Елордада ашылатын жаңа театрға «ұлттық» дәрежесін беру ұсынылды

ТЕАТР
1298

Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының көркемдік жетекшісі Талғат Теменов елордада ғимараты бойы көтеріп жатқан Қазақ театрына «ұлттық» атағын беруді сұрады, деп хабарлайды «Мәдениет порталы».

«Еуропа елдеріндегі театрлардың барлығы - ұлттық. Бізде Қазақстанда ұлттық театр жоқ. Егер осыны Қазақ ұлттық драма театры десек, керемет болар еді. Сонда біз басқа мемлекеттер секілді ұлттық театр боламыз», - деді Талғат Теменов Президенттің көмекшісі Мәулен Әшімбаевпен бірге театрдың жаңа ғимаратының құрылыс барысымен танысу кезінде. Ол сондай-ақ алдағы штаттың кеңеюіне байланысты паркинг қарастыруды, бір спектакльге бөлінетін қаражат сомасын көбейту мәселелерін қозғады. Театр ұжымының сөзін тыңдаған Президенттің көмекшісі Мәулен Әшімбаев осы өтініштердің бәрін де топтап, ұсыныс ретінде тапсыруды сұрады. Еске сала кетсек, бүгін Президенттің көмекшісі Мәулен Әшімбаев Нұр-Сұлтанда салынып жатқан Қазақ драма театры ғимаратының құрылысымен танысқан болатын. «Келесі жылы 6 шілдеде театр ұжымы өзінің қоныс тойын тойлайды деп сенеміз», - деді Мәулен Әшімбаев.

author

Талғат Теменов

АКТЕР

Жаңалықтар

Абай облысында әскери қызметкерді өлтіру ісі бойынша сот үкімі шықты. Үржар аудандық қорғаныс істері...

Жаңалықтар

Биліктегі «Грузин арманы – демократиялық Грузия» партиясының кандидаты, парламен...