Сұраған Рахметұлы. Достоевскийдің жертөлесі

ӘДЕБИЕТ
3857

Фёдор Достоевскийдің (1821-1881) – «Жертөле жазбалары» (Записки из подполья) он бөлімнен тұрады. Әуелі 1864 жылы Петербургте басылып шыққан 140 беттік көлемді повесть. Ішкі ақиқатты ашуға арналған сом индуктивті, «шайқының сандырағындай» қызықты туынды. В.В.Набоков: «Өлім аузындағы адамды артынан қуып жүргенді елестетер туынды...» деп атады. Бүкіл Еуразия тәржімалады, ағылшындар – «Notes from underground» атымен жария еткен.


Бірінші бөлімі – жертөледен жазылған алуан тауқыметтердің бірнеше ғана тізбегі... Бұл бөлімде аты аталмаған қырық жасар еркектің бастан кешкен пәнидүниелік және психологиялық дағдарысы егжей-тегжейлі баяндалады. Алғашқы 70 бетінде «40» саны 19 рет қайталанады! Автор кейіпкердің есімін құпия ұстайды. Оны – «Жер міскін» деп атауға болатындай. Жер міскін – өзінің әркеттеріне әсте күйінбейтін ерен байсалды және жансыз бейдауа. Шекермен дәмдеген шай сораптап, қарапайым жандарды жақсы көреді... Осы сөйлемнің аллегориялық перне байламының өзінен бір нәрсені бажайлап алуыңа болатындай.

Ол қарапайым жандарға титтей де зиян келтіруді ойламайды...

ХІХ ғасырға тән пенденің бейсанасы, яки болмысының сұлбасы. Саналы адамды – «оқу соққан» әулекі деп санайтын замансөзі...

Саналы болудың орнына хайуан болу оңды дерлік тұстағы зейін тартысы. Сұмдық тұспалдар тоғысы бар әйтеуір! Жер міскін төтен қияли кейіп. Оның пайымынша, осы ғасырда бейсаналы жандар көбіне бейнет шегеді...

Шығарманың шырқау басында осынау жертөледегі кейіпкер есалаң кейпінде түсіндіріледі. Бірақ, оқи түскен сайын бүгінгі өмірдегі өзіңді «айнадан» көресің!?
ХІХ ғасырдың зиялы қауымы түгелдей дімкәс жадылы дегенді білдіру!?. Бұндай шалықты өзіне мақтан көретіндер де бар. Жер міскін расында дәруіш  сияқты... Жер үстіндегілерден өңге кеспірдегі тип! Шытырман жағдайлар...
Өзіне өте ұтымды тәжірибелі «диагноз» жасайды. Солай өзін-өзі емдеуге тырысады. Оның Тәңірге шағымданатын бір ғана жағдайы – сана-сезімнің түрліше құбылуы. Сезіммен теке-тірес келіп отырады. Қырық жасар егде өзінің  түпкі маргиналдық сыпатын ашып көруге құмартады.

Кітаптың екінші бөлімінде жер міскін мұндай жайға қалай, не үшін душар болғанын айтады. Ол жиырма төрт жасында мемлекеттік қызметші болған екен. Бәрін бастан кешкен. Тезге түскісі келмеген. Адамдармен қатынасы да шәлкем-шалыс болды.

Басқаның көзімен жиіркенішті, былғанышты, аумалы-төкпелі өмір сүрді. Сол кезде ол жұмыс істейтін мемқызметтің алдамшыларының бүткіл мінез-құлқы да есінде. Зығырданы қайнайды! Қоқыс қопарып, тапқан «кінәрәтімен» бедел іздейтіндерді біледі. 

Бомжылық сананың бастау тұсын іздейді. Бүгінгідей!?

Өзін солардың орнында ұзақ болса, мүлде жек көрелетінін сезеді.

Адамдар қалайша осылай жасанды өмір сүре алатындығына таң қалады.

Жер міскін  бір күні биллиард үстелінде жақын тұрған-ды. Дөрекі сардар оны иығынан ұстап, тұрған жерінен кері итеріп жіберді. Тұратын жерінде тұра да алмайды. Қандай әділетсіздік!? Сөлекеттікке жыны келеді. Олардың арасында әдеби жекпе-жек болса, жақсы болар еді!?

Жер міскін өте әлсіз, шидей еді. Сондықтан ол күштіге қарсы ештеңе істеуге қауқарсыз. Оны тойған жойпандар шөпек құрлы көрмес еді.

Жер міскін кісәпірді дуэльге шақырғысы келеді. Дуэль – бұл екі адамның арасындағы араздықты шешу үшінгі соңғы төбелес, күресі. Бірақ, қалай!?

Бір күні бұл дөрекі сардар жолда кездеседі. Оған бұл жолы да басынып, жол бермейді. Жер міскін оған тағы есесін жіберіп, жол береді.

Оқиға бір емес, бірнеше мәрте қайталанады. Бірақ, кеудемсоқ сардар оған еш мән бермейді. Бұл сезім теңсіздігі екенін сезінеді. Жер міскін оған хат жазады. Ол хатты соншалықты майын тамызып жазса да, оны жібергісі келмейді. Кеудемсоқ әулекіде жазылған хаттың «жанын» түсінер жады жоқ. Басқа жоспар жасау керек деген ойға келеді. Кербез сардармен  қалайда, қашанда бір  теңесуді көздейді!

Жер міскін бұл жоспар үшін аң терісінен тігілген жарғағын жаңартқысы келеді... Ол үшін оған ақша керек!

