Италиялықтар Семейде деректі фильм түсіріп жатыр

Жаңалықтар
1237

Италиялық журналистер Семей қаласында деректі фильм түсіріп жатыр. 

Италиялық журналистер Пьерпаоло Миттика мен Алессандро Тессей көптеген жылдар бойы ядролық полигорнды зерттеумен айналысады. Зерттеушілер осы жылдар ішінде Фукусима мен Чернобыльде болған. Табиғат пен жергілікті тұрғындарға ұзақ жылдар бойы залал әкелген Семей ядролық полигонын да назардан тыс қалдырмады. 

Деректі фильмде Семейде сынақ өткізілген жылдары қандай жағдай болғаны, бұрынғы полигонның орнында қазір не болып жатқаны туралы айтылады. «Біз Қазақстанда турист ретінде емес, жұмыс істеуге келдік. Таңертең Балалар үйінде болдық. Ол жерде дамуында ауытқулары бар балаларды көрдік. Бұған қарау өте қиын. Полигонның зардабы сіздердің еліңізде, осы өңірде өте қатты байқалады. Бізге осындай адамдармен жұмыс істеу және бұны көру өте қиын соғуда», - деді журналист-фотограф Пьерпаоло Миттика.


Жаңалықтар

2024 жылдың 8 айында елімізде мопед салдарынан болған апаттан 50-ге жуық қазақстандық қаза тапқан....

Жаңалықтар

Қыз баланы жезөкшелікке тартқандар да, зорлық-зомбылықты тікелей ұйымдастырғандар да қамауға алынған...