. Әйелдер бейне бір осы спектакльдің кейіпкерлері сияқты саналады және де олар қабылданып белгіленген ережелерді сақтамауға әрі ойынның шырқын бұзуға болмайтындығын дәл біледі.
Ізгі байыптылық «fun» деңгейіне дейін әлсірей түскен кезде, төменгі шекараны жеткілікті дәлдікпен жүргізу мүмкін емес. Егер қанасынан шыққан балалары Сннтерклаас ролін атқаруға дайындалуға мәжбүрлеп жатса, біздің балажанды әкетайларымыздың арасынан біреуі әзіл қалжыңға бой алдырмай-ақ ашуланбай қоймас еді. Британдық Колумбияда квакиутль тайпасының үндісі қандай да бір салтанатқа бару үшін пұт-масканы ойып алып жатқан кезде өзін көріп қалғанда, күнәсін жасыру үшін куә ретінде сол жерде болған өз қызын өлтірген. Лоанго тайпасы негрлерінің діни сана-сезімінің бұлыңғырлығын Пешюель-Леше Йенсенмен ұқсас келетін терминдерде суреттейді. Олардың ізгілікті көріністерге және әдет-ғұрыптарға сенім-нанымы мысқыл мен немқұрайдылық қоса жүретін жартылай сенім-наным болып табылып отыр. Бұл арадағы ең бастысы деп тұжырымдайды автор, мейрамның көңіл-күйі ахуалының өзі. «The Threshold of Religion» («Дін табалдырығы») деген кітаптың «Primitive Credulity» («Ерте заманғы сенім-нанымдар») тарауында P.P. Маретт қарадүрсін сенім-нанымда әрқашанда «make-believe» («көз қылу үшін сену»), Арбаушы мен алданушы - екеуі де осы және сол бір мезгілде біледі де, алданады да. Бірақ адамдардың өздері де алданғысы келіп түрады.
«Дәл жабайы сияқты - өзін-өзі толық ұмытқан жақсы актер бейнеленетін пішіндегі бала сияқты, ол жақсы көрермен де, және осылай бола отырып ол нағыз екендігі белгілі бола тұрса да, айбатты ақырысымен зәресі кеткенше қорқытатын сәбиге де ұқсас». Жергілікті бұратана адам, Бронислав Малиновскийдің сөздері бойынша, өзі үшін анық қисынға келтіре алғаннан гөрі, өзінің сенім-нанымын сезінеді және қорқады. Алғашқы қауымдық қоғамның әдеттегіден тыс қасиеттері тән болып келетін адамдардың мінез-құлқы, бәрінен бұрын «playing up to the role» («ойындағы роль») секілді жақсы айқындалуы мүмкін.
Сиқырлы және әдеттен тыс іс-әрекеттердің «шынайы» еместігінің белсенді санасының белгіленіп берілген бұл еншісіне қарамастан, сол бір аталып өткен зерттеушілер мынаны табанды түрде атап көрсетпек, олардың ойынша сенім-нанымдардың және салт-жоралардың күллі жүйесі басқа, сенуші жандардың бір бөлігін ашса алақанда, жұмса жұдырықта ұстау мақсатында сенім-нанымнан жұрдай жандардың бір шоғырының ойлап тапқан өтірігінен басқа түк те емес. Дегенмен, осы тектес көрініс тек қана жиһанкездерде ұшырасып қана қоймайды, сонымен бірге анда-мұнда аборигендердің өздерінің ауызша дәстүрінде де беріліп отырады. Бірақ ол әсте шынайы бола алмақ емес. «Ізгілікті әрекеттің шығу төркіні тайпаның барлық шамдарының сенім-нанымында ғана тамыр тарта алмақ, I и бір топтың билігін барлық қалғандарынан үстем етіп орнықтыру үшін сенім-нанымды өтірік қолдау тарихи дамудың ақырғы нәтижесі ғана болып шығуы мүмкін».
