Таласбек Әсемқұлов туралы зерттеу мақалаға жүлде жариялады

ӘДЕБИЕТ
3038

Бұл туралы Таласбек Әсемқұловтың жары Зира Наурзбаева facebook парақшасына жариялады, деп хабарлайды "Мәдениет порталы".  

"Бәйге! Бәйге! Таласбектанушылар, Таласбектің ізбасарлары! Мәреге екі-ақ ай қалды!

Келе жатқан 2020 жылда мен, Зира Наурзбаева, өз атымнан екі бәйге тіктім. Бірінші бәйге – Таласбектану: Таласбек туралы ең мықты зерттеу мақала (түсінетін шығарсыз, құр мадақ керек емес), екінші бәйге – «Otuken.kz сайттың бәйгесі»: жалпы қазақтың гуманитар, әлеумет ғылымдарына, руханиятына үлес қосатын ең мықты мақала, тақырыпқа шектеу жоқ, бір ғана талап − интеллектуалдық деңгей.

Әр бәйге 100 мың теңге. Әрине, бұндай ақшаға бола адам жазбайды, бірақ көкейдегі ойды қағазға тастайтындай түрткі болар деп үміттенемін. Кім біледі, менен басқа адамдар да осы бастамама қосылар! Таласбек туралы мақалалар я сілтемелерді Фейсбуктағы «Таласбек Әсемқұлов — Таласбек Асемкулов» тобына салуға болады: Otuken.kz сайтымыздың бәйгесіне ұсынылған мақалаларды Фейсбуктағы Otuken.kz қауымдастығына салыңыздар: Сол ФБ-та болып талқылаймыз. Ең мықты мақалаларды Otuken.kz сайтыма жариялаймын. "Мақалалар 2020 жылдың 1 тамызына дейін ұсынылуы керек. Бәйге нәтижесі 2020 жылдың 23 қыркүйегінде жарияланады.

Жүлдеге лайық мақала болмаса, бұрын шыққан мәтіндерге беріледі. Әзірге Таласбектануда екі үміткер – Assiya Baqdaulet, «Тереңдік. Тәмсіл. Таласбек» және Ардаби Маулет «Таласбектің қызыл домбырасы». Ориентир осы! Деңгейі төмен мақала ұсынған автор келесі бәйгеге қатыса алмайды. Ізденетін жастарға бір бағыт – Таласбектің 1973-95 жылдары жазылған, мен білмейтін мақала, әңгімелері кітапханадан табылып қалу мүмкін. Телерадио, жеке архивтерде сол кезеңде жазылған хабарлар болуы мүмкін. Ондайды тапқан адамға сөзсіз бәйге беремін", - деді Зира Наурзбаева.

author

Таласбек Әсемқұлов

ЖАЗУШЫ

Жаңалықтар

Қостанай облысы Рудный қаласында құтқарушылар тереңдігі бес метрлік бункерді тазалауға түсіп, қайта...

ТЕАТР

XVIII ғасырдағы итальяндық скрипка өнерінің көрнекті өкілдерінің бірі, қырыққа жуық операның авторы,...