Қожа Ахмет Ясауи кесенесі жайлы мәлімет беретін мобильдік қосымша іске қосылды

Жаңалықтар
1763

Түркістанда  Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен тарихи тұлғалар және  киелі орындар жайлы мәлімет алатын мобильдік қосымша іске қосылды. Android платформаларына арналған қосымша ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне тиесілі, деп хабарлайды "Мәдениет порталының" тілшісі.

Қосымша арқылы ғасырлар елегінен өтіп, бүгінгі күнге жеткен көне, тарихи құнды жəдігерлер мен оларды сақтау, қорғау, қайта қалпына келтіру, қорық-музейге қарасты тарихи-мәдени және рухани орындармен танысу және 3D-тур арқылы тамашалау, министрлік жаңалықтары мен музейдің атқарып жатқан жұмыстары жөніндегі ақпараттар алу, директор блогы арқылы байланыс орнату, музейге түсетін қаржы  және қонақтарға көрсетілетін қызметтер жайлы мәлімет алып, тарихи ескерткіштер жайлы ғылыми мақалаларды оқуға мүмкіндік қарастырылған. Айта кетсек, Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне спорт министрлігінің «Əзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мəдени қорық-мұражайы» РМҚК-ның қысқаша тарихы «Əзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мəдени қорық-мұражайы 1978 жылы 30 қыркүйекте «Республикалық Қожа Ахмет Ясауи кесенесі сəулет ғимараты музейі» болып ашылған. 

1989 жылы тамыздың 28 күні Қазақ ССР министрлер кеңесінің № 265 қаулысымен «Əзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мəдени қорық-музейі» болып құрылып, ҚР Үкіметінің 24.07.2015 жылғы ҚР Мəдениет жəне спорт министрлігінің республикалық мемлекеттік мекемелерін қайта ұйымдастыру туралы №585 қаулысымен «Əзірет Сұлтан мемлекеттік тарихи-мəдени қорық-мұражайы» РМҚК болып қайта құрылған.  

Қорық-музей өз жұмысын негізгі екі бағытта жүргізеді. Бірінші бағыты - Түркістан өңіріндегі тарихи-мəдени ескерткіштерді есепке алу, сақтау, қорғау жұмыстары. Тарихи-мəдени ескерткіштердің жалпы жер көлемі - 557,1935 га. Құрамында 99 тарихи-мəдени ескерткіш бар. Олардың ішіндегі 1–халықаралық, 16- республикалық, 14-жергілікті маңызға ие. Қалған ескерткіштердің статусы анықталу жұмыстары жүргізілуде. Халықаралық дəрежедегі Қожа Ахмет Ясауи кесенесі ортағасырлық теңдессіз сəулет туындысы ретінде 2003 жылы ЮНЕСКО-ның Бүкілəлемдік мұралар тізіміне алынған. Əлемдік маңызға ие болған ескерткіштің ұлттық пантеон ретіндегі алар орыны да айрықша. Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне 300-ден аса тарихи тұлғалар жерленген болса, қорық-мұражай мамандарының зерттеулері нəтижесінде сол тұлғалардың бүгінгі таңға 214-і анықталған. 

Қорық-музей қорында 25000 дана құнды тарихи жəдігерлер қордаланған. Олардың арасындағы жазба, археологиялық этнография жəне нумизматикалық тобына жататын жəдігерлердің талапқа сай сақталуы үшін соңғы үлгідегі арнайы құрылғылар сатып алынып орнатылды. Қор бөліміндегі еңбек ететін реставраторлар Ресейден арнайы біліктілікті жоғарылату курстарын оқып келген мамандар. Екінші бағыты – қорық-музей ретінде, ғасырлар елегінен өтіп, бүгінгі күнге жеткен көне, тарихи құнды жəдігерлерді сақтау, қорғау, қайта қалпына келтіру жəне оларды насихаттау жұмыстарын жүргізеді.   

Мобильді қосымшаны Google Play Market арқылы мына жерден жүктеп алуға болады.


madeniportal.kz

Жаңалықтар

Қостанай облысы Рудный қаласында құтқарушылар тереңдігі бес метрлік бункерді тазалауға түсіп, қайта...

ТЕАТР

XVIII ғасырдағы итальяндық скрипка өнерінің көрнекті өкілдерінің бірі, қырыққа жуық операның авторы,...