Жоғарыда баяндалған барлық жайлардың ішінен, менің ойымша, анықтың анығы мына нәрсе деп білген жөн, яғни халықтардың сакральды іс-қызметі жайлы айта келгенде, ойын құбылысын бір сәтке көзден таса етуге болмайды. Және бұлай ету осы құбылыстардың суреттеуінде соны іске асыруға тура келгендіктен және істің мәні «ойын» сөзіне келіп тірелетіндіктен ғана емес, ойынның түсінігінің өзі бұрын болмағандай көрінген сенім-наным мен сенімсіздіктің бұл бірлігі мен ажырамақтығы, ізгі байыптылықтың байланысы жасанды қылықпен және «ақымақтықпен» тәуір үйлеседі. Шындығында да, аталған жағдайда Иенсен, балалар әлемі мен жабайылар әлемі арасындағы ұқсастықты мойындауға қарамастан, сәби айқындамасы мен жабайының айқындамасы арасындағы принципті айырмашылықты белгілейді. Сәби Синтерклааста fertig vorgefuhrte Erscheinung құбылысымен (дайын айнытпай қайталанатын құбылыспен) бетпе-бет келеді, оның барысында сәби тікелей өзінің дарындылығының арқасында sich zurechtfindet (бағдар ұстайды). «Ganz anders liegen die Dinge bei dem produktiven Verhalten jener Menschen, die fur die Entstehung der hier zu behandelnden Zeremonien in Frage kommen: nich zu fertigen Erscheinungen, sondern zu der sie umgebenden Nature haben sie sich verhalten und sich mit ihr auseinandergesetzt; sie haben ihre unheimliche Damonie erfabt und darzustellen versucht» («Осы арада талқыланбақшы рәсімдердің пайда болуымен байланысты жандардың нәтижелі мінез-құлқында мүлдем өзгеше орынды иеленеді: олар дайын күйдегі құбылыстармен емес, керісінше оларды қоршап тұрған табиғатпен қарым-қатынасқа түсті, онымен таласты; олар оның түнерген пері мінезді күшіне қол жеткізді және көз алдына келтіруге тырысты»). Бұл арада Йенсеннің ұстазы болған Фробениустің жоғарыда еске алынған көзқарастары меңзеліп отыр. Ең әуелі Йенсен бала жаны мен салт-жораны тарихқа дейінгі кезеңде жасаушылардың жанының рухани үдерісі ара¬сында суайырық ganz anders (мүлде өзгеше) жүргізеді. Біз ғибадаттық қоғаммен бетпе-бет келіп отырмыз, бұл қоғам біздің балаларымыз сықылды дәстүрлі материал ретіндегі өзіндік ғибадаттық көріністерін fertig vorgefuhrt (әзір күйінде көрсетілген) иеленеді, және де біздің бала¬ларымыз сияқты үндестік білдіреді. Бірақ, бұны шеткері қоя отырып, табиғат танымы қоса жүретін, ғибадат келбет-қалыптарында Erfassung (қол жеткізуге) Darstellung (бейнелеуге, жүзеге асыруға) әкеп тіреген аталған Auseinandersetzung (қақтығыстар) біздің бақылауымыздан толық шығып кетеді деп атап айтқан абзал. Фробениус пен Иенсен оған қиял-ғажайыптық тұспалдап айту құралы тұрғысынан қарайды. Көз алдына елестетудің бұл үдерісіне (процесіне) ықпал еткіш функциялар жайлы тіпті де пәлендей деп тіс жаруға болмайды, будан бөлек, бұл функция поэтикалық мәнде болып келеді, оны ойындық деп атай отырып, анықтаған абзал болар еді.
