1.АшуАҚШ-тың экономикалық санкциялары Ресейді ғана емес,тонның ішкі бауындай байланысқан, оның ықпал...
«Сауатсыз болды»: лингвистикалық комиссия президенттікке үміткер Жұматай Әлиевтің қазақ тілін білмейтінін айтты
ҚР Президенттігіне кандидат Жұматай Әлиев мемлекеттік тілді меңгермеген. Мұндай қорытындыны бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясы жанынан құрылған ҚР Президенттігіне кандидаттың мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтайтын лингвистикалық комиссия шығарды, деп хабарлайды madeniportal.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Бүгін «Халық демографиясы» қоғамдық бірлестігінен президенттікке үміткер ретінде ұсынылған Жұматай Әлиев емтиханға берілген уақытын толық пайдаланды. Комиссия барлық кезеңдерді жан-жақты талқылады», - деді үміткердің емтихан нәтижесін жария еткен лингвистикалық комиссия мүшесі Әділ Ахметов.
Оның айтуынша, үміткер бірінші кезеңде «Мемлекет және дін» деген тақырыбында шығарма жазған. «Тақырып мүлдем ашылмаған, сөйлемдерінің барлығы жүйесіз. Дін мәселесі де мүлдем ашылмады деуге болады, үстірт. Екінші кезеңде Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» романының 2-томынан үзінді оқыды. М.Әуезовтің сөзі «қыздың жиған жүгіндей» ғой. Мәтіннің өз «әуезі бар. Бұл жерде де өзінің шорқақтығын байқатты. Үшінші кезеңде «Ырыс алды - ынтымақ» тақырыбында баяндама жасады. «Ырыс алды - ынтымақ» тақырыбы мүлдем ашылмады. Тағы да үстірт болды. Сауатсыз болды. Мәселен, бірінші кезеңдегі шығармада бас-аяғы 13 сөйлемде 19 қате. Өздеріңізге белгілі 8 ден асса ол шығарма теріс бағаланады. Сондықтан президенттікке үміткер Жұматай Әлиев мемлекеттік тілді еркін меңгермеген деген комиссия қорытындысы шықты», - деді ол.