Ол өзінің бастығы Антон Антонычтан жалақысынан үнемдеу шартымен несие алады.

Киім өзгерсе, бәрі өзгереді деген нәдүріс, қожанасыр сана! Соңғы шешуші сәтті күтіп жүреді. Жер міскін бұл жолы кездескен кезде кісәпірдің алдына кесекөлденің тұрып, айбаттанып жол бергісі келмейді. Бұл жерде қымбат киімнің маңызды рөл алатынан біледі.

Себебі, кедейдің офицерге жол бермеуі мен байдың кедейге жол бермеуі –бірдей емес. Тең-теңімен! Үлкен айырмашылықта! Айырмашылық –психологиялық теңдікте емес, басқада екен!

Жер міскін өзінің әйеңкі, әкірең сардармен тең екенін көргісі келеді.

Күткен сәт те келеді. Жер міскін онымен оңаша кездеседі. Күштіге қарсы келудің керемет кезеңі! Бұл жолы олар біріне бірі жол бермейді. Олар нық иық тіреседі! Жер міскін аздап іштей жүрексінеді. Себебі, қарсы алдындағы бәсекелесі өзінен әлдеқайда еңселі, мықты сезіледі... Сын сағат тартымды өтеді.

Сеточкин Антон Антонычке барады. Ол жалғызбасты бұйығы пақыр... Ешкімге пайдасыз көптің бірі! Бір күні тағы көшеге шығып тентіреген. Бірақ, бұл жолы Симоновқа хабарласқысы келеді. Симонов мектептес ескі досы болатын. Есіктерін қағып ішке кіргенде үш дос өзара күбірлесіп, сөйлесіп тұрады. Оның келгенін көзге іліп, ешкімі елемейді... 

Бұл жол да ол өзін түбеселікті түкке тұрғысыз елестей сезінеді.

Олар Париж қонақүйіне барамыз деп келіседі. Ол қонақ үйге патша көңілімен ертерек барады. Достары бірер сағат күттіреді. 

Тіпті жер міскінді келекелеп, келемеждейді. Олар тіпті Зверковтың дуэльге барғысы келетінін айтқан кезде оны тіптен әжуәлап, тәлкектейді...
Осы оқиғадан кейін ол кек алғысы келсе де, ондай әрекетке бармайды. Сөйтіп жүргенде Лиза есімді жезөкшені кездестіріп, бірнеше сағат бойы кеңес береді. Жезөкшемен шерлесуі де өзгеше! Болмыстың қасиетін осындай жандардан іздейді!

Ал, Антон Антонычтен Симонов алдындағы қарызын төлеу үшін тағы қарыз алады.

Симоновқа хат жазады. Хатта кешірім сұрап, ақшаны конвертке салады... Осы сәтке дейінгі психологиялық түрлі шешімдер қызықты. Жұмбақ!

Ішкі бұлқынысы күшті, пәлсафалық жағы ұшан-теңіз мұндай әдебиетті тек текті ұлттың таланттысы ғана жасай алары бар...

Бірақ, өз заманында бұл туынды оқырмандар арасында ең нашар қабылданаған болуы да мүмкін!? Таңданасың! Жан баласының психикасына темір қыздырып басқандай алаулы құдіретті.
Руһани болмысқа қарсы қарап тұрып мұндай тегеуіріні тең шығарма жаза алатын жастар болар ма екен деп ойлайсың!?

 Жан мен ішкі арпалыстардың аса нәзік үйірімі шебер сомдалған дүние!?

 Адамның жан-күйі, болмысы. «Мен» мен «Меннің» майданы бола ма, деген сауалға жауап іздеген шыңырау қисындар.

 Жоғарғы сана туралы түсініктердің түбінде бейсаналықтың сүлбесі жатады. Ақыл мен қиялға, одан әрі сезімге еш қарсы тұрмауды меңзейді...

Сауалмен басталып, сауалмен бітеді! Өмір сүруге ұмтылу кеңісіндегі айрықша арпалыстар, тұрпайы қарекеттер сызылады. Ұлы суреткер метафизикалық байламның ерік пен еркіндікке көтерілмеуін ескертетіндей. Еңбек әлемдік мәдениетке де ерекше ықпал етті. Түркияда 2012 жылы осы туынды бойынша кино түсірілді.

Hollywood Undead рэп-рок группасының «Notes from underground» деп аталған 3-ші ән жинағы 2013 жылы 8-қаңтарда саудаға шығып, бір аптада 55 000 данасы тез сатылып кеткен.

Канада жазушысы Янн Мартелдің (Yann Martel) романы негізінде түсірілген «Жизнь Пи» фильміндегі кейіпкер бала осы кітапты ағылшын тілінде оқып отырады! Бұл да бір өнер өлкесіндегі нәзік сабақтастық деп түсінуге де болады.

▶ ▷ Әділхан Ержановтың «Хозяева» фильмі хақында

▶ ▷ Біздің мәдениет «өлдім» дегенді естімейтіндердің қолында

▶ ▷ Мәдениет министрлігі «ҰЛТТЫҚ КИНО» деген ұғымды түсінбей ме?

author

Сұраған Рахметұлы

ҒАЛЫМ

Шоу-бизнес

Айқын Төлепберген Youtube платформасындағы Зamandas подкастына берген сұхбатында Қанат Бейсекеевтің...

Ауа райы

Синоптиктер Қазақстандағы 2024 жылғы 8 желтоқсанға арналған синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа ра...