Осы тектес бақылаулар, біздерді бастапқы діни ұғым-түсініктерді мән-маңыздығының проблемасына тереңірек тарта түседі. Баршаға мәлім, дін туралы ғылыммен айналысатын қайсы бір жан меңгеруге тиісті ең негізгі ұғымдардың бірі төмендегіше. Діни түр-тұлға әр алуан реттіліктегі тірі жан иелерінің екі ортадағы аралығындағы, мәселен адам мен жан-жануар аралығындағы тіршіліктің ізгілікті тепе-теңдігін белгілеген кезде, онда бұл жағдайда қарым-қатынас символикалық байланыс туралы біздің ұғымымыз арқылы жеткілікті дәрежеде әрі дәл бейнелене алмақ емес. Қос тіршілік иелерінің біртұтастығы ішкі бірлігі жағынан қаралатын шындық (субстанция) пен оның символикалық мәні арасындағы байланысқа қарағанда әлдеқайда терең. Бұл - мистикалық тепе-теңдік. Бірі «басқаға» айналды. Жабайы жан сиқырлы биді билей жүріп, кенгуру болып шығады. Дегенмен, әлдененің мәнін білдірудегі адами қабілеттің кем-кетіктері мен айырмашылықтары жайлы жақсылап есте ұстаған жөн. Жабайы жандағы рухтың жай-күйін өзіңе елестете білу үшін бізге оны өзімізге ұғынықты терминологияда беруге тура келеді. Біз осыны қаласақ та, қаламасақ та, бұл жерде біздер жабайы жанның діни түсініктерін өз ұғымдарымыздың қатаң мәнердегі қисындық жүйесіне көшіруді іске асырамыз. Осылайша ете отырып, біз оны мен оның айуанаттық алғашқы адамдардың нанымындағы Құдай деп санаған айуан әлде өсімдіктің (тотемнің) арасындағы бірдеңе іспетті қарым-қатынасты білдіреміз, бұл бірдеңе ол үшін ақиқат болмысты танытады, солай бола тұра біздер үшін бұл қарым-қатынас ойындық қатынас болып қала береді. Жабайы жан кенгурудің мән-маңызын өзіне қабылдап алды. Ол кенгуруды ойнап жүр дейміз біз. Бірақ, өйткені оның өзі де «болу» және «ойнау» түсініктері күмәнданбайды, тепе-теңдік, образ, символ туралы күмәнданбайды. Солай болғандықтан, ең алғашқы «ойын» терминін ұстана келе, ізгілікті әрекет кезінде жабайы жанның хал-күйін танып-білу жөн болмай ма?- деген сауал ойымызда қала береді. Біздің ойын ұғымымызда наным мен жасанды қылық арасындағы айырма алынып тасталады. Ойынды осылайша ұғу қандай да бір керусіз дәріптелу және ізгілікті ұғымымен байланысты болып келеді. Бұл жәйт Бахтың кез келген музыкалық шығармаға кіріспесімен (прелюдиясымен), трагедияның кез келген жолымен дәлелденеді. Ойындық өріс ретінде қарабайыр, ерте заманғы мәдениет аталатын күллі өрісті сабақтастықпен бағалай келе, біз өзіміз үшін оның сипатын, психологиялық және социологиялық талдаудың өткір қандауырының көмегіне қарағанда, неғұрлым тікелей әрі кең түрде танып-білу мүмкіндігін айқындаймыз.
Осы бір қоғамның игілігі үшін қажетті болып саналатын ізгілікті ойын, өзінің ғарыштық көрегендігімен және әлеуметтік болашақты межелеуімен насырға шабарлықтай, бірақ ол қай кезде де, Платон ұғынып-түсінгендегідей, ойын, іс-қызмет болып қалады, күнделікті мұқтаждықтар мен байыптылықтың парасатты мәндегі күнделікті шаруаларынан тысқары әрі басым бола отырып жүзеге асады.
Ізгілікті ойынның бүл саласында сәби мен ақын өздерін өз түйіндегідей сезінеді, ал олармен бірге жабайы жан да бірге болады. Эстетикалық сезімталдық қазіргі заманғы адамды бұл салаға біршама жақындата түсті. Бұл арада біздер сән туралы ойлаймыз, оның толқынында бүгінгі таңда маска көркемдік нысан ретінде көрінеді әрі қуантады. Мейлі ол желігушілік әсерінен айыға қоймаса да, таңсық нәрсеге деген қазіргі кездегі құмарлық қалай дегенде де мен үшін, XVIII ғасырда өрши түскен түріктерге, үнділерге және қытайлықтарға арналған сәнге қарағанда тереңірек сипатта көрінеді. Қазіргі заманғы адам, ешбір күдік-күмәнсіз, алыстағы, бөгде жайларды түсіне білудің күшті дамыған қабілеттілігімен ерекшеленеді. Және бүл арада ештеңе де, маскамен және қайта киінумен байланысты болып келетін барлық жайларға қатысты алғанда, оның елігушілігі мен қабылдап-түйсінгіштігімен салыстырғанда, неғұрлым дөп келетіндей болып шықпайды. Этнология бұл құбылыстың әлеуметтік зор мән-маңызын ашқан уақытта, білімді саналатын ғылымды я өнерді үстірт біліп істейтін адам (дилетант) тікелей түрдегі эстетикалық әсерге беріледі, ал бүл әсерде сұлулық, қауіп-қатер мен құпиялылық әбден араласып кеткен. Маскада әр кезде де құпия сыр бар, оның ішінде ересек жасқа келген өркениетті жеке тұлға үшін де осындай сыр бар болмақшы. Ешбір белгілі діни ұғымдар байланысты емес таза күйдегі эстетикалық қабылдау тұрғысынан алып қарағанда Да, маскадағы адам кейпі біздерді дереу «үйреншікті» өмірден күн жарығынан алыс өзгеше әлемге алып шығады. Жабайы жанның, сәбидің және ақынның өрісіне, ойынның өрісіне.
