Перизат Қайрат екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды madeniportal.kz. Бұл туралы Астана қаласының...
Ла-Манш бұғазын жалғыз өзі жүзіп өткен алғашқы қазақ азаматы жайлы не білеміз?
Алматылық Ержан Есімханов 34 шақырымдық Ла-Манш бұғазын 14 сағат 21 минутта жүзіп өтті. Есімхановтың бұл ерлігі ел есінде қалатыны сөзсіз. Өйткені ол Франция мен Британияның арасын қосатын Ла-Маншты өзі ғана жүзіп өткен әзірше жалғыз қазақ деп хабарлайды "Мәдениет порталы" Хабар24 ке сілтеме жасап.
Ержан Есімхановтың айтуынша, ол жүзумен үш жылдан аса уақыт айналысып келеді. Ла-Маншты жүзіп өту көптеген спортшының арманы.
"Бұған дейін Гибралтар мен Австрия және Мароккада марафондық жүзуден бақ сынадым. Содан кейін тәуекел деп Ла-Маншқа дайындықты бастап кеттім. Ауызбен айтуға оңай. Бірақ стартқа түнгі сағат 12-де шықтым. Көптеген қиындықтарға қарамастан діттеген мақсатыма қол жеткіздім", - дейді Ержан.
Айта кетсек, Ла-Маншты алғаш рет 1875 жылы ағылшын азаматы Мэттью Уэбб бағындырса, 70 жасында осы бұғазды Роджер Оллсоп жүзіп өткен.