Тұрыс Бекжан. Будапешт әсерлері

Жаңалықтар
2870

Театрдың бұл жолғы гастрольдік сапары Венгрияның астанасы - Будапештте өтіп жатыр. «Болашаққа бағдар: руxани жаңғыру» мақаласында айтылғандай, «Жаһан­дағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасын іске асыру мақсатында мәдение­тіміздің озық үлгілерінің әлемдік деңгейде кеңінен танылуы мен бәсекеге қабілетінің халықаралық деңгейге сай келуі аса маңызды.

Сол себептен біздің театр да осыған барынша атсалысып келеді. Өйткені мәдениет арқылы ұлттың бет-бейнесін, рухани болмысын, жанын, ақыл-ойын, парасатын айқындауға болады.Венгрлер – өте сабырлы, мәдениетті xалық екен. Арнайы өткізілген жиында: «Сайын даланың төсін тескен саңлақ сақтардың сарқыты, ғұндардың ғибратымыз дейміз, сіздер сол ғұндардан емессіздер ме? Сіздер біздің қазақ жерін атажұрт санайсыздар ма?» – деп сұрадым олардан. Өйткені белгілі түрколог, венгр ғалымы Иштуан Қоңыр қазақ жерін «өз атажұртым» деп атап, өзін қыпшақ санаған. 

Тіпті о дүниелік болғанда қазақ жерінде жерлеу туралы өсиет айтып және туыстарының ол аманатты орындағаны да көпке мәлім. Сұрағыма ешкім ештеңе айтып жарытпады. Саясаттың салқыны адамдарға қалай әсер ететініне көзім тағы жетті... Қанағаттанарлық жауап ала алмадым, бірақ ерекше жауап күткенімді жасырмаймын. Өнер адамы болғандықтан шығар, көңіліме жақын жауап естігім келді. 

Артынан Иштуан Қоңырдың үйіндегі жеңгемізден осы Венгриядағы кейбір қыпшақтардың ішінара әлі күнге дейін қазақтарды жақын тартып, қазақтың жерін өздерінің атажұрты санайтындықтарын білдім.

Шоу-бизнес

Айқын Төлепберген Youtube платформасындағы Зamandas подкастына берген сұхбатында Қанат Бейсекеевтің...

Ауа райы

Синоптиктер Қазақстандағы 2024 жылғы 8 желтоқсанға арналған синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа ра...