Бәріміз де қолға қалам ұстап, атымыз дардай жазушы атанып, шалқақтап жүретініміз ып-рас! Өз жазғаным...
Маржан Ершу. Сол күнді, сені сағындым...
3696
Бүгін 15 сәуір «Ғашықтар күні. Бұл күнді «Ғашықтар күні» тіпті Ақындар күні десек те жарасар. Әлімсақтан белгілісі, дүниедегі махаббатты жүрегіне сыйдырып, жырлайтын ақындар ғана. Махаббат жырлары жанымызды нұрға , жүрегімізді сезімге бөлейді емес пе?! «Ғашықтар күнімен» туған күні тұспа тұс келген белгілі ақын Маржан Ершуды туған күнімен құттықтай отырып, оның махаббат жырларын оқырман назарына ұсынамыз.
*** Көп ішінде. Қалың ойда. Көңілім, Көше кездім тек өзіңді ойладым. Арманыммен қауышпастай өмірім Жұттым үнсіз сезімімнің қаймағын. Келдің жаным, көңіліңнен күй арнай, Маған жазған Тәңірімнің сыйы боп. Жүрегім де өз кеудеме сыя алмай Тілсіз, мұңсыз сүйіп ед. Ай дөңгелеп келе жатыр тұнық күн, Дидарыңнан нұр тарайтын секілді. Жанарыңның жарқылынан сыр ұқтым Тостым сосын ақ самалға бетімді. Қызық еді. Сол жымиған сәттерің, Үмітімді үкіледің үсірмей. Сол бір шағым, мөлдір шағым тәтті еді Таңғажайып түсімдей… * * * Түнде түс көрдім. Хауыздың шетінде отырған екенбіз Ең таза, тұнықта – екеуміз. Суда ашылар гүлге ұқсас екенбіз Су дауысындай ән салдық екеуміз. Рахат сезімнің құшағында екенбіз Өмірдің ғажайып нүктесі – екеуміз. Кеңістік, Жерден де хабарсыз екенбіз Киялмен ұшамыз көкте де екеуміз. Кенет… басталды басқа әуен, Суға аққан ып-ыстық жас көрем. Ішімізге – судың салқындығы кірді, Көзімізде – судың тереңдігі тұрды. Ақылды жанға ұқсас екенбіз Осы біз қандаймыз? Қайтейік екеуміз?! Судай тереңбіз, судай салқынбыз екеуміз Өң түгіл, түсте де сағынып жүреді екенбіз... * * * Сол күнді, сосын сені сағындым, Көргім келеді тағы. Күлкің де бөлек жан ең ғой Көңілдің бағы. Көктемдей жылы үнің бар Ериді көзімнің қары. Көнетін жақсы-жаманға Мен де бір жақсының нары. Жібектей жұмсақ шашыңды Сипайды сәуірдің таңы. Өртейді ыстық демің Өзіңсің – өмірдің балы. * * * Жарығым менің! Жаныма нәр берген, Жырыма әр берген, Өңіме сән берген Сені әсем жан көргем. Жарығым менің! Сен күлсең, қуанам, Сөйлесең, жұбанам. Мұңдансаң, мұзданам, Бәрібір қызғанам. Жарығым менің! Қайтейін көнем де, Сен дегенде! Жүрегімді толқытып Айналдың өлеңге. Сағынам, іздеймін Сен барсың! Бұл ғажап әлемде Жарығым менің! * * * Бір өлең жазылар, Мұң басқанда, Сағынышым өзіңмен сырласқанда. Сен де жанардың моншағын жиып Қарайсың ба ұзақ түнгі аспанға? Бір өлең жазылар, Жайық толқып аққанда, Толқыны жағаны соққанда. Айдың аппақ шуағына Дүние шомылып жатқанда. Бір өлең жазылар. Бір өлең! Маған бақыт боп жолық! Көңіліме көшпейтін көктем боп қонып. Бір өлең! Бәлкім, сен шығарсың , жаным Ақ қағазға тамар - Сағыныштың көз жасы болып... *** Жарығым-ау, бір жанып, бір өшесің, Төзімімді біртіндеп түгесесің. Тіл қатпайсың, үнсізсің, үндемейсің Білмеймін?! Қай дауылға ілесесің. Сөйлемесең, көрмесең, көрме мейлі, Сабырлылық, салқындық жерде дейді. Жердей болу жетеме жетпей жатыр Сен мейлі, сенбе мейлі?! Сезім-теңіз, кейде бір қара тастай, Отырайын мен де үнсіз жағымды ашпай. Күндер зулап алдымнан өте берсін Сен де өте бер жанымнан танымастай. Уысыңа бағынбас уақыт-мерген, Кездерді де ұмытайық жақұт терген. Қуаныштың көз жасын ішкен едік Жақсы шығар