Елордада «Фариза» спектакілі сахналанды

ТЕАТР
2413

Нұр-Сұлтандағы «Жастар» театрында жазушы-драматург Роза Мұқанованың «Фариза» спектаклі сахналанды.


©фото Советбек Мағзұмов

Бұл спектакль осыған дейін Алматы мен Мәскеуде қойылған болатын. Басты рөлді «Дарын» мемлекеттік сыйлығының лауреаты Назгүл Қарабалина сомдады.

Қойылымның елордадағы премьерасын қала басшысы Алтай Көлгінов те тамашалады. 

Шыншыл да сыршыл өлеңдерімен жұрттың жүрегіне жол тапқан, адалдығы мен ақындығы тең түсетін, қайсар да қайталанбас талант иесі – Фариза Оңғарсынованың өмірі мен өлеңі туралы пьесаны драматург Роза Мұқанова жазды.

Композиторы – Ренат Гайсин. Режиссері – Фархат Молдағали.

«Әлем әдебиетінде Ахматованың, Цветаеваның, Мандельштам, Блок қандай әлемдік деңгейде болса, Фариза шығармашылығы, Фариза тағдыры, Фаризадағы жұмбақ – біз осыны іздедік. Бұл –Фаризаның арпалысы. Барлық адамға тән ғой арпалысып өту. Қоғам бірде түсінеді, бірде түсінбейді. Атақ, даңқ бола тұра адам өзін жалғыз сезінетін кездер болады»,– дейді Роза Мұқанова.

Сондай-ақ, қазақтың ақын қызының құрметіне Елордада бірнеше ісшара өтті. Аруағына бағышталып құран оқылып, ас берілді. Ал Ұлттық кітапханада ақынның «Шілде» және «Полдневный жар» атты кітаптарының тұсаукесері өтті.


aikyn.kz


Жаңалықтар

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 2024 жылдың 8, 9 және 10 қазанына арналған ауа райы болжамын жариялад...

Жаңалықтар

Қостанай облысы Рудный қаласында құтқарушылар тереңдігі бес метрлік бункерді тазалауға түсіп, қайта...