Егер де біздің ойларымызды қарабайыр ғибадаттық іс-қимылдардың мәні мен сипатына қатысты етіп бәрін бірге одан әрі ыдырамастай ойындық ұғым-түсінікке әкеп тіресек, онда тым жауапты мәселе шешілмеген күйінде қала бермек. Қалай және қашан біздер діннің төменгі түр-үлгілерінен жоғарыларына көтерілгенбіз? Африканың, Австралияның, Американың ерте заманғы халықтарының жабайы және елес-қиялдағы дәстүр-салттарынан біздің назарымыз құрбан шалудың ведийлік ғибадатына, упанишадтардың жүкті болып қалған даналығына, египеттік діннің терең мистикалық гомологияларына, орфилік және элевсиндік ерте кездегі құпия діни ұғымдарға ауыспақ. Олардың түр-үлгісі де, әлем-жәлем және қанды егжей-тегжейлерге дейінгі практиканың өзі әлі де болса, қарадүрсін деп аталатын нәрсемен тығыз байланысты. Бірақ, біз олардан даналық пен ақиқаттың құндылығын танып-білеміз немесе шамалаймыз, және бүл мазмұн бізге оларға артықшылық сезімімен қарауға тыйым салады, аталған мазмұн, шын мәнісінде, қарабайыр мәдениеттер деп аталатындарға қатысты қарастырсақ, орынсыз болып қалды. Ендігі мәселе мынада, формальды ұқсастығы жөнінен ойын біліктілігін ізгі санаға, осы жоғары түр-үлгілерді толымды еткен сенімге қолдануға бола ма. Егер ойынның платондық тұжырымдамасын алғашқы және ақырғы рет қолдансақ жоғарыда айтылған барлық жайлар біздерді нақ осыған алып келген болатын, - онда осы сұраққа нанымды жауап беруге ешбір күмән қалдырмайды. Құдайларға арналған ойындар, мәні жоғары мақсат, оған адам өз өмірінде барлық құлшыныс-ынтасымен берілуге тиіс, - Платон осылайша тұжырымдаған еді. Қисынды дәрежедегі танымға қол жеткізбейтін нәрсе көрінісінің анағұрлым жоғары қол жетімді түрлерінің ішіндегі ізгі діни құпия ұғым-түсінікті бағалау бұл жерде өзінің күшін ешбір жоғалтпайды. Өзінің кейбір қырларымен дәріптелген іс-әрекет әрқашанда ойынның санатына қосылған болып қала береді, бірақ оның ізгі сипатын танып-білу ешбір жағдайда да бұл қатаң бағыныста жапа шекпейді.
Түсініктемелер
1. X. Зондерван (Zondervan H. Het Spel bij Dieren, Kinderen en Volwassen Menschen. Amsterdam, 1928) және Ф. Бейтендейктегі (В u у t e и i l I j k F.J.J. Het Spel van Mensch en Dier als openbaring van levensdrifiten. Amsterdam, 1932) осы теорияларға шолуды қараңыз.
2. G r a n е t M. Fetes et chansons anciennes de la Chine. P., 1914, pp. I V), 292; id. Danses et legends de la Chine ancienne. P., 1926, p. 351 sg.; id. La civilization Chinoise. P., 1929, p. 231.