мұңды да татып көрген. Қоштасайын сол бір кез-көктеміммен, Күміс күнге өкпем жоқ көкте күлген. Сап-салқын сары жапырақ жылымас-ты Ып-ыстық ерініммен өпкеніммен. Ақ қағазға енді жыр жазам қандай? Ақ қағаз да буланып бозарғандай. Үндемесең, үндемей кете берем Тіл безеп, жан ауыртып, мазаңды алмай. Ойларыммен бір құлап, бір тұрамын, Ашуға да әл келмей бұлқынамын. Сағат тілі жылжымай қойғанын-ай Жұлар ма еді түн құлағын?! Кенет ғажап! Ақ қанат көтерілді! Сенің дауысың! Естідім шекер үнді. Қуаныштан әлде мұң,сағыныштан Жанарымнан жас парлап жылап тұрдым Білмеймін?! Не бақытты, не бақытсыз екенімді... *** Апельсин! Сен тәттісің! Әлде сен шекермісің? Сен балсың! Мүмкін шәрбат екенбісің?! Тамсанып ,таңырқап мен отырғанда Тілімде еріп кетермісің?! Көркемсің сен томпиған түрің әсем, Исің қандай! Қолға ұстап иіскеймін десем. Апельсинді көргенде тағат бар ма Бір сұмдық ой тұрады: «Жесем , жесем». Сен көрініп ұмыттым тағы мұңды, Көрінбесең бастармын сағынуды. Сен дегенде жүректе жалын ойнап Ұмыттым жабығуды, қамығуды Мені ынтызар өзіңе қылдың нағып?! Айды нұрлы еттің бе күнді жарық. Бір тартылыс күшімен саған қарай, Жүгіреді жүрегім бүлкіл қағып Сені көріп бір суып, ысынғаным, Ысынғаным, бәлкім бұл қысылғаным. Үңілсең, жанарыңның ішіндемін. Сезінсең, жастығыңның тысындамын. Қайда кетті өрлігім, сана-күшім? Жүрегімді лаулатып барамысың?! Жиелейді менің де дем алысым Жиелейді сенің де дем алысың. Тілім күйіп, үздігіп жанымдеппін. Жанарымнан лаулатып жалын төктім. «Жесем» десем, жей алмай сорлы басым Құшағыңда қанттай боп еріп кеттім.... *** Мұңға көміп жаныңды, Ұмытсам сенің барыңды Тоқтат мені! Жалған сөздерге илансам, Қызғаныш буып қиналсам Тоқтат мені! Өзімнен асқан көрмесем, Тек өзім, өзім , мен десем Тоқтат мені! Жүрегім лаулап от болып, Кетердей болсам жоқ болып Тоқтат мені! Тоқтат мені! Ашу-дұшпан қолынан, Сапырылысқан тірлік-мұңнан ала қаш! Сен болмасаң, сырты күлген пенделер «Тоқта» деуге жарамас. Сенің сөзің жүрегімнің бір емі, Сол сөздерге басымды иіп жүремін... * * * Қайран уақыт! Қандай қатал! Сүйіктімді қартайтатын. Күндер зулап жанға батар Қайырылмас шалқайса тым. Өмір-көштің дүрмегінде, Қара шашы ағарады. Әжімдер ол маңдайдағы Тұңғиық ой-санадағы. Кәрілікке пенде қонып, Өткізеді қанша айды да, Дос-жаранға кенде болып Таяқ ұстап шаршайды ма? Құмар қанып ішпес, сірә, Шарап толы кесені де. Ұнжырғасы түспес бірақ Көңіл жылап кешегіге. Қызыл күннің қызуы кем, Кең маңдайын қақтар өңін. Сезінбеген сезімімен Махаббатын жоқтар еді. Өткен дәурен тамаша ма? Көз алдында кімдер тұрар. Адамға емес, оңашада Өзіменен - өзі жылар. Қайрат кеміп, семіп жағы, Күрсіне ме, кім біледі. Көңілімдегі елес -бейне Бір жылатып, күлдіреді… *** Көзімнен мұңды көрдің, Көзіңнен мұңды көрдім. Үнсіздік. Сырды тердім Жаныма келді келгің. Кіремін ой- орманға, Көңілде қауіп те жоқ. Көргенге тоя алғанға Кім айтар айыпты деп. Естіліп күміс даусың, Шашыңды жел тарады. Сен бір туған айсың Жарық қып айналаны. Тағдыр, адам жайы, Кімдерді күлкі етпеген. Көңілім алаңдайды Мазасыз күнді өткерем. Білмесін біздің халді, Сызданар мұздап іштер. Бұл дүние кімді ұғар-ды Сырлас боп қызғанышпен. Қашпайды сезім , сірә, Қашады бой аулаққа. Жүрегім-жүрегіңде Сені мені солай сақта...