Боксшы Қанат Ислам аргентиналық Хавьер Франсиско Масьельден басым түсті.Қанат ИсламАҚШ-тың Флорида ш...
«Елбасы және мәдениет» көрмесі өтеді
2019 жылғы 26 қарашада сағат 17.00-де Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кітапханасы жинағынан «Елбасы және мәдениет» көрмесінің ашылу рәсімі өтеді, деп хабарлайды "Мәдениет порталы"
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күніне арналған көрменің мақсаты – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың мәдениетті қайта жандандырудағы, көп ұлтты Қазақстан халқының негізгі рухани құндылықтарын әлемдік деңгейде ілгерілетудегі рөлін көрсету.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаев елдің тарихи-мәдени мұрасын жаңғыртуды, сақтауды және насихаттауды мемлекеттік саясат дәрежесіне көтерді. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Елбасы және мәдениет» көрмесінде Елбасы кітапханасының мұрағаттық материалдар жинағы, әртүрлі жанрдағы 170-тен астам құжаттары ұсынылады.
Мәдениет саласының тарихи даму кезеңдері Қазақстан Республикасының 2030 және 2050 жылдарға дейінгі Даму Стратегиясында, Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларында, «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасында көрсетілген. Елбасының «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламалық мақаласы алдағы онжылдықтағы күн тәртібін анықтады.
Елбасының мәдениет саласындағы мұрасын мына формуламен көрсетуге болады: мәдениеттің қайта жандануы, ренессансы – ұлттың мәдени кодын қалыптастыру – руханилықтың негіздерін жаңарту.
Атап айтқанда, көрме материалдарында мынадай тақырыптық бағыттар: тәуелсіздік жылдарындағы мәдениет саласындағы мемлекеттің саясаты тарихи-мәдени маңызы бар ескерткіштерді қорғау, музейлер, театрлар, архивтер, кітапханалар, сәулет өнері, кино өнері, әдебиет, Қазақстан Республикасының бейнелеу және қолданбалы өнері ұсынылатын болады.
Көрмені ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы және Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы Президент Н. Ә. Назарбаевтың Жарлығына сәйкес 2014 жылдың 13 наурызында құрылған кітапхана, архив, музей, талдау, мәдени-білім беру және ғылыми-зерттеу орталығының қызметін үйлестіреді. 2017 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің музейі Елбасы кітапханасының құрамына енді. Елбасы кітапханасының маңызды қызметтерінің бірі экспозициялық-көрме жұмысы болып табылады, өйткені ол кең көлемдегі қор жинақтарының және ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін көрсетуге мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында құрылды. 2013 жылғы 2 шілдеде Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайы» республикалық мемлекеттік мекемесін құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 675 қаулысы шықты. Келушілер үшін 2014 жылы музейдің ресми ашылуы өтті