Қазақстанда оқушылардың оқырмандық сауаты төмендеп барады. Бұл жағдай жастардың білікті маман болып...
2019 жылы Құрбан айт қашан болады?
"Мәдениет порталы" 2019 жылы Құрбан айт мерекесінің қашан болатыны жайлы және бұл мейрамның шығу тарихы мен маңызы туралы мәлімет ұсынады.
Құрбан айт – Ибраһим пайғамбардың құрбандығының құрметіне және қажылықтың аяқталуына байланысты атап өтілетін исламдағы ең үлкен мерекелердің бірі. Исламдағы басқа да маңызды оқиғалар сияқты Құрбан айт күні хижраның ай күнтізбесі бойынша есептеледі. Сондықтан Құрбан айт мерекесі жыл сайын әр түрлі күндерде атап өтіледі.
2019 жылы Құрбан айт мерекесі қай күнге түседі
Мұсылман күнтізбесінде жалпы қабылданған Григориан күнтізбесі сияқты 356 күн емес, 354 күн бар. Себебі шығыс хронологиясы күн циклына емес, айға негізделіп жасалады. Осы айырмашылыққа байланысты мұсылман мерекелерінің күндері ағымдағы күнтізбеге қатысты жыл сайын ауысып тұрады. Демек, біз Құрбан айт мерекесін де алдыңғы жылға қарағанда он күн кеш атап өтеміз.
Ал 2019 жылы Құрбан айт 12 тамызда атап өтіледі.
Ай күнтізбесі бойынша, бұл күн Зүл-Хиджа айының 10-шы күні, ал 2019 жыл ай хижраның 1440 жылына сәйкес келеді. Содай-ақ, ислам дінінің бес парызының бірі – қажылықтың аяқталуы да дәл сол уақытқа түседі. Қажылық тек белгілі бір күндерде жасалады және әрқашан мереке күні аяқталады.
Біздің елімізде Құрбан айт мерекесі жыл сайын бұрынғы әдет-құрып бойынша атап өтіледі. Бұл мейрамды сондай-ақ, Қазақстан, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан сынды мұсылман мемлекеттерімен қатар, Татарстан, Башқұртстан, Шешенстан, Дағыстан, Кабардино-Балкария, Адыгей және Ресейдің мұсылмандар көп тұратын қалаларында да атап өтеді.
Шығу тарихы
Неліктен бұл мереке Құрбандық шалу күні деп аталады? Бұл Құрбандықтың негізі болатын аңызға байланысты туған. Құранда өзінің ізгілігімен танымал болған Ибраһим пайғамбарға, Жоғарғы періштелердің бірі Жәбірейіл келеді. Сонда Жәбірейіл періште Ибраһим пайғамбарға Аллаға деген сүйіспеншілігін дәлелдей үшін Исмайыл есімді ұлын құрбандық шалуды бұйырады. Ал Ибраһим пайғамбар Құдайдың қалауына мойынсұнбауға батылдық білдірместен, құрбандыққа дайындала бастайды. Исмайыл да өзін күтіп тұрған тағдыр туралы білетін, бірақ қашуды ойлаған жоқ, тек осы күнді күтіп, дұға етеді.
Сол сәтте Ибраһим пайғамбар қолындағы пышағын сермей қалған кезде, Алла сынақты тоқтатып, Исмайылдың орнына қойды құрбандыққа шалуды бұйырған. Сол уақыттан бері Зүл-Хиджа айының оныншы күнінде барлық адал адамдар қуанышқа бөлеген Аллаға алғыстарын білдіріп, құрбандық шалады.
Мереке қарсаңында: Арапа күні
Зүл-хиджа айының тоғызыншы күні, Құрбан айт күнінің алдында келетін күн Арапа күні деп аталады. Бұл күні қажылық жасап жүрген адамдар Арафа тауында жиналып сонда дұға-мінәжаттарын жасайды. Аңыз бойынша, осы күні адам жасаған барлық іс-әрекеттері үшін марапатталады. Сонымен қатар, жақсы да, жаман да істер үшін сауап беріледі. Бұл күні мүміндер Алладан барлық күнәларының кешірілуін сұрап, ғибадат етеді. Ал сол күні қажылықта жүрмегендер, яғни сапарға шықпағандар күн батқанша тамақ жемеуі керек.
Қуаныш мерекесі
Мереке таңы дәстүрлі түрде жуынумен содан кейін ең талғампаз, таза киімдерді киюмен басталады. Және қуаныштың символы – тәкбір намазын оқумен аяқталады. Тәкбір «Алла Ұлы!» деген сөздерден тұрады, оны мешітке барар жолда да оқу керек. Құрбан айт үлкен намаздан басталады. Құлшылық етушілер таңертең ерте тұрып, намазға жиналады, содан кейін имам үлкен уағыз оқиды. Осылайша, мешітте барғаннан кейін тікелей Құрбан айт мерекесі басталады.
Құрбандық шалу
Құдайға ризашылық білдіру белгісі – ол құрбандық шалу. Көбінесе мұсылмандар құрбандыққа – қошқар немесе қой шалады, кейде – ешкі шалып жатады. Ал Арабия түбегіндегі елдер – түйе шалады. Әдетте, бір отбасы құрбандыққа бір жануар шалады. Құрбандыққа шалынатын қой немесе қошқар алты айдан асқан ересек, сау, тамақтандырылған және көрінетін кемшілігі жоқ мал болуы керек. Бұл ережелерді Пайғамбардың өзі айтқан және әр мұсылман оларды қатаң ұстануы тиіс.
Құрбан айт үш күн бойы атап өтілгендіктен, құрбандықты мейрамның кез келген күнінде, бірақ соңғы күні батқанға дейін шалуға болады. Ал етті бірнеше бөлікке бөледі, бірақ теңдей бөлу міндетті емес. Бірінші бөлік кедейлерге қайырымдылық ретінде бүкіл қауым атынан таратылады. Екінші бөлік көршілер мен туыстарына дәм тату ретінде беріледі. Ал үшінші бөлікті өздеріне және отбасы мүшелеріне қалдырады.
Құрбан айттың мерекелік дастарханы бай және мол, өйткені үстелдегі тағамдар Құдайға деген ризашылықтың белгісі. Дәстүрлі ет тағамдарынан бөлек, дастарханда пісірілген тағамдар, тәттілердің барлық түрлері және, әрине, шай мен кептірілген жемістер де тұрады.