3. «As the Greeks would say, rather methectic than mimetic» («Гректер айтқандай, дұрысы миметикалықтан гөрі метектикалық болар»). - Н а I s о n J. E. Themis: A Study of the social origins of Greek religion.
Cambr., 1912, p. 125.
4. M a r e 11 RR. The Threshold of Religion. L., 1912, p. 48.
5. Buytendljk, I.e., pp. 70-71.
6. Cambridge, 1912.
7. FrobeniusL. Kulturgeschichte Afrikas. Prolegomena zu einer liislorischen Gestaltlehre. Phaidon Verlag 1933; id. Schicksalskunde im Sinne des Kulturwerdens. Lpz., 1932.
8. L.c., SS. 23, 122.
9. Kulturgeschichte..., S. 21.
10. Ibid., S. 122. Балалар ойынының бір сәті ретіндегі «Ergriffenheit» туралы S. 147 қараңыз;
Эрвин Штраустан алынған Бейтендейктің «қалыптан тыс (pathisch) қондырма», «баурап алушылық» (1. с., S. 20.)
11. Schicksalskunde..., S. 142.
12. Leges, VII, 803 С.
13. .. .oui cryoijt' ouv яшіба лаібеіа.
14. Ср.: Leges, VII, 796 В, бұл арада Платон куреттердің секілді ізгілікті билері туралы айтып отыр. Ізгі діни құпия мен ойын арасындағы ішкі өзара байланыстарды Романо Гвардини өзінің «Vom Geist der Liturgie» («Құдайға құлшылықтың рухы туралы») деп аталатын кітабындағы «Die Liturgie als Spiel» («Құдайға құлшылық ойын ретінде») тарауында өте дұрыс атап көрсетеді, SS. 56 - 70 (Ecclesia orans, herausg. von Dr. Ildefons Herwegen, I. Freiburg i. В., 1922). Платонның атын ауызға алмастан, Гвардини бұл жерде оның жоғарыда келтірілген ой-пікіріне мейлінше жақындай түседі. Ол құдайға құлшылық сипатына ойынның өзіне тән сипаттары ретінде біз бөліп көрсеткен белгілердің тұтас қатарын жатқызады. Ойын сияқты, құдайға құлшылық та түпкі нәтижеде «zwecklos, aber doch sinnvoll» («мақсаттан жұрдай, алайда мағына ернеуінен асып түр») болып шығады.
15. Vom Wesen des Festes. Paideuma, Mitteilungen zur Kulturkunde, I. Helt 3 (Dez. 1938), SS. 59 - 74. Ср.: бұл да онікі. La Religione antica nelle sue line fondamentali. Bologna, 1940, cap. II: II senso di festivita.
16. L.c., S. 63.
17. L.c., S. 65.
18. L.c., S. 63.
19. L.c., S. 60, мына кітапқа сілтемемен бірге: Р r е u s s К. Th. Die Nayarit-Expedition, I, 1912, S. 106 ff.
20. Stuttgart, 1933.
21. L.c., S. 151. Йенсен, әлбетте, бүл жерде Weihnachtsmann-ды (мәсихтық атаны, Аяз Атаны) айтып отыр.
22. L.c., S. 156.
23. L.c., S. 158.
24.L.c., S. 150.
25. В о a s. The Social organisation and the Secter Societies of the Kwakiutl Indians. Washington, 1897, p. 435.
26. Volkskunde von Loango. Stuttgart, 1887, S. 345.
27. L.c., SS. 41 - 44.
28. L.c., S. 45.
29. Argonauts of the Western Pacific. L., 1922, p. 239.
30. Ibid., p. 240.
31. J e n s e n, 1. c., S. 152. Инициация мен сүндетке отырғызу салт-жоралары рәсімдерін ұғындырудың бүл тәсіл-әдісіне, менің ойымша, Йенсен үзілді-кесілді келіспейтін психоаналитикалык теория жаңаша мән беріп отыр (SS. 153, 173- 177).
32. L.c., SS. 149-150.
Хейзинга Й. Homo ludens. В тени завтрашнего дня. М.:
Изд. группа «Прогресс», «Прогресс-Академия», 1992. С. 7-40.
Әлемдік философиялық мұра